Дінмұхамед Қонаев туралы пікірлер Дінмұхамед Қонаев қандай тұлға?



Дата05.06.2023
өлшемі1,48 Mb.
#98762

Дінмұхамед Қонаев туралы пікірлер

Дінмұхамед Қонаев қандай тұлға?


«Жаратушы о бастан-ақ біздің әулетіміздің бар бақытын, бар байлығын, бар білім-парасатын, бар билік-мансабын, тіпті сұлу да тіп-тік, бойды да жинап-теріп Димекеңе берген. Соған шүкір дейміз!»
  • Асқар Қонаев, академик»
  • Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы».
  • Дуайт Эйзенхауэр, АҚШ-тың 34 – препрезиденті




«Димекеңнің туған нағышысы — Жетісу губкомын басқарған Шымболатов, халыққа адал қызмет істеген адам. Соған қарамастан 1937 жылы «халық жауы» қатарында қара тізімге ілігіп, опат болған. Димаш Ахметұлы осы нағашысының тәлім-тәрбиесін алған. Күштімен күш таластырмады. Қазақ үшін, Қазақстанда тұратын халық үшін өте нәзік әрі орамды саясат жүргізді. Және оны жүзеге асыра білді. Бұл – кемеңгерлік. Біз кімнен, нені үйрену керек дегенде, ең алдымен осы бір қарапайым, жаны ізгілікке толы тұлғаны еске аламыз».
Құдайберген Орымбетов,
«Қазақстан « ұжымдық кооперативінің әкімі
«Мен Дінмұхамед Қонаев атаның «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп аталатын кітабын оқып шығып, мынаған көз жеткіздім. Ол кісі шынайы сезімнің, адал махабаттың символы. Қозы менен Баянға, Төлеген мен Жібекке аңызға ауыз аша бергенше, пәктікті, нәзіктікті, тазалықты, іңкәрлікті осы заман адамдарының бойынан іздесек табылады екен. Зуһраға деген мөлдірлік, елу жыл алты ай екі күнге жалғасқан әдемі сыйластық кімге де болса өнеге. Демек, Дінмұхамед атамыздың рухы жан дүниесінің тазалығымен де биік».
  • Ләззат Сүйінова

«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жақын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нақтылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды».

«Қонаев — ұлттың Ары мен Намысы! Қонаев — ұлттың рухы мен Иманы! Қонаев — қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі»
  • Темірше Сарыбайұлы, ақын
  • «Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық сана, шалқыған қайырымдылык, көңілді болмыс тән еді».
  • Геннадий Толмачев, жазушы

«Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев. Бізде екі ұқсастық бар екен. Бірі — қарапайымдылықтарыңыз қалай аумаса; жасыл желекке оранған Алматы біздің Кашмирмен егіздің сыңарындай ма деп қалдым. Ғажап!».
  • Джавахарлал Неру

«Ол кісінің ат тізгінін тартып мінген азаматтан білмейтіні кемде-кем еді. Өсіп келе жатқан жастарға айрықша назар аударатын. Сұрайтын. Біліп, танитын. Соған, сосын сыртынан қамқор бола жүретін. Мен оны өз басымнан білемін. Соғыстан кейін бір көрген мені араға бірнеше жыл салып танығанда және өсу жолымды ізгі көңілмен айтқанда қайран қалмасқа, дән риза болмасқа болмады».
  • Оразәлі Қозыбаев Социалистік Еңбек Ері

«Тілендиевтің күйлерін, Қалдаяқовтың әндерін тыңдап, Мақатаев жырларын, Әуезов пен Есенберлин шығармаларын оқығанда, Төлегенованың, Бағланованың, Рымбаеваның үндерін естігенде, кезінде Жиенқұлованың, сосынЖұмаділов Талпақованың, Аюхановтың билерін көргенде мен Дінмұхамед Қонаевты еріксіз көз алдыма елестетемін. Қаншама талантқа дем беріп, қаншама дарынға қорған болды. Өнерді сүю аз, оны бағалай білу — батырлық. Маған Димекең сондай жан көрінеді».
  • Оралхан Жұмаділов, ұстаз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет