Діни сауаттылық –қоғам назарында
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Қоғам мүшелерінің біршамасы өзінің тарихи, дәстүрлі діндерінен шығып, секталардың шылауында адасып жүр. Осының негізінде дәстүрлі отбасылық және қоғамдық қарым-қатынастарда діни көзқарастарға байланысты түсініспеушіліктер орын алуда. Адамды адастырушы діндерге кірген кейбір қандастарымыз, өз отбасының ойранын шығарып, ата-анасы, бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап және өз көзқарастарына өз жақындарын да мәжбүрлеуде. Өзімшілдікке бой алдырған кейбір бауырларымыз өз үйін, жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншіктеріне беріп, отбасылық өмірден (ата-ана, бала-шаға, туыстары) бас тартып, адамды көрсоқырлыққа итермелейтін діни-нанымдардың соңына еріп, өзгелердің қол шоқпарына айналғаны өкінішті. Бұл - дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту. Мұндай діни көзқарастары алуан түрлі жандардың ешқашан бір шаңырақтың астында береке-бірлікте өмір сүре алмайтындығын көріп отырмыз. Отбасы - кішігірім бір мемлекет. Демек, бұл - бүтін бір ұлттың шаңырағын шайқалту әрекеті деп білеміз. Кез-келген партиясының, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Атақты тарихшы Л. Гумилев: «Бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді» - екенін айтқан.
Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәнгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діни секталардың арбауына түсіп өз дінін, өз отанын сату деген сөз. Себебі, дін біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керісінше тілімізбен және салт- дәстүрімізбен қазақпыз. Діни секталардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Діни секталардың арбауымен алдауынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауыпсіздігімен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір ғана адамның немесе мемлекеттің жасайтын ісі емес. Діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алу қажет; Діни секталарды тіркеуге алу ҚР Әділет министірлігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктар, жоғары оқу орындары, мектеп, ата-аналар діни секталрдың арбауына түспес үшін мынадай шаралар жүргізуі қажет. - біріншіден- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұймдастыруы; - екіншіден- бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дін танушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет. - үшіншіден- әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы; Төртіншіден- мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі. Бесіншіден- әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет.
Қазақстанның қоғамдық өміріндегі
Достарыңызбен бөлісу: |