ИСЛАМ
Кемелденген монотеистік дін – Ислам. Ислам араб тілінде берілу,
мойынсұну, бейбітшілік, деген мағыналарды білдіреді. Ислам дініне сенген,
бой ұсынып көңіл бергендерді мұсылман, муслим деп атайды. Ислам әлемінің
ғалымдары Ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп
санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен
бейбітшілік және адам баласының өмірлік ұстанымының пайымдауынша Адам
Атадан Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған
діндер – ислам діні болатын. Ислам діні исламға дейінгі діндерге адамдар
тарапынан еңгізілген бұрмалаушылық және жаңсақтықтарды түзеткен.
Исламның қасиетті кітабы – Құран – Кәрім. Құран –Кәрім-әз-Мұхаммедке
(с.а.у) Хира тауының үңгірінде Жебірейл періште арқылы аян етілген. Құран-
Кәрімнің аяттары жиырма үш жылда пайғамбарымызға жіберілген. Құран-
Кәрім 114 сүреден (сура-қатар, дәреже) тұрады. Сүрелер аяттардан тұрады.
Құран-Кәрімді зерттеуші-ғалымдар аяттар саны 6204-6236 арасында есептейді.
Ислам діні бойынша Таурат (Мұса ғ.с.), Забур (Дәуіт ғ.с.), Інжіл (Иса ғ.с.)
кітаптары хақ деп саналады. Аталған кітап иелерін мұсылмандар құрметтейді.
Құран-Кәрімдегі барлық нәбилер (25 пайғамбар есімі аталған) мен оларға
түскен кітаптарға (адамдар тарапынан жаңсақтық еңгізілген) иман етіледі.
Аллаһ Тағаланың пайғамбарларына, уахи жолымен жіберілген кітаптар
адамзатқа дүниеде және ақіретте бақыт пен шаттыққа жетуі үшін жүретін
жолды және жаратушыға құлшылық ететін міндеттерді түсіндіреді.
Құран-Кәрім аяттары түскен уақыттарына қарай Меккелік және мединалық
болып бөлінеді. Құран-Кәрім пайғамбарымыздың тірі кезінде ауызша тараған.
634 жылы бірінші Халиф әбу-Бәкір Зайд ибн Сәбитке Құран-Кәрімді
жинастыруды табыс еткен. Бұл жұмыс Осман ибн Аффан Халиф болған
уақытта аяқталды. Аяттарды толық Құран етіп құрыстырудың аяқталуы –
Ислам үшін аса маңызды болды. Осман Құран-Кәрімді жинап құрастырумен
айналысатын кеңес құрды. 651 жылы Зайд ибн Сабит Құран-Кәрімді 4 дана етіп
жазып шықты. Зайдтың жазу үлгісі және құрайштың тілі негізінде алынды.
Құранның көшірмелері Басра, Куфа, Шам, Меккеге, Иеменге жіберілді және бір
данасы Мәдина қаласында қалдырылды. Бұл кітаптарға қайшы келетін басқа
кітаптарды өртеп жіберуге тапсырма берілді.
Алла елшісі әз-Мұхаммед миләди бойынша 569 жылы сәуір айының 20
жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Алланың елшісінің әкесі
Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп
60
бақтыру салты болатын. Хазірет пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес
жасына дейін тұрып, анасының жанына оралды. Дүниеге көзін ашпай әкесінен
айырылған әз-Мұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң атасы Абді-
Мұталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы
Абуталиптің қолына келді. Мұхаммед (с.а.у.) Құраиш тайпасынан болатын.
Әшім және оның баласы Абдумуталип Қағбаның шырақшылары беделді,
абыройлы адамдар еді. Әз-Мұхаммед (с.а.у) 25 жасында Құраиш тайпасындағы
мәртебелі, бай әйел Хадиша мен үйленді.
Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында келген деген пікірлер діни
деректерде жазылған. Күллі Меккеліктердің құрметімен сүйіспеншілігіне
бөленген әз-Мұхаммедті Мұхаммед әлиен (екінші Мұхаммед) деп атайтын.
Жаңа эраның 610 жылы қасиетті рамазан айының қыдыр күнінде Құран-
Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбрейіл тарапынан уахи етіліпі, пайғамбарлық
жолы ашылды. Бұл ислам өркениетімен мәдениетінің бастауы ретінде адамзат
тарихының ең маңызды белесі болатын.
622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясрибке (“Мәдинәт ун-Нәби -
пайғамбар қаласы”) көшіп барады. Мәдина қаласының Ауыс және Хизреж
рулары (ансарлар-көмекшілер) Мухажирлерді (көшіпкелушілер) құшақ жайып
қарсы алды. Хижра мұсылман күнтізбесінің бастауы әлемнің мұсылмани
елдерінде осы Хижра күнтізбесі қолданылады.
Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарлардың мөрі
Алла елшілісінің өсиеттерін, сөздерін, сахабалар (пайғамбарымызбен серіктес
болған мұсылмандар) табиғиндер (сахабаларды көргендер) болашақ ұрпақтарға
жеткізді.
Мұхаммед (с.а.у) қайтыс болғаннан кейін мұсылман қауымы алдында
Халифатты басқару ісін шешу мәселесі туындады. Күллі мұсылман әлеміне
әділетті халифтар (мұрагер) пайғамбарымыздың (с.а.у) ең жақын адал серіктері
мұсылмандардың әміршілері болған. Ислам дінін өркендетуге зор еңбек
сіңірген әділетті 4 халиф: Әбу-Бәкір әс-Сыдық, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн
Аффан, Әли ибн абу Тәлиб. Ислам сенімінің негізі бір Алла Тағалаға ғана
құлшылық ету және бір Алладан ғана көмек сұрау, тілеу.
Ислам діні бес негізгі тұғырдан тұрады:
1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммед (с.а.у) Алланың құлы
және елшілісі болғандығына көңілмен сеніп тілімен мыналарды айту керек:
«Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі». Араб тілінде «Ла илаһа
иллалаһ Мұхаммедур Расулуллаһ»
2. Діннің діңгегі намаз. Күнде 5 уақыт намаз оқы;
3. Белгілі байлық мөлшеріне ие болған мұсылманның байлығының бір
бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін зекетін беру;
4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау;
5. Денсаулығы жақсы және жетерлік мал-мүлкі болса қажылық ғибадатын
орындау.
Иман шарттары: ислам дінінің атын Алла Тағала қойған. Таухид –
исламның негізі және оның қуатының қайнар көзі. Ислам дінінің заңдары
61
Таухидке негізделген. Таухид Алладан басқа тәңір жоқтығын және тек Аллаға
ғана құлшылық ету керектігін баяндайды. Таухид концепциясы Құран-Кәрімнің
Ыхылас сүресінде тұжырымдалған. Таухид негізгі екі тұжырымнан тұрады:
1. Алладан басқа құлшылық етуге лайық тәңір жоқ;
2. Мұхаммед (с.а.у) Алланың елшісі
Алланың
періштелеріне
Алланың
кітаптарына
Алланың
бүкіл
пайғамбарларына өлгеннен кейін қайта тірілетіне (аһірет күніне), жақсылық
жамандықтың Алланың алғысымен және жаратуымен болатындығына сену.
Ислам тарихында белгілі ұстаз ғалым тұлғалардың ең көрнектілері Абу Ханифа
Нұғман ибн Сабит (699-767) Ханафи мазһабы, Абу Абдуллаһ Малид ибн Анас
ибн Малид ибн Абу Амир әл Исфахани (715-785) Малики мазһабы, Абу
Абдуллаһ Мұхаммед ибн Идрис ибн әл-Аббас ибн Усман ибн Шафии (767-821)
Шафиғи мазһабы, Абу Абдуллаһ Ахмад ибн Мухаммед ибн Ханбал (781-855)
Ханбали мазхабы аталған ұлы имамдар исламдағы осы негізгі төрт мазхабтың
негізін салушылар. Қазақстанда мекендейтін мұсылмандар ахіли сүнеттің төрт
мазхабының бірі Абу Ханифа Имам ағзам қауымына жатады. Мазхаб – жол,
бағыт көзқарас деген мағынаны білдіреді. Суннит және Шиит исламның екі
бағыты.
Әхл ас-сунна уал-джамаа (сунна адамдары) әлем мұсылмандарының 90%
құрайды. Шииттер (аш-шиа – жақтаушылар “партия”) шииттер Әли ибн Абу
Талиппен оның мұрагерін Мұхаммедтің (с.а.у) бірден бір заңды мұрагерлері
деп санайды. Шиға бағыты 7 ғасырдың 2-ші жартысының басында билік үшін
күрес барысында билікті пайғамбарымыздың немере інісі және күйеу баласы
хазірет Алиге беруді жақтаушылардың діни саяси тобы. Ислам діни ғұрыптар
мен мұсылмандардың адамгершілік мұраттарын және дүниелік мәселелерді
шариғат (тура, дұрыс жол) жолмен реттейді. Шариғат Құран-Кәрім және
сунналар арқылы жүйеленген нұсқаулар жиынтығы.
Сунна (ғұрып, үлгі) Мұхаммед (с.а.у) өмірінен алынған мысалдар.
Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерінен, айтқандарынан құралған. Ислам
елдерінде жұма қасиетті күн әрі демалыс күні болып саналады. Ид-әл-фитр
ораза мейрамы. Оразадан соң шәуәл айының бірінші жұлдызында аталады. Ид-
әл-адха құрбан мейрамы. Зулхиджа айының оныншы жұлдызынан басталады.
Әрбір мұсылман құрбандық шалу керек. Маулид мейрамы рабби-әл-әуәл
айында аталады. Бұл пайғамбарымыздың туылған күні. Миғраж раджаб
айының жиырма жетінші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл әз-Мұхамммедтің
миғражға көтерілу мейрамы. Ашура муххарам айының алғашқы 10 күндігі
шииттердің Алидің ұлы Хусейнге арналған азалы күндері ретінде аталады.
Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы-Мекке. Меккеде исламның
негізгі қасиетті орны Қағба және бас мешіт Масджид әл-Харам орналасқан.
Мұсылмандар жер бетінде ең бірінші тұрғызылған Аллаһ Тағаланың үйіне
(Қағбаға) барып, құлшылық етіп қажылық етеді. Қажылық шамасы жететін
мұсылман үшін парыз.
Дүние жүзінде ислам дінін ұстанушылардың саны 1,5 млрд. жуық ал кейбір
деректер бойынша 2 млрд. жуық. Ислам діні әлемнің 120-дан елдерінде тараған.
62
Ислам дініне сенушілер әлемнің 35 мемлекеттері халқының басым бөлігін
құрайды. Әлемнің 28 елінде атап айтсақ Сауд Аравиясы, Мысыр, Иран,
Пакистан, Мавритания және тағы басқа елдерде ислам діні ресми дін болып
жарияланды. Малайзияда мұсылмандар ел халқының 65% Сингапурда 40%,
Ливанда 40% құрайды. Үндістанда 350млн. мұсылман, Ресейде 14 млн.,
Италияда-2,5 млн. Индонезияда 200млн. Туркияда 70 млн., Германияда 3 млн.
АҚШ-та 5 млн., Анголада 2 млн., Францияда 10 млн., Эфиопияда 22 млн.,
Сингапурда 800 мың, Тайландта 5 млн., Ұлыбританияда 8 млн., Польшада 400
мың, Швейцарияда 120 мың, Швецияда 99 мың. ХХ ғасырдың 70-80
жылдарының басында халықаралық істерде, халықаралық ислами ұйымдарда
белсенді рөл атқара бастады. 1962 жылы Меккеде Ислам әлемі Лигасы, 1969
жылы Ислам конференциясы ұйымы, 1973 жылы Еуропаның Ислам Кеңесі
құрылды.
Ғасырлар бойы қазақтар ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір
сүріп, ислам дінін ұстанып келеді. 8 ғасырда Қазақстан және Орта Азия жеріне
Ислам дінін тарату үшін арабтар жорықтар жүргізді. Атақты Кутейба ибн
Муслим Мәуреннахр жеріне кірді. 714 жылы Шаш (Ташкент) және Фарабты
(Отрар) бағындырды. 751 жылы шілде айында мұсылман әскері Талас маңында
Атлах деген жерде Тан империясының әскерін жойқын соғыста жеңіп шыққан.
Талас жеңісінен кейін Ислам діні Қазақстан жеріне бір жолата орнықты. Бұл
жеңіс Орталық Азия елдерінің діни болмысы мен тұрпатын шешті. Ислам
дінінің келуімен қала мәдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер жедел дами бастады.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде мешіттер, медреселер, қалалар бой
көтерді. Қарахан мемлекеті Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдаған
мемлекет болып саналды.
Қазақ даласында Ислам дінінің келуі және орнығуымен қатар бүкіл Ислам
әлемінің жарық жұлдыздары Әбу-Насыр әл-Фараби, (870-950), Әбу Ибрахим
Исхақ әл-Фараби Ғаламаддин әл- Жауһари, Қожа Ахмет Яссауи Ахмет
Игүнеки, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ғұлама ғалымдары ислам
мәдениеті мен ғылымын әлемге паш етті.
Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы мен мемлекеттік құруда ислам дінімен
құндылықтарының алатын орны ерекше. Бүгінгі Қазақстан халқының 70
пайызы мұсылмандар. Ислам діні дүние жүзі елдеріне Мұхаммедтің (с.а.у) –
сахабалары арқылы тарады. Ислам діні әрбір елдің әдет-ғұрыптары мен
дәстүрліне, діліне байланысты жергілікті ерекшеліктеріне қарай орнықты.
Қазақ елі ислам дінін қабылданғаннан бастап құлшылықтарын имам әл-Ағзам
Ханафи мазһабы негізінде атқарған.
Ислам діні адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, ынтымаққа, ізгілікке,
тақуалыққа, әділдікке, тазалыққа, тура жолға үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |