Орхон ескерткіштері – Түркі қағанатының тәуелсіздігі, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу негізінде туған. Олар: Түркі қағанатының негізін құраған Бұмын қаған, Елтеріс қаған, Елтерістің ақылшы, кеңесшісі Тонұқұқ жырау, әкесі Елтеріс өлгеннен соң жиырма төрт жылдан кейін таққа отырған Білге қаған, әскербасы Күлтегін. Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап тасқа қашалып жазылған әдеби мұралар. Жырда түркі халқының тауғаштарға – қытайға қараған түркі тайпаларына – тәуелді болу себебі ел ішінде береке-бірліктің болмауынан екені баса айтылған. Елге тәуелсіздік әперу үшін бел шешпей күрескен Білге қағанның ерлігі жырда:
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым, –
деген жыр жолдарымен берілген.
Жырда әскербасы болған Күлтегін тұлғасы да ерекше жырланған. Күлтегін 47 жаста қайтыс болғанда, оның қазасына халықтың қайғыруы да барынша нанымды берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |