Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет22/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Қожа Ахмет Иассауи (1094 - 1167) – ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері – Яссы, қазіргі Түркістан қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамьар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл өмір сүрген. Ел осы «Әзірет Сұлтан» дейді. Арада екі ғасыр өткен соң Әмір темір ол кісінің қабірі басына атақты кесене орнатқанын айтқан едік. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп, дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Негізгі еңбегі – «Диуани хикмет» (Даналық кітап). Қожа Ахмет Иассаудің қазақ жерінде зор беделге ие болғанын айттық. Білімін Бұхарада толықтырған. Өзін Арыстан Бабтың шәкірті деп есептеген. Дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. Арыстан Бабпен өзі арасында сабақтастықты ұстаған. Қожа Ахмет Иассауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұщтастырған. Сондықтан Қожа Ахмет Иассауи шығармаларында Алла (ислам), Құдай (Зороастра), тәңір (шамандық) діндеріндегі түсініктер бірін – бірі жалғастырып, бірдей, қатар қолданылады. Әулиелерге сиыну, түнеу әдеттерін де қабылдап, елге таратады. Бұл да Қожа Ахмет Иассауидің ел арасында беделінің артуына себепкер болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет