Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51

Құран: Шариғаттың тірегі, ислам заңдарының өзегі. Құран - барлық діни 
үкімдердің бастау алар қайнар көзі және барлығы одан шығарылады. 

Сүннет: Алланың кітабын (Құранды) түсіндіруші. Ол жерде ашылмаған 
мәселелер сүннетте көрсетіледі. 
- Сахаба сөздері: Сахабалар пайғамбармен бірге болғандар және оның 
айтқандарын бізге жеткізушілер. Сондай-ақ құран аяттары мен пайғамбардың 
хадистерінің мән-мағынасын жетік білетін тұлғалар болып табылады. 
- Қияс (Салыстырмалы әдіс): Әбу Ханифа белгілі бір мәселенің шешімін 
Құран мен сүннеттен немесе сахабалардың сөздерінен таппаған жағдайда осы 
әдісті пайдаланған. Қияс дегеніміз құран мен сүннет бойынша үкімі жоқ, бірақ 
араларындағы себеп-салдар ұқсастығына қарай салыстыра отырып үкім шығару 
болып табылады. Әбу Ханифа осы әдіс арқылы үкім шығаруда үлкен 
жетістіктерге қол жеткізген. 
- Истихсан: Истихсан дегеніміз белгілі бір құқықтық мәселелерді шешу 
барысында қиястың үкімінен бас тартып соған жақын бір үкім шығару дегенді 
білдіреді. Бұл әдіс негізінен жаңадан туындаған мәселенің кейбір 
ерекшеліктеріне қияс үкімінің сәйкеспеуі барысында қолданылады. 
- Ижма (Келісім): Ижма дегеніміз белгілі бір ғасырда өмір сүрген ислам 
ғұламаларының бір мәселе бойынша ортақ көзқараста болуларын білдіреді. Бұл 


65 
дегеніміз белгілі бір мәселеде ғалымдардың ортақ келісімдерін де үкім ретінде 
жүретіндігін білдіреді. 
- Салт-дәстүр:
 
Салт-дәстүрлер де өзінше бір дәлел және үкім ретінде 
қолданылады және «дұрыс», «бұрыс» болып екіге бөлінеді. Дұрыс салт 
дәстүрге діни үкімдер мен ұстанымдарға қайшы келмегендері жатқызылады. 
Бұрыс салт-дәстүрлерге қандайда бір діни негізге қайшы келгендері жатады 
және олар дінде дәлел ретінде қолданылмайды.
 
Әбу Ханифа сауданы терең меңгерген тәжірибелі саудагер болып 
табылатын. Ол әдет-ғұрыптарды ұстануға дұрыс қарайтын еркін көзқарасты 
адам еді. Осыған байланысты оның шариғатына мына екі ерекшелік тән: 1) 
Сауда-саттыққа ыңғайланған. 2) Жеке бастың еркіндігін көздеушілік. 
Сонымен бірге бұл мазхаб басқаларымен салыстырғанда өзге діндегілерге 
(христиандар мен еврейлерге) мейлінше түсіністікпен қарайды. Қазіргі таңда 
түркі тектес халықтар арасында және Ирак, Пакистан, Россия, Мысыр мен 
Қытайдағы мұсылмандар арасында кеңінен таралған. Біздің Қазақстандағы 
мұсылмандар да осы мазхабты ұстанады.
Келесі сүнниттік құқықтық мектебтің бірі - Шафийлер
.
Негізін қалаушы 
Мұхаммед ибн-Идрис аш-Шафий болып табылады. Ол 699 жылы Газзада 
туылып, 819 жылы Мысырда қайтыс болады. Жастық шағы Меккеде өтеді және 
діни білімді сол жерден алады. 15 жасынан кейін Мединеге барып Имам 
Маликтен (Малики мазхабының құрушысы) ислам құқығын үйреніп ол 
дүниеден өткенше бірге болады. Имам Шафий Ханафи мен Малики мектебінің 
негіздерін жетік білді. Ирак жеріне келгеннен кейін осындағы құқықтық 
мектептердің ілімін үйреніп, өзінше бір құқықтық мектептің негізін қалады. 
Шафий мазхабының басты ерекшелігі белгілі бір құқықтық мәселелерде қияс 
пен жеке көзқарасқа (рай) сүйене отырып үкім шығаруға шектеу қояды. Бұл 
сунниттік мектеп қазіргі таңда Мысырда, Оңтүстік Шығыс Азия мен Кавказда 
таралған. Шафий мазхабын Қазақстанда шешен-ингуш халықтары ұстанады. 
Аталған мазхабтың біздің еліміздегі діни тұлғалары болып Шешенстанның 
бұрынғы муфтиі, ҚМДБ-ның наиб муфтиі Магомед Хусейн қажы Алсабеков, 
Пайзулла қажы Магомедов және Ингушетия республикасының бірінші муфтиі 
болған Ахмад Хаджи Пошев және т.б. болып табылады.
 
Малики мазхабының негізін қалаушы Малик ибн Анас әл-Асбахий 713 
жылы Мединеде дүниеге келіп, сол жерде 795 жылы дүниеден өтеді. Малик ибн 
Анас Мединедегі атақты ғалымдардан дін ғылымдарын үйренеді. Өз 
заманының танымал ғалымы болады және ұстаздық қызметпен айналысады. Ол 
сабақты екі түрлі әдіспен жүргізетін болған. Бірі хадис сабағы болса, екіншісі 
белгілі бір жағдайларға байланысты пайда болған мәселелерге үкім шығару 
сабақтары болатын. Малики мазхабының басты ерекшелігі құқықтық бір 
мәселеде салыстырмалы әдіс (қияс) пен логикалық түйіндеуді шектеулі 
деңгейде қолданады. Діни үкім шығару барысында қоғамға пайдалы жағы 
ескеріле отырып шешім шығару әдісі (истислах) мен Медине халқының 
дәстүрлері, сондай-ақ қарапайым құқық ескеріледі. Бұл мазхаб қазіргі таңда 
Солтүстік және Батыс Африка елдері мұсылмандары арасында таралған.


66 
Келесі бір сунниттік ағым болып табылатын Ханбали мазхабы Ахмед ибн 
Ханбал тарапынан құрылған. Ханбали мазхабы басқа сүннит мазхабтарына 
қарағанда мутазилиттерге қарсы діни-саяси қозғалыс түрінде пайда болды да, 
содан кейін барып құқықтық мектеп болып қалыптасты. Ахмед ибн Ханбал 778 
жылы Бағдатта дүниеге келіп, сол жерде 855 жылы өмірден өтеді. Білім алу 
үшін сол дәуірдің ғылым орталықтары болып саналатын Мекке, Медине, Шам, 
Йемен және т.б. аймақтарға сапар шегеді. Бұл мазхабтың басты ерекшелігі 
“жаңашылдыққа” (бидға) қарсы, шариғаттың заңдарының орындалуына өте 
қатал, дінде еркін ойшылдыққа жол бермейді. Қияс әдісін шектеулі дәрежеде 
қолданады. 
Ханбалиттердің 
жаңашылдықты 
толықтай 
жоққа 
шығармайтындықтарын 
да 
айта 
кету 
керек. 
Өйткені 
ханбалиттер 
мұсылмандарға телевизор, радио, телефон секілді дүниелерді қолдануға рұқсат 
беруге мәжбүр. Бұл мазхаб қазіргі таңда тек Сауд Аравиясында ғана таралған. 
Осы елдегі Ваххабилікті ханбали мазхабының жалғасы деп атауға да болады. 
Бұл мазхабты ұстанушыларға тән ерекше белгілердің қатарында әулие-
әмбиелерді жоққа шығару, сопылыққа деген қарсылық, қабірлерді зиярат етуге 
деген қарсылықты көрсетуге болады. Соңғы уақытта бұл ағымның өкілдері 
біздің елімізде де пайда бола бастады. Бұл мазхаб Сауд Аравиясынан келген 
азаматтар мен сол жерден білім алған студенттер тарапынан таралуда. 
Біз жоғарыда көрсеткен төрт құқықтық сунниттік мектептер ислам дінінің 
практикалық жағын көрсетсе, теориялық жағын бекітетін тағыда үш мектеп 
бар. Бұларды «ақаидтағы» (сенімдегі) мазхабтар деп айтады. Сенімде (ақаид) 
Әбу Мансур әл-Матуридидің (ө. 944 ж) қалыптастырған мазхабын 
ұстанатындарға Матуридилер деп айтылады. Келесі бір суннитік мазхаб 
Ашарийлер деп аталады. Негізін қалаушы Әбул Хасан әл-Ашарий (ө. 916 ж.). 
Сондай-ақ өздерін пайғамбар мен сахабалардың көрсеткен жолымен жүрушілер 
ретінде есептейтін Салафилер деп аталатын көпшілік бар. Бұл ағымның 
ұстанушыларының дені Сауд Аравиясында орналасқандар. Негізінен құқықта 
(фыкҺ, шариғат) ханбалиттік мазхабты ұстанатындар сенімде (ақаид) осы 
салафилікті басшылыққа алады. Сенімге (ақаид) байланысты мазхабтардың 
қызметі, ең басты мақсаты ислам дінінің сенім жүйесін сырттан келетін әр түрлі 
теріс пікірлер мен зиянды көзқарастардан сақтау болып табылады. Аталған 
мектептердің қарастыратын мәселесіне Жаратушы Алланың бірлігі, мәңгілігі, 
құдыреттілігі, әлемнің жаратылуы, өлімнен кейінгі өмір, пайғамбарлық, имамат 
(мемлекет басшылығы) сияқтылар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет