Дінмұхаммед Қонаевқа арнау
Үйренуден жалықпаған әрдайым,
Бүгінгі күн өлең –жырды арнайын.
Дінмұхаммед атам өткен өмірден
Халқының ойлап әрқашанда жағдайын.
Жасынан Социолистік еңбек ері,
Дінмұхаммед Қонаевтың аты аңыз.
Атанған көрнекті қоғам қайраткері
Ақиқатты жақтап өткен атамыз.
Академик атанған жан дарасыз,
Халқын ойлап өткен ерсіз ең асыл.
Политбюро мүшесі болып еңбекте
Халқыңа болдың ардақты адам жанашыр.
Қызығып әркез қару –жарақ жинаған,
Кішісін де, үлкенін де сыйлаған.
Ақиқатты жақтап өткен әрқашан
Дінмұхаммед атамыз ол –сыйлы адам.
Сізге тарту басты менің арманым,
Бүгін сізге өлеңімді арнадым.
Халқың үшін, ұрпақ үшін ұлысыз
Қолдасыншы халқыңды әркез аруағың.
Елдің қамы ойлағаның әрқашан.
Өміріңе арқау болды ақиқат,
Өзің болдың үміт күткен жастардан
Есіміңді ұмытпайды жас ұрпақ.
Достарыңызбен бөлісу: |