Экологиялық жүйе, экожүйе — тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі Артур Тенсли. А. Тенсли экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек
Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.[1] Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т.с.с.
Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.
Өрттен кейінгі орман алқабы
Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр - түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі. Сор топырақты жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөлді жердік топырағында әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.
Эфемерлер - көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Эфемероидтар - даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер түрі. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Өсімдік бірлестігінің алмасуына адамның іс-әрекеті үлкен әсер етеді. Мысалы, ағаштарды кесіп құртыуынан немесе орманның өртенуінен ормандағы ағаш тұқымдары ауысады. Егер орманның жоғары белдеуінің ағаштарын кессе, күн сәулесінің түсуі өзгергендіктен, орман бірлестігіндегі өсімдіктер жаңа бір бірлестікпен алмасады.
Фитоценоздың өзгеруі периодты және периодсыз түрде болады, яғни әр-түрлі жылдарда ылғалдың бірдей түспеуіне, жануарлар санының өзгеріп отыруына байланысты болады.