Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар “прамонотеизм” және адамзат тарихындағы “дінге дейінгі кезең” теориялары. “Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. “Дінге дейінгі кезең” теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.

Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің “Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Соңғысының авторы – К.Маркс дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келді.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм .
Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.