Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Ежелгі Таяу Шығыс 
Таяу Шығыс ежелгі өркениеттердің бастауы болып табылады. Бұл жерден 
ежелгі грек, рим және батыс өркениеттері өз бастамаларын алған. Осы жерде 
иудаизм мен христиандық пайда болған. Қазір бұл аймақта Иран, Ирак, Түркия, 
Сирия, Ливан, Иордания, Израиль, Сауд Аравиясы және Мысыр елдері 
орналасқан. Таяу Шығыста көптеген мәдениеттер ұзақ тарихи кезеңде (ІІІ 
мыңжылдықтан- біздің эрамызға дейінгі І мыңыншы жылдықтың ортасына 
дейін) бірін – бірі ауыстырып отырды. 
Месопотамия
(грек тілінде «Өзенортасы») Тигр мен Ефрат өзендерінің 
ортасында орналасқан, қазіргі Ирак пен Сирияға қарасты аймақ. Бұл 
мәдениеттің жетістігі жазу болып табылады. Осы сына жазулардан ғалымдар
бұл қоғамдағы діннің ерекше орын алғанын айтады. Әрбір қаланың өз 
жарылқаушы құдайы болған. Абыздардың айтуынша әлем пайда болған күнде 
осы құдайдарға бұл миссия міндеттелген. Олар адамдарға өте ұқсас: 
тамақтанады, су ішеді, жақсы көреді, үйленеді, ренжиді тек адамдардан 
ақылының артықтығы және өлмейтіндігімен ерекшеленеді.
Шумерлердің діни нанымдары Месопотамиядағы ең ежелгі болып 
есептеледі. Археологиялық деректер бойынша б.э.д. IV- III мыңжылдықта Урук 
қала-мемлекет болған. Қалада екі негізгі храм болған: Анға арналған үш басқы 
құдайлардың бірі және аспан құдайы храмы, сонымен қатар Инанна ұлы ана- 
өсім беруші, махаббат және соғыс құдайының храмы. 
Ан мен Инаннамен қоса Урукте желдің патшасы Энлиль үшінші құдай 
ретінде мойындалды. Су құдайы – Энки, күн құдайы –Уту, ай құдайы- Нанна
әрбіруі әр қаланың қорғаушысы болды. Арнайы міндеттеу болмаған мен де 
құдайларға құрмет көрсетпеу немесе діни жоралғыларды жасамаудың салдары 
табиғат опатттары: су басу, құрғақшылық немесе тау тайпаларының 
шабуылына әкеледі деп түсіндірілді. Құдайлардың қаһарынан қорғанудың 
жалғыз жолы храмға садақа беру болды. Сына жазуларда храмға жасалатын 
садақа ірі малдан бастап жеміс – жидектің түрлері толық жазылған.
 


13 
Б.ғ.д. ІІІ мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап Қосөзеннің 
(Двуречья) солтүстік бөлігінде мал бағумен айналысатын семит тайпалары өмір 
сүрді. Олардың Аккад қаласы кейіннен астана болып, мемлекет атауына 
айналды. Б.ғ.д. 2316-2261 жж. Саргон патшалық еткен кезде кейбір шумер 
құдайлары аккад еліне де ауысты. Ан құдайы Энлилге, Инана Ишварға теңеліп, 
күн - Шамаш және ай – Син деп аталды. 
Б.ғ.д. ХІV ғасырдан бастап Месопотамияда біртіндеп орталығы Ашшур 
қаласы болған Ассирия мемлекеті күшейе бастайды. Олар вавилондықтардың 
құдайларына табынды, негізгі құдайлары Ашшур болды.
Вавилония Мидиямен одақтаса отырып Ассирияны б.ғ.д. 605 жылы 
құлатты. Вавилонияның басшысы Навуходоносор ІІ астананы және Мардук 
храмын қайта қалпына келтіреді. Ежелгі аккадтық космологиялық поэма 
«Энума элиш» бойынша Мардук «құдайлардың әкесі». Ол төрт аспан желімен 
және жеті дауылмен бірігіп әлемдік хауыстың көрінісі - Тиаматтың әскерін 
жеңеді.Осыдан кейін ол әлемді жасай бастайды: аспан мен жерді жасады, аспан 
шырақтарының жолын және адамды жасайтын құдайлардың мекенін анықтады. 
Б.ғ.д. 539 жылы парсылар Вавилонды басып алды, бірақ жергілікті дінді 
жоймады, сондықтан бұл құдайларға табыну б.ғ. І жылдыққа дейін жалғасты. 
Археологиялық қазбалар мен ежелгі сына жазбалар Ханаан құдайлары мен 
храмдары туралы мәліметтер береді. Ханаандық немесе ежелгі семиттік 
құдайлар Таяу Шығыс елдерінің құдайларына ұқсас, әр түрлі табиғат күштерін 
бейнеледі. Құдайлардың басында Ил (Эл, элохим) барлық құдайлар мен 
адамдардың әкесі тұрды. Оның әйелі ана - құдай Асират болды. Илдың қызы 
Анат аңшылық пен соғыс құдайы. Анат ханаандық құдайлардың ең белгілісі, 
өліп, тірілетін құдай Балудың (Ваалдың) қарындасы және ғашығы болды. Балу 
дауыл, найзағай және жаңбырқұдайы. Оның екінші аты Хаддад
«күнкүркіретуші». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет