32
қызметтерінің тізімін жасады. Мемлекетке опасыздық жасау мен көтеріліс
жасағаны үшін қатал жазалар қолданылды. Тан әулеті өз тегін ресми
құдайландырылған Лао-цзыдан бастады.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай
эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген
діни синкретті топтар 1960 ж. ҚХР-да құдалауға ұшырады, бірақ 80 жж. бастап
олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды.
Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар,
галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даостық
храмдарға, монастірлер мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады.
Қытайдағы «Даосизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы»
жұмысын қайта жандандырған.
Кореяға даосизм Лао-цзы мен Чжун-цзы идеяларымен бірге ортағасырда
үшпатшалық кезеңінде Қытай арқылы ене бастап, саясат, мәдениет және
күнделікті өмір салтына таралды. Даосизм Кореяда басты орындардың бірін
алмаса да, қуғынға ұшырап отырды, дегенмен қазіргі замандық корей
қоғамында даосизмнің әсерлері байқалады.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фэн-
шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фэн-шуй
«жел және су» - өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл – адамның
ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі
арқылы әлеммен гармонияда болуы.
«Фэн-шуй» жүйесі – адамның жанында энергетикалық үйлесімділік құру
әдісі ретінде танылады. Бұл жүйемен шұғылданушылардың пікірінше, заттарды
дұрыс орналастыру мен түрлі түстердің гаммасын орынды қолдану арқылы
денсаулыққа, энергетика тұрғысынан жетістік пен табысқа қолайлы
жағдайларды жасауға болады. Адам бұл жүйеде Ғаламның энергетика
заңдылықтарына бағынатын кішігірім объектісі ретінде қарастырылады.
Фэн-шуй ТМД территориясына Қытайдан емес, Батыс елдері, соның ішінде
Англия мен Германиядан келген. Батыста Халықаралық «Фэн-Шуй» орталығы
құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында
тіркелген. Алматы мен республиканың бірқатар ірі қалаларында фэн-шуй
жүйесін практикада қолдану бойынша жұмыстар атқаратын орталықтар бар.
Геомантия немесе фэн-шуй идеялары медицинаның, яғни шөппен емдеудің
қытайлық әдістері, акупунктура, инемен емдеу жолдарына бастама берді. Фэн-
шуйден басқа даосизм іліміне негізделген бағыттар цигун – тыныс алу
гимнастикасымен байланысты психологиялық-физиологиялық практикалар,
сондай-ақ дәстүрлі ушу өнерінің кейбір стильдері де танымал.
Жалпы алғанда, даосизмнің қытай мәдениетіне үлкен әсері болды.
Алхимиямен шұғылдану химия, фармакология саласында бай эмпирикалық
материалдың
жиналуына
ықпалын
тигізді.
Даостық
ғалымдардың
шығармаларында металлдар мен минералдар, қағаз жасау сыры, оқ-дәрі,
фарфор, жібек, дәрілер рецептін баяндайтын деректер сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: