Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Ақын-жыраулар өлеңдерін саралаңыз, оның діни-пәлсапалық негіздерін түсіндіріңіз



бет6/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Ақын-жыраулар өлеңдерін саралаңыз, оның діни-пәлсапалық негіздерін түсіндіріңіз


Мұсылманшылықтың абзалы жүректегі иманның дүние тіршілігінде көрініс табуында екендігін жақсы түсінгендіктен Әбубәкір Кердері: «Мұсылманшылық кімде жоқ

Тілде барда, ділде жоқ» - деп, ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Демек, адамның ішкі жан-дүниесі сыртқы дүниенің негізі және сыртқы дененің әрекетінің қозғаушы күші болып табылады.
Шәкәрім қажының түсінігінде, Хақты көру үшін пенде зікірге мас болып, жүректі тазалау керек:


Көрем десең Жарымды, мас бол, жүрек тазала.

Өртеп жібер барыңды, Қарсы ұмтыл қазаға. Шәкәрім қажы бұл өлеңінде Жаратушыны - Жар деп алған. Ал, Ясауи оны көбінесе Хақ атауымен берген.

Хақ жамалин курай десаң фана болғыл,

Фана болып, хақ жамалан курдим ман-а.
Сондай-ақ Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:


Сопылық деген ауыр жол,

Пендеге зарар етпеген,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Сопылықты іздесең

Дүние қуып кетпеген...

Оқыған көп ғалым бол.

Аллаға ғашық дос болған,

Атқан оққа төзгендей,

Шайтанменен қас болған,

Қара тастан қалың бол, - деген екен. Осыған ұқсас өлең тармақтары бірнеше ақын-жырау шығармаларында кездеседі. Әрине, жырауларының барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол беріп, зікір салған деп айта алмаймыз. Бірақта олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрінісі байқалады. Қасиетті Құранның «Ниса» сүресі 103-аятында «Намаздарыңды өтегеннен кейін Алланы тұрып та, отырып та, жантайып та еске алындар (зікір етіңдер)» осындай аяттарға байланысты ақын-жырау Ақтан Керейұлы:

Шариғат шамын жандырған,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет