Ғылым
салаларының
өздері
жеке
ғылымдарға
белінеді.
Жаратылыстану ғылымдарының күрамына - механика, физика, химия,
биология; қоғамтану ғылымдарына - тарих, экономика, құқықтану,
психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар
ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика оптикаға, қатты денелер
физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия
барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық
кезеңцерінде өзін көрсетеді.
Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін
төрт қажетті элементтен тұрады:
•
ғылым субъектісі - ғалым. Ғылым субъектісі жеке адам немесе
ғылыми ұжым болуы мүмкін;
объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми
пәннің зерттейтін нысаны;
•
ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен
тәсілдер жүйесі;
•
табиғи немесе жасанды, езіндік қолтаңбалы тіл (белгілер,
терминдер, символдар, химиялық формулалар).
Достарыңызбен бөлісу: