Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
 
өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Ол – 
көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы бағыт. 
Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты 
қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғ.-дың өзінде-ақ 
шииттер ішінде екі бағыт – байыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер 
қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске 
ұшырады. Бастапқыда шииттер діни сипаттағы жаңа жүйе бола қоймаған еді, 
олар тек біраз уақыттан соң ғана догматикалық рәсімдеуді басынан өткізді. 
Кейіннен, уақыт өте келе өзге ұлттардың діни сенім-нанымдары еніп және 
Ислам дінін құлату, мұсылмандар арасында бүлік шығару үшін шииттік атын 
жамылып, негізгі мақсаттарына жетуді көздеген саясаткерлер көптеп кездесті. 
Өйткені, мұсылман халық Хз. Пайғамбардың ұрпақтарын жақсы көріп, оларға 
құрмет ететін. Бұл әулетке: «Әһли бәйт» дейді. Осы әһли бәйттің өшін аламыз 
деп халықты үнемі халифаға айдап салушылар әһли бәйт жайында жалған 
хадистер шығарып, жан дүниесі таза халықты басқаша сенімге жетеледі. 
Нәтижесінде, осылай болу керек, бұлай болмаса болмайды деген үлкен саяси 
күш туды. Бұларға да «шиит» деп ат берілді. 
Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған жоғарыда айтқанымыздай 
Абдуллаһ ибн Саба деп есептеледі. Ол шеткі шииттердің көшбасшысы болған 
(VІІ ғасырдың орта шені). Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында 
Мұхаммедтің де «рухани өсиетхатын қабылдаушысы» (васи) болатындығы 
туралы идея байланыстырылады. Алиді васи деп жариялау оның тегінің 
таңдаулы екендігіне баса назар аударатын. Алидің көзі тірісінің өзінде-ақ, оның 
айналасындағылардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан адамдар
 
кездескен. Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі аббасидтер әулетінің 
орнығу уақытымен, яғни VІІ ғ. соңынан VІІІ ғ. ортасына дейінгі дәуірмен 
анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Алидің 
қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы - 
Хусейннің тартқан азабы - шииттердің діни ағымға айналуына әкелген 
факторлардан саналады. 
Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау – Құранға 
иек артты. Рухани билікті Алидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы принцип – 
имамдық о бастан берілген, бекітілген дүние болмайды. Нәтижесінде заңды 
талапкерді анықтау барысында өте күрделі, кейде, тіпті шешілместей 
мәселелер туындап отыратын. Әрбір шииттік имам қайтыс болғаннан кейін 
оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып кететін, сөйтіп 


69 
Алидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке келетін адамның 
мүддесін қорғайтын. Билікті берудің принципіне қатысты көп түрлі түсініктер 
болғанымен де, шииттік ортада Алидің әулетінің мұсылман қауымында билік 
етуге елден асқан құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын. 
Шииттер, сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, 
бастауы деп есептейді. Бірақ олардың суниттерден бір ерекшелігі мынада: олар 
бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп төртінші «тақуа халиф» Алиді, 
оның жақын әріптестерін, сонымен бірге, Али әулетінен шыққан имамдарды 
таниды. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар
 
(ар. «хабар, мәлімет») деп 
атайды. Олар Мұхаммед Пайғамбардың замандастарының - Алидің 
қарсыластарының қалдырған аңыздарын жалған деп мойындамайды. Шииттік 
ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыстырғанда кейініректегі ахбарлар болып 
табылады. Олардың өзіндік канонизациялану процессі Х-ХІ ғғ. тиесілі. 
Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан 
Мұхаммед әл-Қумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мухаммед ат-
Тусидің (1067/8 ж. өлген) аттары әйгілі.
Шииттерде, суниттерге қарағанда қасірет шеккенді, азап тартқан жанды 
пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Али мен оның баласы 
Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына 
шииттер басты назар аударады. Аңыз бойынша Алидің сүйегі жерленген 
Неджеф қаласы, «ұлы азап тартушы» Хусейннің көмілген жері деп есептелетін 
тұста орналасқан Кербаладағы (Ирак) мешіт - шииттердің киелі орындары 
болып есептеледі, сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табынатын тағы бір 
жерлер - Ирандағы Қум мен Мешхед қалалары. Қазіргі таңда шииттік діни 
ілімді Иран Ислам Республикасының түгеліне жуығы, Ирак халқының 
жартысына жуығы, Ливан, Йемен және Бахрейннің басым бөлігі ұстанады. Әр 
түрлі шииттік секталар ислам елдерінің барлық аймақтарында аз не көп 
мөлшерде бар. 
Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттікте бес үлкен 
секта бар. Олар өз алдына одан да кішірек тармақтарға бөлініп кеткен. Оларға: 
қайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер 
жатады. 
Шииттер арасында Алидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін 
қайсаниттер бірінші болып бөлініп шықты. Олар Мұхаммед ибн әл-Ханафияны 
(700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Ол – Алидің ханиф тайпасынан 
шыққан күңнен туған баласы болатын. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан 
бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн әл-Ханафия Пайғамбардың қызының 
баласы емес еді. Қайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің 
мойнына «жазықсыз өлтірілген» Хусейін үшін кек қайтаруды жүктеген. 
Қайсаниттер Мұхаммед ибн әл-Ханафияны Мұхамедтің Пайғамбарлығының 
отын Али арқылы қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. 
Мұхаммед ибн әл-Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше 
секталарға және бағыттарға бөлініп кетті. Қайсаниттер қауымдары ІХ ғ. 
ортасына дейін тіршілік етті. Одан кейін басым бөлігі имамиттерге, бір бөлігі 


70 
зейдиттерге және шектен шыққан шииттік ағымдарға (ғулат) қосылып, дербес 
секта ретінде қызмет етуін тоқтатты. 
Мұхаммед ибн әл-Ханафияның кандидатурасын итеріп тастағандар 
төртінші имам ретінде Хусейннің «Кіші Али» деп атап кеткен (713/14 ж. өлген) 
ұлын мойындаған. Оның мирасқоры ретінде ұлы - Мұхаммед әл-Бақыр 
тағайындалды. Оны шииттердің көбі мойындағанмен де, Мұхаммед әл-
Бақырдың саяси енжарлығына көңілі толмаған бөлігі, оның оған қарағанда 
белсендірек ағасы - Зейд ибн Алидің маңына топтасты. Ол Куфадағы 
Омейядтарға қарсы көтерілісті басқарды, сөйтіп, шайқас үстінде (740 ж.) 
қайтыс болды. Оның жақтастары зейдиттік деген атау алған жеке сектаға 
бірігіп, бөлініп кетті. Зейдиттердің негізгі мақсаты - Али әулетінен тараған 
имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Зейд – Алидің шөбересі, 
бесінші имам деп танылды. Доктриналдық ерекешеліктеріне сай шииттердің 
ішіндегі сунниттерге ең жақыны.
Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имамдыққа келуге тек қана 
Пайғамбар әулетінің ғана құқы бар, яғни имамдық тек Фатимадан және оның 
ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Өйткені оның үлкен ұлы – Хасанның 
болсын, кіші ұлы – Хусейннің болсын ұрпақтарының билікке бірдей құқы бар. 
Басқа шииттермен салыстырғанда, зейдиттер алғашқы үш халифті билікті бір 
уысқа ұстаған қанаушылар деп есептемейді. Олар Алиді Мұхаммедтің өзінің 
мирасқоры ретінде ең алдымен Алидің жеке тұлғалық, қадір-қасиетіне қарап 
таңдағанына сенімді. Зейдтің өлімінен соң имамат, зейдиттер ілімі бойынша, 
өзінің мирасқорлық қасиетін жоғалтып, сайланбалы болып шықты. Өздерінің 
имамдарын Мұхаммед Пайғамбардан кейінгі абыройлы азаматтар деп білетін 
зейдиттер олардың қарапайым пенде екендіктерін мойындайды, сөйтіп, оларға 
тәңірлік қасиеттерді телімейді, оларды еш күнәсіз пәк жандар деп тым 
әсірешілдікке салынбайды. Зейдиттер ислам мемлекетінің имамсыз уақытша 
тіршілік етуіне болатындығын мойындайды және түрлі қауым мен түрлі 
елдерде - егер олардың арасындағы қарым-қатынас қиындаған болса - бір 
мезгілде бірнешеме имамдар шығуына болатындығын қабыл алады. Зейдиттер 
Иранда, Иракта, Хижазда, сол сияқты Йеменде де орналасқан. Йеменнің ресми 
мазһабы болып табылады.
Шииттердің ең саны жағынан көп әрі байыпты қатарын имамиттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет