Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
 
 
ИУДАИЗМ 
 
Еврей халқының ұлттық діні Иудей аңызы бойынша, жаратушы Тораны 
(Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынған. Тек Еврей 
ұлты ғана қабылдауға келіскен. Сондықтан, діни мағынада «Израиль» бір 
Құдайды мойындағандар мен заң кітабы - 
Тора 
арқылы Құдайға бой ұсынуға 
ұмтылушыларды білдіреді. 
Иудаизм 
термині (Ивритте «Яаадут») Иуда еврей тайпа бірлестігінің 
атынан шыққан. Иуда ең ірі Израиль тайпасы болатын. Иврит тілінде 
«Иудаизм» термині XIX ғасырдың соңында кең тарала бастады. 
Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-
Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б XI ғасырдың соңында 
болды. 
Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моралдық-этикалық, философиялық
және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі
уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап отыр. 
Танах
 
үш бөлімнен тұрады.. Тора Мұса (ғ.с.) (бес кітап
 
)
 
Нэбиим 
(Пайғамбарлар), Кэтувиим (Жазба),
 
Танах б.з.б Х ғасырдан б.з.б ІІ ғасыр 
аралығында қалыптасты. Талмуд екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Мишна 
(Қайталау). Бұл Тораға түсіндірме. Екінші бөлімі – Гемара (толық түсіндіру). 


37 
Бұл Мишнаның түсіндірмесі. Талмудта, қылмыстық және азаматтық сипаттағы 
заңдар, адамгершілік заңдар, отбасылық және жеке адам өміріне қатысты 
кеңестер бар. Талмудта 365 тиымдар және 248 бұйрық әмірлер жинақталған 
иудей әдет-ғұрыптар жүйесі бар. Иудей діни ілімінің негізі дүниені жаратушы 
бір құдіретті Яхве Құдайына деген сенім. Иудайзмда құтқарушының келуіне 
деген сенім бар. Иудаизмда бұл мессия (мәсіх) деп аталады. Иудаизм бойынша 
Мессия жер бетінде әділетті тәртіп орнатады деп есептелінеді.
Ақырзаман және өлілердің қайта тірілуіне сенім, еврей ұлтының 
жаратушының таңдаулы халқы екендігіне сенім. Бұл түсінік бойынша 
Жаратушы Моисей (Мұса) арқылы Израиль халқына Заң (Тора) беріп одақ 
құрған.
Израильда Иудаизмнің діни институттары мемлекеттік бюджеттен 
қаржыландырылады. Жоғарғы раввинат діни ұйымдар мен бірлестіктерді 
қадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддесін қорғайтын басты 
діни- саяси партия Мафдал болып табылады. 
Таяу Шығыс, Солтүстік Африка Балкан елінен келгендер – Сефард 
қауымын құрады. Еуропа, Америка, Австралия, ОАР келушілер ашкеназиялық 
қауымды құрады. 
1921 жылы Сефард және Ашкеназийлік бас раввиндер басқаратын жоғары 
раввинат кеңесі сайланды. 
Израиль мемлекетінің қалалары мен елді мекендерінде 200 діни кеңестер
( моацот, датиот) жұмыс жасайды, Израиль елінде 24 раввинат соттар жұмыс 
жасайды. Діни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орындарының 17% 
құрайды. Израильдің барлық мектептерінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін 
мамандары діни институттарда дайындалады. 
Иудаизмнің негізгі қағидаттары XII ғасырда өмір сүрген атақты философ - 
талмудшы, рабби Моисей бен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген 
төмендегідей 
13 ережелерден 
тұрады: 
1. Құдай бар. 
2. Құдай бір. 
3. Құдай денелік пішінде болмайды. 
4. Құдай мәңгі. 
5. Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс. 
6. Құдаймен қарым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады. 
7. Моисей (Мұса) - ең ұлы пайғамбар. 
8. Тораның шығуы қасиетті. 
9. Тора өзінің мән-мағнасын еш жоғалтпайды. 
10. Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі. 
11. Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды. 
12. Құдай өзінің Мессиясын жібереді. 
13. Құдай өлілерді қайта тірілтеді. 
Сенім қағидаттары «Йигдаль» (иврит - «ұлылық») әнұранында баяндалған.
«Өмір беруші Құдай ұлылығы мен даңқы шексіз», - бұл әнұранды Иудаизмді
ұстанушылар Синагогада орындайды. 


38 
Иудейлерде Құдай аты 
Яхве
(Яху, Яго, Иегова немесе Адонай). Яхве 
бастапқыдан Иудей-Израилдік пантеонда айрықша орын алады. Құдай атын 
атауға болмайды. 
Ежелгі түсінік бойынша Құдай атын атау - бұл ажалға алып келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет