Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Сопылық ағымның қазақ ақын-жыраулар поэзиясына әсерін түсіндіріңіз, олардың шығармаларындағы сопылық сарынның көрінісін саралаңыз



бет37/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Сопылық ағымның қазақ ақын-жыраулар поэзиясына әсерін түсіндіріңіз, олардың шығармаларындағы сопылық сарынның көрінісін саралаңыз.

ХҮ-ХҮІІІ ғасырлармен белгіленетін хандық дәуірде қазақ дүниетанымының қалыптасуына сопылықтың әсері зор болды деп айта аламыз, өйткені ата-бабадан мирас болған көп жергілікті наным-сенімдер тек сопылық арқылы ислам дініне сіңген. Алайда осы дәуірдегі поэзия үлгілерін сопылық тұрғыда қарастыру өте қиын мәселе. Бұл туралы ғалым М. Мырзахметұлы былай дейді: «Қазақ хандығы тұсындағы ХҮ–ХҮІІІ ғ. қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері шығармаларында сопылық танымның сарындары белгілі дәрежеде белгі беріп отыратыны бар. Бірақ олардан қалған әдеби мұраның жазбаша не ауызша сақталып толық жетпеуі себепті, олардың поэзиясындағы сопылық танымның белгілерін жүйеге түсіріп барып танып білудің өзі қиындық тудыруда». Сондықтан да сол заманда жасаған қазақ ақын-жырау шығармаларында сопылық әдебиет элементтері жоқ болғанымен, діни дүниетанымның күрделілігі сопылықтың байланыстырғыш қасиетімен белгіленеді.

Ақын-жыраудың туындысын сопылық поэзияға жатқызбастан бұрын, қазақ әдебиеті үшін сопылық әдебиеттің негізгі белгілерін анықтап алғанымыз жөн. Йасауи, Бақырғани, Хорезми, Сопы Аллаяр шығармаларын сопылық тұрғыда талдауда үш белгіні басшылыққа алдық: ақынның сопылық әлеммен байланысы; сопылық әдебиет белгілері – мотив, образ, термин т.б.; шығармалардың сопылық мазмұны. Қазақ әдебиетінде Йасауи, Бақырғани, Сопы Аллаярдан басқа еш ақын тағдырын не болмысын сопылық жолмен байланыстырған жоқ.

Асан Қайғы жырларында адамгершілікке деген үндеу стилі сопылық үлгіге көп ұқсас: ойды тура айтпай ишара, меңзеу арқылы, пайымдарын жеткізуде параллель қолдану, әр сөзге астарлы мағына телу, екі ұшты сөйлеу, аз сөзбен көп мағына беру, ассонанс, аллитерацияны қолдану сияқты нақыштар Йасауи стиліне жақын.

Асан Қайғыдан кейін жасаған Қазтуған (ХҮ ғ.), Доспамбет (ХҮІ ғ.), Ақтамберді (1675- 1768), Жиембет (ХҮІІ ғ.), Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Тәтіқара (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей (1706-1778) сияқты жырауларда сопылық тезаурус жоқ.

Қазақ жыраулары имандылықты адамдарды біріктіретін, адами қатынаспен реттейтін күш деп біліп, жаушылықта өмір сүрген адам дүниетанымына сай интерпретациялап, көбіне ел қорғау және адамгершілік қасиеттермен байланыстыра жырлаған. Бұл интерпретация негізінде сопылық ұғымдар да трансформацияға ұшырап, өз заманына лайық өзгеріп отырғаны байқалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет