Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
 
 
 
 



 
АЛҒАШҚЫ НАНЫМ-СЕНIМДЕР 
Ежелгі заман адамы өзін табиғаттан бөлек сезіне алмады, себебі оны 
қоршаған әлем құпияға толы, оның өмірі мен өлімі соған тікелей байланысты 
күш ретінде қабылданды. Осылайша ежелгі адамда табиғат – тірі және құдіретті 
деген сенім пайда болды. Бұған археологиялық қазбалардың қорытындылары, 
әр-түрлі халықтардың мифтары мен аңыздары дәлел бола алады. Хомо 
сапиенттік адамдардың жерлеу рәсімінен (үй заттары, қару-жарақ, 
әшекейлердің өлген адаммен бірге көмілуі) олардың о дүние туралы 
көзқарастарының яғни осы өмірден басқа өлгендердің де өзіндік әлемі бар 
екендігіне сенгендігі көрінеді. Сапиенттік адамның діни наным-сенімдері 
ХІХ-ХХ ғғ. Оңтүстік Франция мен Солтүстік Испания аймақтарындағы 
жартастарға салынған суреттерде де көрініс берген. Жартастада аң-аулау 
көрінісі, аңдардың терісін жамылған адамдардың, кейде зооантропоморфтық 
бейнелер суреттелген. Осы суреттерді сараптамалаудан ғалымдар ежелгі адам 
адамдар мен жануарлар арасында ерекше байланыс бар деп және де 
жануарлардың әрекетіне арнайы сыйқырдың көмегімен әсер етуге болады деп 
сенді. Соңына келе ежелгі адамдарда қауіптен қорғайтын немесе сәттілік 
әкелетін әр түрлі заттарға сену кең тарағандығы белгілі болды. 
Бұл дiни наным формаларының бiрi португалдық feіtiсo (амулет, магиялық 
зат) сөзiнен шыққан «фетишизм» деген атауды алды, ал ол өз кезегiнде factitus 
(магиялық шебер) деген латын сөзiнен шыққан. Оны алғаш рет Батыс Африкада 
португал теңiзшiлерi XV ғасырда тапқан, содан кейiн фетишизмнiң бiрқатар 
баламалары әлемнiң көптеген аймақтарында табылады. 
Фетиш ретiнде адам қиялын несiмен болмасын таң қалдырған кез келген 
зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кесегi, жануар тiсi, шебер жасалған 
фигурка, зергерлiк бұйым. Бұл затқа оның өзiне тән емес қасиеттер таңылады 
(дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу және т.с.с. қасиеттер). 
Егер мұндай затқа табынған соң, практикалық әрекетiнде адам табысқа қол 
жеткiзе алса, ол өзiне фетиш көмектестi деп санай отырып, оны өзiне 
қалдырған. Егер адам қандай да бiр сәтсiздiкке ұшыраса, онда фетиш 
лақтырылып тасталынатын немесе басқамен алмастырылатын. 
Алғашқы адамдардың фетиштерге мұндай көзқарасы таңдап алған 
заттарына деген құрметтiң бiрқалыпты болмағанын көрсетедi: көрсетiлген 
көмегi үшiн алғыс айтқан, ал көмектеспегенi үшiн жазалаған. Бұл тұрғыдан 
африкандықтардың фетиштердi азаптау ғұрпы қызықты, ол фетиштердi жазалау 
үшiн ғана емес, оларды әрекетке итермелеу үшiн жасалатын болған. Мысалы, 
фетиштен бiр нәрсе сұрай отырып, афикалықтар оның денесiне темiр шегелер 
қаққан, себебi осылайша фетиш адамдардың сұрағанын жақсы есiне сақтап, 
мiндеттi түрде оларды орындайды деп есептеген. 
Дiни нанымдардың басқа ежелгi формасы ретiнде тотемизм - адамдардың 
қандай да бiр тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгiлi бiр жануарлардың немесе 
өсiмдiктердiң түрiнiң арасында ерекше байланыстың бар екенiне сенiм болып 



табылады. Дiни нанымдардың бұл формасының атауы «ототеман» сөзiнен 
шыққан, ол солтүстiк американдық үндiстердiң оджибве тайпасының тiлiнде 
«тегi оның» дегендi бiлдiредi. 
Тотемизмдi зерттеу барысында оның пайда болуы алғашқы қауымдық 
адамның тұрмыстық әрекетi – терiмшiлiк және аңшылықпен тығыз байланысты 
болғаны анықталды. Адамдарға тiршiлiк етуге мүмкiндiк беретiн аңдар мен 
өсiмдiктер табыну объектiсiне айналды. Тотемизм дамуының алғашқы 
сатыларында мұндай табыну тотемдiк жануарлар мен өсiмдiктердi тағамға 
пайдалануды жоққа шығармады, тiптен солай жасау ұйғарылды. Сондықтан 
кейде Австралия аборигендерi тотемге деген өздерiнiң қатынасын мынандай 
сөздермен анықтаған: «Бұл бiздiң ет». Дегенмен адамдар мен жануарлар 
арасындағы мұндай байланыс өте ерте заманда болған, олардың болғандығы 
жөнiнде тек көне әңгiмелер мен зерттеушiлерге тарих қойнауынан жеткен 
тiлдегi тұрақты айналымдар ғана дәлел бередi.
Бiраз кейiнiрек тотемизмге әлеуметтiк, бiрiншi кезекте қандық-
туысқандық қатынастар енгiзiлдi. Рулық топтың мүшелерi (қан жағынан 
туыстар) өздерiнiң адамдар мен олардың тотемiнiң сипаттарын бiрiктiрген ата-
бабалардан шыққандарына сене бастады. Бұл, бiр жағынан, ата-баба культiнiң 
күшеюiне, екiншi жағынан, тотемге деген көзқарастың өзгеруiне, соның iшiнде 
тотемдi тағам ретiнде пайдалануға салынған тиымдардың (табу) пайда болуына 
әкелдi, әрине тотемдi жеу рәсiмдiк сипатта болып, ежелгi нормалар мен 
ережелердi еске түсiру жағдайларын санамағанда. 
Кейiнiрек тотемизм шеңберiнде табу деп аталатын тиымдардың тұтас бiр 
жүйесi пайда болды. Олар әлеуметтiк қатынастарды реттестiрудiң маңызды 
механизмi болып саналды. Осылайша, жыныстық-жас мөлшерлiк табу алғашқы 
қауымдық ұжымды қатаң бекiтiлген некелiк таптарға бөлдi және осылайша 
жақын туыстар арасындағы жыныстық қатынастарға тиым салды. Тағамдық 
табу көсемге, жауынгерлерге, әйелдерге, қарттарға, балаларға берiлуi тиiс тағам 
сипатын қатаң реттестiрдi. Табудың басқа бiрқатар түрлерi үйге немесе ошаққа 
қол сұқпауға, жерлеу заңдылықтарын реттестiруге, әлеуметтiк статусты, 
алғашқы қауымдық ұжым мүшелерiнiң құқтары мен мiндеттерiн бекiтуге 
шақырды. 
Алғашқы нанымдардың формаларының және солармен байланысты 
практиканың бiрi магия (грек. mageia – сиқыршылық, арбаушылық) – 
адамдарға, заттарға және объективтi дүние құбылыстарына жасырын күштер 
арқылы әсер етуге болады деген сенiмге негiзделген түсiнiктер мен 
ырымдардың жиынтығы. Дiни нанымдардың бұл формасының дереккөзiн
ағылшын этнографы Б. Малиновский
 
өзiнiң «Магия, ғылым және дiн» атты 
еңбегiнде толық сипаттап өткен. Тынық мұхиты аралдарында тұратын 
түземдiктердiң 
(жергiлiктi 
тұрғындардың) 
өмiрiн 
зерттей 
отырып,
Б. Малиновский өте қызық заңдылықты байқайды. Түземдiктердiң егiн 
шаруашылығында өнiмдерi құбылмалы болатын түйнектi өсiмдiктердi 
отырғызғанда магияны қолданатындары анықталады, бiрақ магия тұрақты, бiр 
қалыпты өнiм беретiн жемiс ағаштарын отырғызғанда қолданылмайды. Балық 



аулауда магиялық әдiстер акула және басқа да iрi, қауiптi балықтарды аулау 
кезiнде практикаланады, ал майда балықтарды аулауда магия артық деп 
саналады. Қайықтарды жасау әрқашан магиялық ырымдармен сүйемелденедi, 
ал үй құрылысында магия қолданылмайды. Бұл жағдай Б. Малиновскийге 
магиялық түсiнiктер адам өзiнiң күштерiне сенiмдi болмаған кезде, мәселенi 
шешу адамның өзiне емес, сырттан қосылған көптеген факторларға байланысты 
болатын қиындықтарға кездескен кезде пайда болады деген қорытынды 
жасауға мүмкiндiк бередi. Дәл осы жайт оны құпия күштердiң көмегiне сенiп, 
магиялық әрекеттер жасауға мәжбүрлейдi. 
Өте ерте заманда магиялық түсiнiктер мен ғұрыптар синкреттi сипатта 
болды, бiрақ кейiнiрек олардың жiктелуi орын алды. Қазiргi замандық 
этнографтар магияны әсер ету әдiстерi мен мақсаттары бойынша жүйелейдi. 
Магия әсер ету әдiстерi бойынша контактылы (магиялық күш иесiнiң магия 
бағытталған объектiмен тiкелей жанасуы арқылы), инициалды (магиялық акт 
магиялық әрекет субъектiсiнiң қолы жетпейтiн объектiге бағытталған), 
парциалды (әйтеуiр бiр жолмен магиялық күш иесiнiң қолына түсетiн 
қырқылған шаш немесе тырнақ, тағам қалдықтары арқылы жанама түрде әсер 
ету), имитативтi (объектiге ұқсас нәрсеге әсер ету) болып бөлiнедi. Әсер ету 
мақсаттары бойынша магия зиян келтiретiн, әскери, кәсiпшiлiк, емдiк, 
махаббаттық және т.с.с. болып бөлiнедi. 
Әдетте магиялық арбаулармен арнайы дайындалған адамдар –сиқыршылар 
мен бақсылар айналысқан, олар өздерiнiң рухтармен қарым-қатынасқа түсе 
алатындарына, оларға ұжымның сұраулары мен үмiттерiн жеткiзе 
алатындарына сендi. Бiрақ мұнда ең бастысы - олардың өздерiнiң ерекше 
қабiлеттерiне өздерi сенгендiгi емес, оларға ұжымның сенiп, ең қиын 
дағдарысты сәттерде олардан көмек сұрағандары. Сәйкесiнше, сиқыршылар 
мен бақсылар алғашқы қауымдық адамдар арасында ерекше құрметке ие болды. 
Ақыр аяғында, нанымдардың алғашқы формалары жөнiнде айта отырып, 
анимизмдi (лат. anima - жан) – жан мен рухтардың бар екенiне деген сенiмдi 
еске түсiрмеуге болмайды. Анимистiк нанымдардың тиянақты талдамасын 
ағылшын антропологы Э. Тайлор
 
(1832-1917) өзiнiң «Алғашқы мәдениет» 
еңбегiнде берген. Э. Тайлордың теориясы бойынша, бұл нанымдар екi бағытта 
дамыған. Анимистiк түсiнiктердiң бiрiншi қатары ертедегi адамның ұйқы, 
елестер, дерт, өлiм құбылыстары жөнiндегi ойлануларының нәтижесiнде, 
сондай-ақ транс пен галлюцинацияларын бастан кешiру барысында пайда 
болды. Бұл күрделi құбылыстарды дұрыс түсiндiре алмаған «алғашқы 
қауымдық адам» адам денесiнде болатын және кейде одан шығып кетiп 
отыратын жан туралы ұғымды, кейiнiрек бұған қарағанда күрделiрек, дене 
өлген соң жанның өмiр сүретiндiгi жайлы, жандардың жаңа денелерге көшетiнi 
туралы, о дүние жайында түсiнiктер қалыптастырады. Анимистiк 
нанымдардың екiншi қатары қоршаған ортаны кейiптеу мен рухтандыру сияқты 
алғашқы адамдарға тән талпыныстан туындайды. Ерте замандағы адам 
объективтi дүние құбылыстары мен заттарын өзiне ұқсас, қалаулары, еркi, 
сезiмдерi, ойы бар деп қарастырған. Осыдан табиғаттың, өсiмдiктердiң, 



жануарлардың қаһарлы күштерiнiң жеке рухтарына деген сенiм пайда болады
бұл сенiм күрделi эволюция барысында политеизмге, содан кейiн монотеизмге 
ауысады.
Анимизмнiң кең таралғандығы жөнiндегi дерекке сүйене отырып, Э. 
Тайлор мынандай формуланы ұсынады: «Анимизм дегенiмiз бұл дiн 
анықтамасының минимумы». Бұл формуланы көптеген дiнтанушылар өздерiнiң 
құрылымдарында пайдаланды, дегенмен анимизмнiң тайлорлық тұғырнамасын 
талқылау барысында оның әлсiз жақтары да көрiндi. Қарсы дәлел ретiнде 
алғашқы қауымдық адамдардың дiни нанымдары (мысалы, тотемизм немесе 
фетишизм) көбiнесе анимистiк түсiнiктердi қамтымағанын дәлелдейтiн 
археологиялық және этнографиялық мәлiметтер келтiрiлдi. Мұндай нанымдар 
«преанимистiк» деп аталды. Дегенмен анимистiк сенiмдердiң әлемнiң барлық 
дiндерiнiң құрамдас және аса маңызды бөлiгi болып табылатынына күмән жоқ. 
Рухтарға, жын-шайтанға, өлмейтiн күштерге сену – мұның бәрi алғашқы 
қауымдық анимистiк түсiнiктердiң модификациялары. 
Алғашқы дiни наным-сенiмдердiң басқа формалары жөнiнде де осыны 
айтуға болады. Демек, осы күнге дейiн сақталған тұмар, бойтұмарларға, 
қасиеттi заттарға сену алғашқы қауымдық фетишизмнен қалған қалдықтардан 
басқа ештеме емес. Тотемизмнiң сарқыншағын көптеген дiндерде кездесетiн 
тағамдық тиымдардан, жануар бейнесiндегi жаратылыстарды бейнелеуден 
көруге болады. Магиялық нанымдар мен ғұрыптар барлық дiндердiң культтiк 
практикасының негiзiне салынды. Тұрмыстық ырымдар саласында: дуалауға, 
бал ашуға, үшкiруге сенiмде магияға маңызды орын берiлген. 
Адамзат қоғамының дамуының ерте сатыларында дiни нанымдардың 
алғашқы формалары таза күйiнде болған жоқ, олар бiр-бiрiмен ерекше күйде 
тұтасып жатты. Сондықтан бұл нанымдардың қайсысының бiрiншi пайда 
болғандығы жөнiнде сұрақ қою аса дұрыс бола қоймайды. Мұнда дiни 
нанымдардың кешенi туралы сөз болуы керек сияқты. Бұл кешеннiң құрылымы 
аса көп қырлы. Мысалы, Австралия аборигендерiнде табу жүйесi мұқият 
құрылған тотемизм басым болды. Сiбiр мен Қиыр Шығыстың сансыз көп 
халықтарының арасында магия және онымен тығыз байланысты шаманизм 
практикасы үстем болды. Африка халықтарына келсек, олар фетишизмге 
бейiмдiлiктерiмен ерекшелендi. 
Осылайша, егер дiннiң пайда болу уақыты жөнiндегi мәселе әлi де 
шешiмiн таппай отырса, ал дiни нанымдардың бiзге дейiн жеткен ең ежелгi 
формалары ХIХ-ХХ ғасырларда археологтар, этнографтар, антропологтар және 
дiнтанушылар тарапынан жеткiлiктi дәрежеде жақсы зерттелiндi. Мұндай 
формалар ретiнде фетишизм, тотемизм, магия және анимизм болғандығы 
көпшiлiкпен мойындалған. Бұған қоса, алғашқы наным-сенiмдердi талдау 
олардың бастамасын арғы ата-бабаларымыздың тұрмыстық жағдайлары мен 
ойлау ерекшелiктерiнен iздеу керектiгiн көрсеттi. Дiни нанымдар мен 
көзқарастардың эволюциясы қоғамдық өмiрдегi өзгерiстермен тығыз 
байланысты, бұл дiннiң рудименттi формаларын қарастырумен ғана емес, 
сондай-ақ оның бүкiл тарихымен дәлелденедi. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет