Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


М.Мырзахметовтің Абай және исламиятқа қатысты зерттеулерін саралаңыз, ақынның мұсылмандық шығыстың рухани әлеміне қарым-қатынасы туралы түсіндіріңіз



бет32/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

20.М.Мырзахметовтің Абай және исламиятқа қатысты зерттеулерін саралаңыз, ақынның мұсылмандық шығыстың рухани әлеміне қарым-қатынасы туралы түсіндіріңіз.
М.Мырзахметұлы – абайтану әлемінде өзіндік қолтаңбасымен айқындалып, абайтану асқарын биік-биік заңғарларға көтерген ғалым. Абайтану әлемінде ешкімге ұқсамайтын һәм ешкімді қайталамайтын бедерлі бейне қалдыруымен қатар, ұлттық рухты, ұлттық сана мен ұлттық мүдде жолында тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан азамат екендігі баршаға аян. Өткен тарих қойнауы мен әдебиет дүниесіне тереңнен үңіліп, көз тастасақ, дана Абай туралы әрі оның рухани мұралары хақында зерттеулер жүргізіп, салиқалы ой, салмақты сөз айтпаған зерттеуші кемде-кем.
Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу еңбектерінде абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, иасауитанудың, Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері, Абай мұрасының шығыспен байланысы 1965 жылдан бастап терең зерттеле бастады. Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздері оның исламға, адамгершілік мұраттарына қатысты зерттеліп ашылды. Абайдың “толық адам ілімі” арқылы дәстүрлі жалғастық тауып даму жолдары жәуанмәртлік, яғни иманигүл(үш сүю) жайындағы Абай танымдары негізінде талданып‚ бір жүйеге түсірілді.
Абайдың суфизмге қарым-қатынасын білдіретін аса күрделі де қиын мәселенің бірі – исламият пен суфизмдегі Алланы сүюге байланысты таным болып келеді. Ойшылдың сопылықпен байланысының зерттелуі жайында М.Мырзахметұлы: «Абай мұрасының жалпы суфизмге, оның ішінде Иасауидің сопылық танымымен қарым-қатынасы жайлы мәселе абайтанудың жүз жылдық тарихында тікелей де, жанама түрде де сөз болып пікір айтылған емес» , – дейді. Ойшыл-ақын өзінің «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты өлеңінде махаббатпен жаратқан Құдай Иеңді шын жүрекпен, бүкіл жан дүниемен, барлық ақыл-оймен шексіз сүюді, сонымен қатар, өзіңді сүйгендей, барлық адамзат баласын өз бауырыңдай сүйіп, әділдік жолын берік ұстануды өсиет етеді. Бұл ақын дүниетанымында орын алған үш сүю немесе иманигүл деп аталатын күрделі ұғымның бірі. Осы үш сүюді М.Әуезов Абайдың «адамгершілік турасындағы үгіті», «мораль философиясы» деп бағалайды. М.Мырзахметұлы академик-жазушының аталмыш тұжырымын «Абай және Шығыс» еңбегіне арқау ете отырып, Абай танымындағы иманигүлдің бірінші сүюі жаратылған пенде өзінің Жаратушысын махаббатпен сүюіне негізделетінін талдап береді
Абай және мұсылмандық Шығыс дүниесі М.Мырзахметұлының ғылыми сарабынан өткен күрделі һәм толымды та- 4 қырыптардың бірі. Ғалым аталмыш бағдардағы ұзақ жылдық өнімді ізденісі мен тың талпынысын, ғалымдық қажыр қайратының жемісін «Абай және Шығыс» монографиясында көрсетті. М.Мырзахметұлы Абай дүниетанымын Шығыс әлемінің жарық жұлдыздары әл-Фараби, Руми, Науаи танымдарының рухани сабақтастығымен байланыстырып, Әл-Фараби және Абай пікірлерінің түпкі тамырластығын деректер легі арқылы анықтады. Әл-Фараби қолданған «жан қуаты» тәрізді философиялық мәнге ие терминдер Абайдың өлеңдері мен 7, 17, 27, 38, 43 қара сөздерінде қазақы ұғымға сай балама сөздермен берілуін, Әл-Фараби мен Абайдың ғылымды классификациялау принциптерінің өзара үндестігі мен бір тектес келуін кешенді зерделеді. Абай дүниетанымындағы «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жарығы», «жан қуаты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири», «иманигүл», «толық адам», «пенділіктің кәмалаттығы» тәрізді күрделі шығыстық ұғымдарға сындарлы ғылыми тұжырымдар жасады. Ойшыл танымындағы жүрек культі мәселесі М.Әуезов зерттеуінің негізгі нысаны болғандығын саралады.
Өзінің ұзақ жылдық зерттеу еңбектерінде абайтану саласына қатысты ұшан-теңіз еңбектерін және қазақ ғылымының өрлеу жолына сүбелі үлес қосты. Атап айтар болсақ, «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», «Абай жүрген ізбенен», «Абайдың адамгершілік мұраттары», «Абай және Шығыс», «Абайтану тарихы», «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю», «Әуезов және Абай», «Түркістан Тараз арасы...», «Тараз Ой толғаныстары», «Түркістанда туған ойлар» сияқты тағы басқа зерттеу еңбектері – қазақ әдебиеттану әлеміндегі шоқтығы биік құндылықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет