Бұдан соң зерттеуіңізде қойылған мәселені түсіндіретін
қандай да
бір идея немесе тұжырым, тезис беріледі. Бұл идея езіңіздікі болуы
мүмкін немесе сіз өз түсіндіруіңізбен ұсынған басқа адамның идеясы
болуы мүмкін. Осындай идея ұсынғаннан кейін, мәтіннің басты бөлігі
- аргументтерге көшесіз. Аргумент ретінде
қандай да бір мысалдарды
көптеп беру барлық жағдайда дұрыс бола бермейді. Мысалдарды жалпы
ережелердің, көзқарастардың керінісі ретінде немесе құрғақ логикалық,
теориялық тұжырымдарды жандандыру үшін қолдануға болады. Әрине,
мьюал ретінде заңнамалық құжаттар келтірілетін болса, әңгіме басқа,
себебі бұл мысалдар бұлжымасереже ретінде дәлелдеуді қажететпейтін
мысал бола алады. Мұндай ережені барлық ғылыми зерттеулерде
қолдануға келе бермейді.
Олай болса, аргумент қалай құрылуы керек?
Аргумент келтірудің көптеген жұмысқа тән әдісі мынадай: жұмыста
қандай да бір автордың (немесе авторлардың) ғылыми көзқарастары,
тұжырымдары талданады. Мысалы, белгілі ғалым қандай да бірғылыми
мәселені табысты шешті. Айталық, ғалым Ө.Айтбаев осы кезге дейін
жүйеленбеген қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдерін жүйелеп
керсетіпберді. Осыавтордыңзерттеулерініңнегізіндеоныңтұжырымдары
терминологиялық тұрғыдан сауатты, жан-жақты түрде
сіз қарастырып
отырған көзқарас, ұстаным тұрғысынан талданады. Бұдан кейін аталған
ғалым сөз болып отырған мәселені шешті. Біздің мысалымызда
Ө.Айтбаев қазақ терминологиясының зерттелуіне жаңа дерек қосты
деген шешім келтіресіз. Олай болса, сіз де
өз жұмысыңыздың міндетін
орындадыңыз. Сырт қарағанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, зерттеу
жұмысында жетіспейтін нәрсе бар, ол - мәселеге деген сыни көзқарас.
Бұл жағдайда сіз қандай да бір ғалымның (ғалымдардың) теориялық
тұжырымдарын баяндап беріп отырсыз. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ
жұмысыңыз тек реферат сипатында ғана қалып отыр. Кез келген
ғылыми жобада
реферат элементі болуы тиіс, алайда кәсіби жұмыс
үшін бұл жеткіліксіз. Сіздің мәтініңізде келтірілген ұстанымдарға
қатысты сыни баға болуы міндетті. Сыни аргументсіз жақсы жұмыс
шықпайды. Сыни аргументті түрлі тәсілдер арқылы беруге болады.
Мысалы, түрлі авторлардың көзқарастарын қарама- қарсы қойып, екі
кезқарасты салыстыру арқылы өз ұстанымыңызды көрсетуге болады.
Келесі тәсіл - мүлде басқаша. Сыни аргументті бірінші жақтан беріп, өз
тұжырымдарыңызды теориялық дәйектемелер арқылы дәлелдеп
беруге
болады.
Егер сіздің зерттеуіңіз эмпирикалық сипаттағы жұмыс болса,
құрылымы сәл езгереді. Алдымен, зерттеу тақырыбыңызға байланысты
қандай да бір тезис ұсынылады. Кейін қолданылған деректердің сипатын
ашатын әдістемелік белік жазылуы тиіс. Соңында эмпирикалық зерттеу
нәтижелері талданады. Мысалы, сіз
«Қазіргі жастардың құндылықтар
Достарыңызбен бөлісу: