Ақын-жыраулар шығармаларындағы Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с)бейнесін зерделеңіз, олардың ұқсастығы мен айырмашылығының аражігін ажыратыңыз.
...Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ардақты тұлғасы мен көркем мінезін, ерекше қасиеттері мен пайғамбарлық мұғжизасын насихаттау - мұсылман шайырларының басты назарында тұрды. Исламның алғашқы жылдарында араб тілінде жазылған мадақ жырлар бертін келе Ислам дінінің таралу аймағының кеңеюімен ажам (арабтан өзге халықтар) халықтарының әдебиетінде де көрініс тапты. Әсіресе парсы мен түркіден шыққан шайырлар Алла елшісінің асыл қасиеттерін асқақтата жырлап, мұсылман үмбетінің жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншілікті оята білді.
...Осылайша Мұхаммедтің (с.ғ.с.) асыл қасиеттерін өлең сөзбен өрнектеу – түркі жазба әдебиетіндегі басты тақырыптардың біріне айналды.
.... Тіпті хадистанушы ғалым Әбу Иса Термизидің «Пайғамбардың ерекше қасиеттері» («Әш-Шәмайил ән-нәбәуийә») дейтін еңбегінде Алла елшісінің Абдулла ибн Рауаханың өлең жолдарынан мысалдар келтіріп сөйлегені туралы деректер берілген. Сондай-ақ осы еңбекте сол заман шайыры Умаййаның жыр жолдарынан жүз бәйтін тыңдаған пайғамбардың ақын өлеңдеріне жоғары баға берілгені де жазылған.
...Исламның алғашқы жылдарындағы ақындар шығармашылығын зерттеген Иран ғалымы Хакими Мұхаммед Реза пайғамбар заманында отыз үш шайыр болған десе, Сирия ғалымы Шейх Набахани Бейрутидің төрт томнан тұратын «Пайғамбарды мадақтаған өлеңдер жинағы» деген еңбегінде Алла елшісіне арнау жазған елу шайырдың өлеңдері берілген. Сондай-ақ Ирак ғалымы Уәлид әл-Ағзами өзінің «Пайғамбардың ақындары» деген еңбегінде пайғамбар заманында бір жүз он үш ақынның өмір сүргенін алға тартқан. Ал Риядта жарық көрген Әбу Исхақ әл-Қируанидің «Пайғамбар мен әділетті төрт халифа заманында Исламды үгіттеген шайырлар» атты зерттеуінде Әбубәкір, Омар, Оспан және Әли секілді төрт шадиярдың да өлең сөзге жақын болғандығы айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |