Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет23/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
 
қалыптастырады. Олар Али әулетінен шықан 12 имамды мойындайды. ХІ ғ. аты 
әлемге танымал ислам теологы және мазһабтар тарихшысы аш-Шахристанидің 
анықтамасы бойынша, «Имамиттер – Алидің имамдығын нақты тағайындау 
оның бойындағы бар қандай да бір қасиетке ишара жасау арқылы емес, оның 
өзін жеке көрсету арқылы анық нұсқау деп қабылдайды». Яғни имамдық 
Пайғамбардың өз аузынан айтылу арқылы немесе алдыңғы имамның ауызынан 
шығу арқылы қолдан қолға беріледі. Он бірінші шииттік имам Хасан әл-
Аскаридің өлімінен кейін (873/4 ж.) жаңа имам ретінде оның жасөспірім ұлы 
Мұхаммед тағайындалды. Бірақ ол тез арада «жоғалып кетті», «ғайып» болып 
қалды. ІХ ғасыр соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 
12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа 


71 
атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан. Иснаашариттер – 12 имам жолын 
жақтаушылар. Имамиттердің имамдар «баспалдағы» келесі адамдардан тұрады:
1. Али ибн Әбу Талиб (Куфада 661 ж. өлтірілген);
2. Хасан ибн Али (Мәдинада 669ж. өлген);
3. Хусейн ибн Али (Кербалада 680 ж. өлтірілген);
4. Али Зәйн әл-Абидин (713 әлде 714 ж. өлген);
5. Мұхаммед әл-Бақыр (Меккеде 732 ж. өлген);
6. Джафар ас-Садық (Мединеде 765 ж. өлген);
7. Муса әл-Казым (Бағдатта түрмеде 799ж. өлген);
8. Али әр-Риза (Тусада 818 ж. қайтыс болған әлде у беріп өлтірілген);
9. Мұхаммед әт-Тақи (Бағдатта 835 ж. өлген);
10. Али ән-Нақи (Самаррда 868 ж. өлген әлде өлтірілген);
11. Хасан әл-Аскари (873/4 ж. самарда өлді);
12 Мұхаммед әл-Махди (873/4 ж. жоғалып кетті). 
Мойындалатын имамдар әулетінен шыққан адамдар таусылған соң 
Мұхаммед әл-Махди «жасырын» имам болып жарияланды, сөйтіп «кіші 
жасырыну» деп аталатын кезең басталды. «Жасырын» имам туралы идея VІІ ғ. 
соңында пайда болған еді. Ол идея имамиттерде өте өзекті болып шықты әрі 
бүге-шігесіне дейін тәптіштеліп даярланды. Имамның жасырын тіршілік етуі - 
имамның қауымнан құдайдың қалауымен алып кетілуі деп түсіндіріледі. 
Имамның көзге көрінбес ғайып болмысы деп ұғылады. Имам өз қауымының 
тағдырын сырттай жіті бақылап отырады, бірақ көрер көзге көрінбей 
жетекшілік етеді деп айтылады. «Кіші жасырынудың» 69 жылға созылған (941 
ж. дейін) уақытында «жасырын» имам мен оның жамағаты «елшілер 
(сафирлер)» арқылы байланыс ұстаған. Төртінші сафир өлер алдында өзінен 
кейін келетін ізбасарды қалдырмаған көрінеді. Сондықтан да «үлкен жасыру» 
басталып кетті. Ол имамиттердің түсінігі бойынша, әлі күнге дейін жалғасып 
келе жатса керек. Шииттік қауымды басқару ісін рухани абыройлы азаматтар 
жүзеге асырады. «Жасырын имамға» деген сенім - имамиттік сарындағы 
шииттердің негізгі догматикалық ұстанымдарының негізгілерінің бірі. Ол 
ұстаным имамның күндердің күнінде міндетті түрде қайтып оралатындығына 
деген сеніммен, яғни махдиға (мессияға) деген сеніммен қатар жүреді. Махди 
жер бетінде әділеттілік орнатып, Құранның және жалғыз Құдайға 
табынушылықтың таза мағынасын ашады. Сөйтіп билікті уысына ұстаған 
қанаушыларды жоқ қылады деп түсіндіріледі. 
Қазіргі кезде Имамия мемлекеттік дін түрі ретінде Иранда қабылданған, 
Ирактың тұрғындарының жартысына дейінгі саны - шииттер-имамиттер, 
олардың қауымдастықтары Ливанда, Кувейтта, Бахрейнде, Сауд Аравиясында, 
Иорданияда, Ауғанстанда және де басқа Ислам тараған елдерде бар. Сунниттік 
дінбасылар 
имамиттерді 
олардың 
догматикалық 
ұстанымдарының 
байыптылығына сай, өздеріне жақын тартады. Олардың екі арасындағы 
келіспеушілік имамдықтың мәнін түсінуге келгенде басталады. Бұқаралық 
қарапайым сана деңгейінде олардың бір бірлерін жақтырмауы тарихи 
контекстіге және саяси мәселелерге көп байланысты. 


72 
Шииттік исламдағы шеткері бағытты ғулат (шектен шыққан көзқарастарды 
ұстанушылар) деген атау алған көптеген секталар мен тарамдалған тармақтар 
танытады. Олардың «шектен шығып кетулерін» Алиді және оның ұрпақтарын 
құдайдай көруден байқауға болады. Исламдағы мазһабтар тарихына қатысты 
еңбектердің бірінде олар туралы былай деп жазылған: «Олар өздерінің 
имамдарына келгенде жүгенсіздік танытқаны соншалық оларды табиғи 
қасиеттердің шегінен шығарып, олар туралы құдайи ұғымдар шеңберінде 
ойланады. Олар біресе - имамдардың қайсыбірін Құдаймен салыстырады,
біресе – адамдардың өздерін Құдаймен салыстырады, сөйтіп екі жағынан да 
асыра сілтеушілік танытады – (адамды) асыра мақтайды және (Құдайды) 
жеткізбей тастайды».
Шеткі шииттердің жалпы алғанда барлығына ортақ сенім негіздері бар. 
Олар:
- Алланың қасиеттерін имамдарына және адамдарға
 
ұқсатады. Құдайды 
материалдық тұрғыдан елестетеді. Алиді Тәңір деулері осыны көрсетеді.
- Шектен шыққан шииттер көбінесе құдайдың имамдардың және 
адамдарың денесіне еніп, бірігетініне сенеді. Имамдардағы рухтың Тәңір 
екендігін қабылдай отырып, Тәңір деп біледі.
- Өлген адамның рухының жағдайға байланысты келесі бір адамның
немесе хайуанның денесіне өтетініне сенеді.
- Шеткі шииттердің барлығы Ислам дінінің тиым салған нәрселерін 
өздеріне рұқсат деп біледі.
Бұлардың «шектен шыққан шииттер» немесе «шеткі шииттер» деп 
аталуының басты себебі, барлығы өздерін Алидің және Мұхаммед 
Пайғамбардың әулетінен келетіндіктерін алға тарта отырып, Алиді және 
шыққан тектерін сенімдерінің негізіне айналдырулары жатады. 
Мұсылманшылықтың тарихына өшпес із қалдырған шииттердің шеткі 
бағыттарынан бірі – исмаилиттер болды. Исмаилиттер алтыншы имам болып 
есептелетін Жафер ас-Садықтың ұлы Исмаилды және одан кейінгі оның ұлы 
болып табылатын Мұхаммедті имам деп есептейтіндерге айтылады.
Исмаилиттерден Убайдуллах Махдидің (өлімі 934) 909 жылы Мысырда құрған 
Фатимиттер мемлекеті 1171 жылға дейін билік құрды. Фатимиттер халифасы 
Мунхасырдың өлімінен кейін исмаилиттердің бір бөлігі оның үлкен ұлы Низар, 
келесі бір бөлігі кіші ұлы Мусталидің артынан ерді. Осылайша исмаилиттер, 
низарилер және мусталилер болып екіге бөлінді.
Мусталилер өздеріне Йемен жақтан жақтастар тауып, осы арадан Үндістан 
тараптарына өтіп, таралып кетеді. Үндістанда бұларды көбіне «бохралар» деп 
атады. Қазіргі кезде Бомбей, Хайдарабад, Барода секілді қалаларда тыныш, 
жайбарақат өмір кешуде. Яғни бұлар бүлікшіл емес. Өздерінің жамағаттары, 
мешіттері бар. Бөтендермен некеге тұрмайды. Тәңір, Мұхаммед Пайғамбар 
және Құран туралы көзқарастары сунниттерге жақын келетін бохралардың 
басты ерекшеліктері мынау:
- Вилаят (Имамдық): Алидің имам екенін мойындау сенім негіздерінен 
болып табылады.


73 
- Исламдағы бес уақыт намазды қосып үш рет оқиды. Құлшылықтан кейін 
имамдарды еске алады. Құлшылық орындарын «жамағатхана» деп атайды.
- Зекет беру міндетті парыз болып есептеледі. Зекет арнайы адамдар 
тарапынан немесе көсемдері тарапынан жиналады. Жиналған зекет көсемге 
беріледі. Ол жамағаттың қажеттіліктеріне жұмсайды.
- Рамазан айында ораза ұстайды.
- Қажылық Меккеде орындалады. Сонымен қоса Кербела секілді 
жерлердегі имамдардың мазарларына зиярат етіледі. 
- Имам және көсемдердің талабын орындау үшін жанымен, мал-мүлкімен 
жихад ету парыз (міндетті).
Негізінен бохралар суннитерге жақын бір ұстанымда. Бұлардың көсемдерін 
«даи» деп атайды. Бас даи әлі күнге Үндістанның Гуджерат аймағындағы Сурат 
деген жерде отырады. Орталықтары осы жер.
Ал низарилер Сирия және Ирак жолдарымен Иранға өтті. Негізінде имамия 
шииттігіндегі Хасан Саббах исмаилиттердің ілімін қабылдап Аламут 
Қорғанында бір мемлекет құрды. Бұл мемлекет 1256 жылы Құлағу тарапынан 
талқандалғанға дейін өмір сүрді. Кейіннен бұлардың бір бөлігі Үндістан 
тарапына өтіп кетеді. Басшыларына Аға Хандар деп айтылатын низарилердің 
негізгі ерекшеліктері мыналар: 
- Аллаға, Пайғамбары Мұхаммедке, Құранға және өлгеннен кейін 
тірілетіндіктеріне сенетін низарилердің ең басты сенім негізі «Имамдық» болып 
табылады. Бір исмаилиттің өз заманының имамын білуі, тануы және 
бұйрықтарына бас июі міндет. Имамға бас ию, Аллаға бас июмен тең. Сенім 
негіздері «әрбір көрінген ашық нәрсенің бір көмескі жағы бар және ең 
маңыздысы осы көмескінің түбінде жатқанды түсіну» дегеннен тұрады. Осы 
түсінік негізінде олар ғибадатты, яғни намазды бір «дұға» деп түсіндіреді. 
Күніне үш уақыт намаз оқиды. Намаздарында бүкіл мұсылмандар секілді 
Қағбаға емес, имамдары отырған жаққа қарайды. Кербела топырағынан 
жасалған «мөр»деп аталатын керамитке сәжде етеді. Рамазан және Құрбан айт 
мейрамдарында басқа мұсылмандармен бірге намазға тұрады. Ирандағы 
низарилер болса еш намаз оқымайды.
- Жылына бір рет, онда да Рамазанның 21-күні ораза ұстайды.
- Қажылық имамдарын зиярат етуден тұрады.
- Зекет имамға беріледі. Имам, яғни Аға Хан бұл қаржыны өз қалауы 
бойынша жұмсайды.
- Жиhад адамның өз нәпсісімен күрестен тұрады.
Әр түрлі елдерде өз ілімдерін насихаттаумен айналысып жүрген низарилер 
шииттіктегі «тақийа» әдісін қолданып өздерін басқа мұсылмандар арасында 
байқатпай жүре береді. 
Шииттік исламды Қазақстанда әзірбайжан ұлтының өкілдері ұстанады 
және Алматы қаласында бір шииттік мешіт қызмет етеді. Дегенмен исламдағы 
бұл бағыттың Қазақстандағы даму қарқыны жоғары емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет