Динамика. Ньютон заңдары



бет1/7
Дата27.09.2023
өлшемі342,25 Kb.
#110654
  1   2   3   4   5   6   7

Динамика. Ньютон заңдары.

Динамиканың мақсаты

  • Динамиканың мақсаты
  • Динамика дене (нүкте) қозғалысының себебін, оның заңдарын тексереді.
  • Барлық қозғалыс салыстырмалы, өйткені әртүрлі санақ жүйесінен қарағанда бір қозғалыстың өзі, оның себептері түрліше түсіндіріледі. Ал кейбір санақ жүйесі тұрғысынан қозғалыс себебі оңай түсіндіріледі. Сондай санақ жүйелерінің бірі Жер.
  • Динамика механиканың негізгі тарауы, ол Ньютон заңдарына негізделеді. Бұл заңдар оған дейінгі ғылымдардың және Ньютонның өзінің бақылауларының ғылыми тұжырымы ретінде оның 1687 ж. шыққан «Табиғи философияның математикалық бастамасы» деген еңбегінде келтірілген.
  • Онда динамиканың негізгі мақсаты- материалдық нүктенің оны қоршайтын денелермен әсерлесуі белгілі болса, оның қозғалыс заңын анықтау, яғни оның координаттары уақыттың функциясы ретінде өрнектелетіндігі айтылады.
  • Әрине материалдық нүктенің қозғалыс заңы белгілі болса, онда оның қоршаған денелермен әсерлесу сипатын білу динамиканың екінші кезеңдегі мақсаты болмақ.
  • Бұлардың екеуінің де шешуі Ньютон заңдарын қарастырмас бұрын кинематикалық шамалардан басқа (координаталар, жылдамдық, үдеу) динамикалық параметрлер (күш, масса) ұғымын енгізуіміз керек.

Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі

  • Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі
  • Кез – келген денелердің жылдамдығы шама жағынан да, бағыты да оған басқа денелер әсер еткенде ғана жерге қатысты өзгереді. Айталық, жоғары лақтырылған доптың үдеу алу себебі біздің қолымыздың бұлшық еттерінің әсерінен болады. Оны қағып алып, тоқтату үшін де қолмен әсер етеміз.
  • Атылған оқ от алған газдың әсерінен жылдамдық алса, ауаның салдарынан жылдамдығын азайтады. Жоғары лақтырылған тастың жылдамдығы жердің тарту күшінің салдарынан кемиді. Осы айтылған мысалдарда және басқа да денелердің жылдамдықтарының өзгеруі, яғни үдеу алуы сол денелерге басқа денелердің әсер ету салдарынан.
  • Егер сол денеге басқа денелер әсер етпесе не болар еді? Онда дене жерге қатысты тыныштықта, немесе оған қатысты бірқалыпты және түзу сызықпен, яғни үдеусіз қозғалар еді.
  • Әрине сыртқы әсерді мүлде жоғалту мүмкін емес. Әсіресе қозғалатын дене мен екінші дененің арасындағы үйкелісті жою мүмкін емес. Жазық бетпен домалаған болат шардың жолына құм сепсек, ол тез тоқтайды. Егер сол шарды жылтыратып өңдеп, жазық шынының бетімен домалатсақ, ол қозғалысын, әрі жылдамдығының шамасын ұзақ уақыт сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет