"Қиссасу-л-Әнбия" - әдеби ескерткіш. "Оны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи автордың бүркеншік аты, шын аты-жөні Насредин Бурһанетдин. Ол бұл еңбекті Рабат шаһарының әкімі, бек Насыретдин Тоқбоғаның тапсыруымен жазған. Кітапқа ертедегі түркі халықтарының қисса-хикаялары мен аңыз-ертегілері, өлең-жырлары негіз болған. Еңбекте барлығы 79 шығарма қамтылған. Олар тақырып, мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа бөлінеді: