Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет7/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Кәләмға көңіл қандырған.

Жамағат жиған алқалап,

Салауат айтқан Аллалап.

Зікірмен зарлап түн қатып,

Нәпсісін шапқан балталап.

Шайтанды сеспен қашырған,

Көкірек көзі ашылған, - деп қазақ халқының діни танымы сопылық арқылы қалыптасқандығы белгілі. Демек, сопылық танымды жоққа шығару деген сөз, бүкіл қазақ халқының дүниетанымын, тарихын, мәдениетін және діни тәжірибесін жоққа шығарумен тең болады. «Сыр сүлейлері» деп аталатын сыр бойы ақын-жырауларының бірі болған Қарасақал Ерімбеттің:

Әуелі сұра, тілім медет Хақтан.

Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан

Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,

Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан, – деп жырлаған. Қазақ поэзиясында шығыстық сарындағы ақын-жыраулардың ішінде Сыр өңірі жырауларының алатын орнына көптеген зерттеушілер де жоғары баға берген. (Өздерің білетін Абай,Шәкәрім т.б. қосып жібересіңдер ғой есче)


  1. Ақын-жыраулар шығармаларындағы Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с)бейнесін зерделеңіз, олардың ұқсастығы мен айырмашылығының аражігін ажыратыңыз.

...Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ардақты тұлғасы мен көркем мінезін, ерекше қасиеттері мен пайғамбарлық мұғжизасын насихаттау - мұсылман шайырларының басты назарында тұрды. Исламның алғашқы жылдарында араб тілінде жазылған мадақ жырлар бертін келе Ислам дінінің таралу аймағының кеңеюімен ажам (арабтан өзге халықтар) халықтарының әдебиетінде де көрініс тапты. Әсіресе парсы мен түркіден шыққан шайырлар Алла елшісінің асыл қасиеттерін асқақтата жырлап, мұсылман үмбетінің жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншілікті оята білді.


...Осылайша Мұхаммедтің (с.ғ.с.) асыл қасиеттерін өлең сөзбен өрнектеу – түркі жазба әдебиетіндегі басты тақырыптардың біріне айналды.
.... Тіпті хадистанушы ғалым Әбу Иса Термизидің «Пайғамбардың ерекше қасиеттері» («Әш-Шәмайил ән-нәбәуийә») дейтін еңбегінде Алла елшісінің Абдулла ибн Рауаханың өлең жолдарынан мысалдар келтіріп сөйлегені туралы деректер берілген. Сондай-ақ осы еңбекте сол заман шайыры Умаййаның жыр жолдарынан жүз бәйтін тыңдаған пайғамбардың ақын өлеңдеріне жоғары баға берілгені де жазылған.
...Исламның алғашқы жылдарындағы ақындар шығармашылығын зерттеген Иран ғалымы Хакими Мұхаммед Реза пайғамбар заманында отыз үш шайыр болған десе, Сирия ғалымы Шейх Набахани Бейрутидің төрт томнан тұратын «Пайғамбарды мадақтаған өлеңдер жинағы» деген еңбегінде Алла елшісіне арнау жазған елу шайырдың өлеңдері берілген. Сондай-ақ Ирак ғалымы Уәлид әл-Ағзами өзінің «Пайғамбардың ақындары» деген еңбегінде пайғамбар заманында бір жүз он үш ақынның өмір сүргенін алға тартқан. Ал Риядта жарық көрген Әбу Исхақ әл-Қируанидің «Пайғамбар мен әділетті төрт халифа заманында Исламды үгіттеген шайырлар» атты зерттеуінде Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли секілді төрт шадиярдың да өлең сөзге жақын болғандығы айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет