Діннің мәдениетке әсері



бет2/2
Дата02.12.2023
өлшемі21,68 Kb.
#131800
1   2
Байланысты:
діннің мәдениетке әсері

2.Діннің мәдениетке әсері
Жалпы діннің мәселелері біздің қоғамымыз бен мемлекетіміз үшін аса маңызды және күрделі. Дін қоғам өмірінде барлық жақтарға әсер етіп, қоғамдық дамуғада зор ықпалын тигізеді. Сол себепті дін жайлы дұрыс көзқарасты, түсінікті жасөспірім кезден бастап қалыптастыра бастау керек. Ол үшін ең әуелі менің ойымша зайырлы діни білім беруді басты мақсат еткен дұрыс. Және сол нәрсе қазіргі таңда іске асуда. Яғни біздің мемлекетіміз зайырлы ел болып табылады. Ол туралы Конституциямыздың 22 бабында: "Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге хақылы", - делінген. Біздің ел көпұлтты болғандықтан менің ойымша дінге байланысты шектеулердің болмағаны орынды. Сол әрбір адамның таңдауына құрметпен қарағанымызда жөн. Негізінде қай дінді алсақта барлығы адамның сезім дүниесіне байланысты болады. Яғни дінді өмір үшін күрес құралы деугеде болады. Қай дін болмасын ол адамзатты жаманшылыққа итермелейді. Ол адамның өзі үшін өмір мәнін түсініп, соған сай өмір сүруіне септігін тигізеді. Және адамгершілік құндылықтарын, рухани құндылықтарын байытып, өмірді құрметтеу, әдептілік, жақсылық жасау, мейірімді бола білуді қалыптастырып, қоғамның ішіндегі қарым-қатынастарды реттейді. Солай көптеген теріс іс-әрекеттердің алдын алуы да мүмкін. Дінге адал бола білсек, дінді таза ұстасақ, жүрегімізді тазаласақ, барлық қиыншылықтан шығып, бақытқа жетер едік деп ойлаймын. Қандайда бір тығырық, ауырлық, қиындық болған сәтте дін алып шыға алады. Сол себепті де қай дінді болмасын оны құрметтеуге, қастерлеуге тырысуымыз қажет. Жалпы мәдениет қалыптасуы үшін, менімше адамның бар бітімі толық болу қажет. Яғни оның барлық шығармашылық күші, ақылы, оның дүние танымы мен адамдарды білуі, өзін-өзі ұстай алуы, құрбан ете алу қабілеті, тілектес болуы және ортақ игілікке көмектесу қабілеті бар болу керек. Бұдан ұғатын нәрсе мәдениет деген адамнан туатын дүние, ал адамды басқаратын дін болып табылады. Яғни бұл сөздің мағынасын аша кетсем дін адамға бағынатын нарсе емес, ал мәдениет болса адамға бағынышты. Сол себепті де дін жалпы рухани өмірдің кілті және оны реттеуші болып табылады. Ал ондай нәрсе мәдениеттің қолынан келмейді. Осыдан ақ қаншалықты мәдениетке діннің орны ерекше екенін байқауға болады. Нағыз мәдениет нәтежесі менің ойымша - адамның сенімі мен дінмен берілген ішкі жан түйсігі.
III Қорытынды
Қорытындылай келе, біздің ойымызша діннің мәдениетте де, мемлекетте де, қоғамда да рөлі өте ерекше болып табылады. Себебі дін болмаса адамзаттың тарихы да, мәдениеті де болмас еді. Қоғамды дінсіз елестету мүмкін емес. Сол себепті барынша дінге деген әрбір адамзаттың көзқарысын дұрыс жаққа жетелеуіміз қажет деп білеміз.


Қолданылған әдебиеттер
1.Ғарифолла Есім, А.П.Әбуов, К.К.Бегалинова, Е.М.Смағұлов, Қ.Жолдыбайұлы - Алматы, Білім, 2013.
2.Д.Т.Кенжетаев, Ә.Ә.Сайлыбаев, Ө.О.Тұяқбаев - зайырлылық және дінтану негіздері.
3.Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бөйтенова. - Алматы: Қазақ университеті, 2006

Тапсырманы орындаған:
Амангелдиева Жұлдыз
Ахметова Сания
Манап Мерей
Ақжол Ақниет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет