21.Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасының зерттелуін саралаңыз, маңыздылығын анықтаңыз.
Кейінге дейін догмалық көзқарас, қисық, сыңаржақ түсініктер құрбаны болып, көзден таса, қалтарыста қалып келе жатқан қазақ əдебиетінің мол рухани қазыналарының бірі - кітаби ақындар шығармашылығы болатын. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы əдебиет ерекше тоқталуды, аса ұқыпты зерттеуді қажет ететін, əр қилы көзқарасты сан алуан бағыттарды топтастырған көп қырлы əдебиет. Қазақ халқы (қоғамы) бұл тұста ауыр əлеуметтік - экономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың көзі ашық, көкірегі ояу оқыған азаматтарының əр түрлі көзқараста өсіп жетілуіне əсерін тигізді. Қоғамдық ахуалды бағалаудағы түрлі көзқарастың əсерінен, қалыптасқан түрліше дүниетаным ықпалынан əдебиеттегі сан салалы ағымдар келіп шықты. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы əдебиет қолданған əдеби тəсіліне, ұстанған бағыт- бағдарына орай танылмай жүр деуге келмейді. Дегенмен Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған біраз қаламгерлердің туындылары өз деңгейінде бағаланбай келді. Еліміз егемендігін алып, өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік болып жатқан кезеңде бұл дəуірдегі ірілі-уақты ақын, жазушылар жаңа көқараспен қаралып, жоғары бағалануы тиіс. Сондай жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін əдеби ағым өкілдері- кітаби ақындар. Бұлар - алды елуден аса, соңы төрт-бестен дастан жазған ерекше дəстүрлі, діни- ағартушылық бағыттағы ақындар.
Ресми патша үкіметі ішкі Ресей зəрулігін шеше алмай отырғанда, шеткері аймақтардың дүниеге ашық көзбен қарауына мүдделі бола қойған жоқ.Сондықтан қазақ секілді Шығыс ұлтына əліпби үйретіп, жаратылыс құбылыстарын түсінуіне мұрындық болған ұстаз ағартушы іспетті ислам дінін тұншықтырумен шұғылданды. Дəл осы кезеңде əдебиет сахнасынадіни ағартушылық бағыттағы ақындар келді. Бұл діни- ағартушылық ағым XIX ғасырдың екінші жартысында өзінің үлкен прогресшіл ролін танытты. Оның Ақмолла, Мақыш, Нұржан, Əбубəкір, Шəді, Мəшһүр секілді өкілдері сол кезеңдегі қоғамдық ақыл ойға ықпал етті.- дейді зерттеуші У.Қалижанұлы
Шəді ақынның əдеби мол мұрасы əлі де зерттеуді қажет етеді. Шəді Жəңгірұлы жазған əдеби жəдігерлер қазақ, өзбек. Қарақалпақ, түрікмен халықтарына ортақ деп айтсақ арттықтығы жоқ. Өйткені, сол елдердің ауызша, жазбаша қазыналарын Шəді жете меңгеріп, пайдасына жарата білген, шайырлармен араласып, ақындық шеберлігін ұштаған адам. Шəді Жəңгірұлының аты М.Əуезовтің, Б.Кенжебаевтың, Р.Бердібайдың,Х.Сүйіншіəлиевтің,Н.Келімбетовтың.Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның, С.Дəуітовтың еңбектерінде айтылады. С. Мұқановта да Шəді Жəңгірұлы туралы мағлұмат беріледі.Қазақ əдебиетінің тарихында:...Шығыс əдебиетінің нұсқаларын əңгіме-өлең, поэмадастан етіп жазған, ел арасында айтылып жүргендерін өзінше өңдеп, жинап бастырған Шəді Жəңгіров, Ақылбек бин Сабал, Мəулекей, Жүсіпбек Шайхисламов сияхты бірнеше ақынды атауға болады.-делінген. . Өз ортасында Шəді төре атымен белгілі болған ақынның əкесінің аты бірде Жəңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шықан кітаптарында Шəді Жəңгірұлы деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты Шəді Жаһангирұлы болып көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |