Діни сауаттылық –қоғам назарында


діни ағымдармен күресудің жолдары



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі20,81 Kb.
#15729
1   2   3
діни ағымдармен күресудің жолдары: секталардағы жастар өмірге, жанұяға деген қызығушылықты жоғалтып, Отанға деген патриоттық сезімнен жұрдай болады. Болашақта жаңа діни бірлестіктердің әрекеттерін заңды түрде қатаң бақылауға алып, ғылыми негізі конфессионалды саясат жүргізілуі тиіс. Біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызды конфессиялық экстремизмнің пайда болу мүмкіндігіне үстірт қарауға болмайды, олай ету мейлінше қауіпті. Соңғы кездері көптеген шет мемлекеттерге барып діни сауатын ашушылар көбейіп кетті. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Мектепте және жоғарғы оқу орындарында дінтану, теология курстарын тереңдету оқытуды қажет етеді. Мемлекет тарапынан арнай бағдарлама құрылып, жастардың өзге діннің шырмауында кетпесі үшін алдын алу жұмыстары атқарылуы керек. Қазақстанда конфессиялық қауіпсіздік – мемлекеттік кепілдіктер мен халықтардың және ұлттардың рухани әлеуметін қорғаудың, сондай-ақ дәни сенім еркіндігіне қауіп төндірушілік пен дінаралық келісімге бірмезгілде қарсы тұрушылық әрекеттерінің жүйесі ретінде: біріншіден, Құдайға құлшылық ету және белгілі бір діндердің ережелеріне сәйкес ырым-жораларды сақтау үшін, ұлтына қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматының діни толық еркіндігі мен бостандығын алдағы уақытта да қамтамасыз ету үшін мемлекеттің кепілдігі мен қолдауы қажет. Екіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қолдануы керек. Үшіншіден, мемлекет ұлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың өмірі мен сау-саламаттылығына қатер төндіретін діни экстремизмнің кез келген көрінісімен мақсатты түрде және нәтижелікпен күрес жүргізіп, оны жүзеге асыруы қажет.

Мемлекеттің негізгі тірегі – татулық пен болашақ, ал болашағы – жастар. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері өйткені екуі біріне –бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты адам баласын асып- таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім- ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Бүгінде отансүйгіштікті, ел мен жерді сыйлауды, ұлтжандылықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың, ұлттық намыс пен ұлттық жауапкешілік туын жоғары ұстаудың, Ата заңымызға, мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран мен наградаларғва шынайы құрмет сезімін әрбір отандасымыздың қаны мен жанына сіңіріп, адамгершілік қадір-қасиетіне айналдыру аса маңызды. Терең біліміне сай өнегелі тәрбие алған иманды азамат – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет