Қазақ даласында ислами әдебиеттің тууының алғышарттарын саралаңыз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталынады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты. Ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Ислам діні тараудан бұрын және ислам діні алғаш тарай бастаған мезгілінде, қазақ сахарасында ежелгі таным-нанымдардың, соның ішінде шаман дінінің салт-саналары, қазақтың тіпті рулық қауымынан келе жатқан мифтік аңыздары мен түсініктері өте көп болған. Ислам діні әлі толық тарай қоймаған кездерде мұның бір қыдыруы жаңа дінмен жарыса жүрген. Ислам діні жұртқа жайылған соң қазақ арасында молда-қожалар көбейіп, бұлардың бәрін «исламға жат, мажусилік қылапат» деп танып, мұны істегендер «аллаға жазықты болады, тозаққа түседі» деп тиым салып, қудалап отырған. Ислам медреселерінен білім алған жоғары жіктегі сауатты жастарда бұларға теріс көзбен қараған. Бұл жәйітті 1862 жылы Ш.Уалиханов: «фанатик татарлар тәрбиелеген сауатты балалар арғы ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын аса жек көріп, кез-келген жерде ол әдет-ғұрыптарды қудалап, тиым сала бастады» деп жазған еді. Осы айтылған себептерге байланысты бұлардың көбі ұмыт болып жойылып, қалғандары бұрынғы беделінен айырылып, исламдық ұғымға үйлесіп, ырым-жырымдарда сақталып келеді.
Ислам дінінің ұлан-байтақ Орта Азия өңірі мен қазақ даласына таралуы, бұдан бұрын бұл өңірлерде өмір сүрген көп дінділікті бір дінділікке, көп тәңірлік дінді бір тәңірлік дінге өзгертті. Ислам қазақ даласына араб, парсы мәдениетінің ықпалын ала келді. Бұл ықпал қазақ қауымының сахара мәдениетімен ұштасып, олардың әлеуметтік мәдениетіне әсер-ықпал жасады. Ұлт аралық мәдениет алмастырудың мүмкіндігін молайтты. Х-ХІ ғасырларда ислам дінінің қазақ даласына тарауы, одан бұрын бұл өңірде қолданылып келген көне түркі (Орхұн) және көне ұйғұр жазуын бірте-бірте ығыстырды, араб жазуы үстемдік орынға өтті, өстіп ислам дінінің таралуына байланысты қазақтар араб жазуын қолданды. Араб тілінің заңдылығына негізделген бұл жазудың бірқыдыру әріптері қазақ тілі фонемасында жоқ еді, ал, араб жазуындағы екі дауысты дыбыс таңбасы (а, о) қазақ тілі фонемасындағы тоғыз дауысты дыбысты бейнелеп бере алмады, оның үстіне араб әліппесінде бір әріптің екіден төртке дейін түрінің болуы оқу-жазуда қыруар қиыншылықтар туғызды. Бұл жазу көп уақыт бойына өз қалпында қолданылып келіп ақырында артық әріптер алынып тасталып, жоқ әріптер қосылып, араб әріпі негізіндегі қазақ жазуы жасалды. Бұл жазу Жұңго қазақтарында қазірге дейін қолданылып қазақ халқының әлеуметтік мәдени-ағарту жұмысы үшін үлкен қызмет атқарып отыр.
Ислам діні таралғаннан кейін қазақ арасында діни оқу басталды. Қазақ ауылында атақты ру-тайпа бастықтары мен бай-манап қажылар және молда-қожалар «сауап» үшін ашқан жекеше көшпелі медреселер болды. Бұл медреселерде хат таныту, «иман шарттарын» үйрету, құран оқыту, намаз қағидаларын үйрету негіз етілді. Бұдан ілгерілегенде, «түрки оқу» деп аталатын араб тілінен «шағатай» тіліне аударылған дін қағидалары оқытылды. Бұдан соңғы басты сабақ: араб тілі (фонетика, морфология, синтакис) болды. Осыларға қоса «Хадис», «Құран тәпсірі», «Ислам тарихы» өтілді. Оқушылар әдебиет білімін игеру үшін жоғарғыларға қоса парсы тілін де оқитын болды. Араб-парсы тілдерін оқушыларға ұғындыру үшін қазақ тілі де жарыса жүріп отырды. Бұл медреседе оқитындардың басым көпшілігі қазақтың жоғарғы жігінің балалары болды. Жоғары жіктің балаларына күтуші, молда-қожаларға жалшы бола жүріп (молда болып күн көру үшін) оқыған кедей балалары да болды. Бірақ бұлардың саны тым аз еді. Ескі медреседе бірнеше тілдің қатқабат қарақұрығы, оқыту әдісінің ғылыми болмауы, догмалық жаттампаздық – оқу өнімділігіне үлкен кедергі болды. Тіпті жай сауатты болудың өзіне бірнеше жыл кетті. Оның үстіне көшпелі медреселер қазақ даласында оқта-текте кездесетін, олардың көлемі шағын, оқуы тұрақсыз еді, көбінесе, тек қыста ел қыстауларына орнығып болған мезгілде ғана біршама баяндап оқитын.
Жоғарыда айтылған себептер салдарынан «XVI-XVII ғасырларда негізінен алғанда феодалдық жоғарғы топтың уакілдері – хандар, сұлтандар, молдалар мен қожалар ғана сауатты болған еді... ата-анасы ауқатты болған балалар Бұқараға, Самарханға және Орта Азияның басқада қалаларына барып, араб тілін, араб философиясы мен Шариғатты, Орта ғасырлардағы мұсылман авторлары араб, парсы және шағатай тілдерінде жазған трактаттарды оқып үйренді» .
Осы медреселерде оқып білім алған қазақ оқушыларынан, дағдылы діни ғұламалардан тыс, әйгілі әдебиет, ғылым қайраткерлері де шыққандығы мәлім. Бұл жөнінде, XVI ғасырдағы қазақ ғалымы, тарихшы және жазушы Қыдырғали Жалайыриды (1530-1605) атап өтуге болады. Қыдырғали қосынұлы Жалайыри өз заманындағы медреселерде оқып, өзінің ана тілі болған қазақ тілімен қатар, араб, парсы тілдерін жете игерген. Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылым-білімдерін терең білген. Ол: «мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітаптарды оқыған адаммын» деп жазған. Қыдырғали Жалайри XVI ғасырдағы Қазақ хандығының орда сарайында қарашы (ақылшы), жас ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Кітаби бюілімдер мен бірге өзі шыққан қазақ халқының аңыз-әңгіме, тарих-шежірелерін жеттік білген. Ол 1600-1602 жылдары «Жамих ат-тауарих» кітабын араб жазуымен қазақ тілінде жазған (1854 жылы қазанда басылған). Онда XV-XVI ғасырлардағы қазақ тарихы баяндалған. Бұл шығарма қазақ тарихы прозасының тамаша ескерткіші есептелді .
Ислам дінінің әсер-ықпалы, ислам медреселерінде араб-парсы тілдерінің оқылуы, араб, парсы және шағатай әдебиеттерінің әсері арқылы бір сыпыра араб-парсы сөздері қазақ тіліне енді. Бұл сөздердің ішінде: Алла, ислам, дін, пайғамбар, иман, намаз, парыз, уәжіп, қазы, имам, шариғат, бейіс, жаһанам, ахирет сияқты дініи сөздерден тыс, мәдениет, әдебиет, ақиқат, әделет, бақыт, дүние, табиғат, ғылым, кітап, дәстүр, қағида, т.б. әлеуметтік сөздерде мейілінше көп болды. Бұлар қазақ тілінің сөздің қорын байытуға қызмет етті.
Араб-парсы тілінен қазақ тіліне енген сөздердің қаншалық, екендігі жөнінде Л.З. Рұстемовтың «қазіргі қазақ тіліндегі араб, парсы кірме сөздері» деген кітабында санды мәліметте берілген. Онда былай дейді: біз «Қазақ әдебиеті» газетінің бір санының лекциясына сандық талдау жасап, мыналарды анықтадық: газеттегі 12236 сөздің 9567 яғни 78%-ы қазақ сөздері, 1779 сөз немесе 14,4%-ы араб-парсы элементтері, 940 сөз, яғни 7,6%-ы орыс және интернатсионалдық сөздер болып шықты». Бұл мағұлматтың анықталуына қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері орыс тілінен енген сөздерден бір есеге жуық көп (14,4 % және 7,6%). Бұл жағдайды ислам діні мен араб-парсы әдебиетінің қазақ тіліне жасаған әсерінен бөле қарауға болмайды.
XV-XVI ғасырларда қазақтарда ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи аңыз мазмұнындағы кітаптар түрінде тарады. Феодалдар мен дін басылары арасында «сопы Аллаяр», «Бадауам», «Хисасұл - Әнбия» сияқты шығармалар мәлім болды. Олардың бәрі исламның діни мистикалық ілімі айтылатын шығармалар еді; Олар нақты дүниеден, өмірден безуге шақырды, «тағдырға көну» идеясын уағыздады, бұл кітаптың кейбіреулерінде тарихи-аңыз, тұрмыстық және этнографиялық сипаттағы қызықты фактілер бар [48].
Ислам медреселерінен оқып білім алған қазақтың «кітаби» ақындары араб-парсы тілдерін жақсы білетін еді. Олар араб-парсы тіліндегі әдеби шығармалардың негізгі сюжетін алып қазақ тілінде және қазақ жырларының үлгісінде қайта жырлап қисаға айналдырды. Бұл «Назиралық қисалар» деп аталды. Олар күн шығысқа көп тараған «Жүсіп-Зылиқа», «Хұсырау - Шырын», «Ләйлі-Мажнүн» дастандарын «мың бір түн», «шаһнама», «\тотынама», «Қырық уәзір» сияқты кесек шығармалардың оқиғаларын алып оларды қазақ тілінде жаңғыртып жырлады. Бұлардың қатарында Ислам дінін уағыздайтын «Михражнама», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Сейтбаттал Ғазы», «Хазіреті Ғали» сияқты діни қисаларда болды.
Қазақтың байрығы батырлар жыры, ғашықтық жыры және сюжеті шығыс әдебиетінен ауысқан назиралық қисалары XVIII ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейін Қазан, Ташкент, т.б. қалаларда араб жазуымен қазақ тілінде басылып тарады. «Қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар (1807-1917) деген көрсеткіште 499 кітаптың тізімі берілген... Бұл аз дүние болмаса керек. Соның 771 –сы 1860-1900 жылдары аралығында шыққан. 1860-1870 жылдарда 5 кітап; 1870-1880 жылдарда 17 кітап; 1880-1890 жылдарда 37 кітап; 1890-1900 жылдарда 117 кітап; 1900-1917 жылдарда 322 кітап шыққан [49]. Бұл қыруар кітаптар қазақ әдебиетін байытуға және дамытуға зор ықпал көрсеткен.
Жоғарыда айтылған әдеби мұраларды жинап бастырушы және назиралық қисаларды жырлаушы қайраткерлердің бірі Шыңжаңның Іле өңірінде жасаған қазақ ақыны Жүсіпбекқожа Шайқысламұлы (1857-1940) және Шыңжаңның Алтай аймағындағы қазақ ақыны Ақыт Үлімжіұлы (1868-1940) еді. Олар халқының ауыз әдебиетін жинаумен бірге көптеген Назиралық қисаларды шығарып, өз кезінде Қазан қаласына жіберіп бастырып отырған. (мынаған нақты бір мәлімет таппай, шайып кеттім ау деймін)
Достарыңызбен бөлісу: |