Дінтану негіздері


ТАПТЫҚ ҚОҒАМҒА КӨШУ КЕЗЕҢIНДЕГI ДIН ЭВОЛЮЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет3/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
 
ТАПТЫҚ ҚОҒАМҒА КӨШУ КЕЗЕҢIНДЕГI ДIН ЭВОЛЮЦИЯСЫ 
Қарастырылған алғашқы наным-сенiмдердiң кешенi ана немесе мына 
тайпа мен рудың тұрмыс жағдайын, әлеуметтiк байланыстарын, материалдық 
мәдениет және т.с.с. ерекшелiктерiн көрсететiндiктен, ала-құла болып келетiн 
ру-тайпалық дiндердiң өзегiне айналды. 
Таптық қоғамға дейiнгi кезең өндiргiш күштердiң дамуының төмен 
деңгейiмен және қарапайым әлеуметтiк қатынастармен сипатталды. Ол 
көптеген мыңжылдықтарға созылды және осы кезең аралығында қоғамдық 
өмiрде де, дiни наным-сенiмдерде де көзге түсерлiк өзгерiстер орын алды. 
Рулық құрылыстың алғашқы сатыларында дiни табынудың объектiсi табиғат 
болды. Географиялық орта мен шаруашылық мамандануға байланысты 
алғашқы қауымдық адамдарды қоршаған ортаның әр түрлi жақтары ерекше 
қасиеттерге 
бөлендi. 
Мысалы, 
терiмшiлiк 
және 
қарапайым 
егiн 
шаруашылығымен айналысқан тайпалар өсiмдiктер мен аспан шырақтарына, ал 
аңшылықпен айналысатын тайпалар жабайы аңдарға табынды. Бiрақ ру-
тайпалық дiндерде тек қана табиғат күштерi мен шаруашылық әрекетiнiң 
ерекшелiгi бейнеленген жоқ, сонымен қатар әлеуметтiк қатынастар да көрiнiс 
тапты. Мысалы, матриархаттың патриархатқа ауысуы және осының негiзiнде 
пайда болған қоғамның жаңа ұйымдастырылуы дiни санада айтарлықтай 
өзгерiстер тудырды. Матриархат кезiнде барлық жерлерде дәрiптелетiн әйелдiк 
рухтар ендi еркек жынысты рухтармен ығыстырылды. Культтi орындау сондай-
ақ еркектердiң iсiне айналады. Ерте рулық құрылыс кезеңiнде дiни нанымдар 
тайпаластардың 
нағыз 
теңдiгiн 
де 
бейнеледi. 
Негiзiнен 
рухани 
жаратылыстардың өзiне тән өзгешелiгi жоқ болды, сондықтан адамдарда 
рухтардың иерархиясы жөнiнде түсiнiктерi болмады. Культтiк әрекетте 
магиялық ғұрыптар мен сахналаулар басым келдi және оларға тайпаның барлық 
мүшелерi қатысты. Сиқыршылар, бақсылар, рухтарды арбаушылар дiншiл 
бұқарадан әлi қатаң бөлiнбеген едi. 
Ру-тайпалық қатынастардың ыдырауы мен тайпа iшiндегi әлеуметтiк 
жiктелудiң тереңдеуi дiни наным-сенiмдердiң айтарлықтай өзгерiстерге 
ұшырауына әкелдi. Уақыт өте келе қауымның кейбiр мүшелерiнiң қолына 
материалдық байлықтар жинақталып, қатардағы тайпаластары олардың қол 
астына түсе бастайды. Көсемдердiң шығуы және олардың тайпа өмiрiндегi 
рөлiнiң күшеюi бiртiндеп олардың сакралдануына әкеледi, олар өлгеннен кейiн 
ғана емес, тiрi кезiнде де дiни дәрiптеу объектiсiне айналады. Тайпа iшiндегi 
әлеуметтiк жiктелу мен тайпалық ақсүйектердiң қалыптасуы да дiни 
түсiнiктерде көрiнiсiн тапты. Бұрынғы аморфты және өзiндiгi жоқ рухтарға 
атаулар берiледi, оларға белгiлi бiр қызметтер таңылады, көптеген белгiлерi 
бойынша әлеуметтiк иерархияны елестететiн рухтар иерархиясы пайда болады. 
Полидемонизм – рухтардың көптiгiн дәрiптеу - өзiнiң соңғы кезеңiне енедi. 
Оның орнына аса құрмет тұтылатын рухтарды құдайларға айналдыратын 
политеизм келедi. Денеден тыс жандар мен ата-баба аруақтары, жергiлiктi 


11 
жартас данышпандары, қайнарлар мен ағаштарға қарағанда, құдiреттiрек 
құдайлар жоғарылай бастайды, олардың әсер етуi жергiлiктi, дербес немесе 
тайпалық жағдайлармен шектелмейдi. Үндiстанның таулы аймақтарын 
мекендейтiн кондылар – дравид тайпаларының дiни түсiнiктерi политеизмнiң 
қалыптасуын көрсететiн жақсы иллюстрация бола алады. Кондылардың әлемiн 
сансыз көп жергiлiктi рухтар мекендеген, олар табиғат құбылыстарын 
басқарып, адам өмiрiне әсер етедi. Жергiлiктi рухтардан жоғарырақ құдайға – 
тайпалардың қорғаушысына айналған ғұлама адамдардың жандары тұрады. Ал 
олардан жоғары алты ұлы құдай: жаңбыр құдайы, алғашқы жемiстердiң әйел-
құдайы, өнiмдiлiк құдайы, аңшылық құдайы, соғыс құдайы, өлгендердiң 
төрешi құдайы орын тапқан. Бұл құдайлардан да жоғарырақ - күн құдайы Бура 
Пенну мен оның әйелi, құдiреттi жер құдайы Тари Пенну. 
Иерархиялардағы ең жоғары орынды көбiнесе аспанмен немесе аспан 
құбылыстарымен байланысты құдайлар алды (Қытайда – Тань, Мысырда – Ра, 
Үндiстанда – Индра мен Шакра). Жер құдайлары политеистiк жүйелерде аспан 
құдайларымен бiр қатарға қойылды. Мысалы, Қытайдың ежелгi табиғат 
культiнде Тянь (Аспан) мен Ту (Жер) бiр-бiрiмен ерлi-зайыптылық байланыста 
бола отырып, әлемдiк ата-ана ретiнде құрметтелдi. Ведалық гимндерде жер 
құдай-анасы Притгиви айтылса, ведалық дiндердiң қызметшiлерi рақымшылық 
сұрап, Аспан-Әкеге ғана емес, Жер-Анаға да жалбарынған. Ежелгi грек дiнiнде 
жер бейнесi ретiнде аспанды, теңiз бен тауларды жаратқан және аспанды 
кейiптейтiн құдай - Уранды өзiне жұбайы еткен Гея болды.
Политеистiк жүйелерде жауынгер-құдайлардың маңызы зор болды, бұл ру-
тайпалық қатынастардан таптық қоғамға көшу кезеңiне тән қиратушы 
соғыстарға байланысты болды. Бұл соғыстардың барысында тайпалардың 
бiрiгуi, тайпалық одақтардың құрылуы орын алды. Осыған сәйкес дiни 
түсiнiктердiң синтезi байқалды. Политеистiк пантеонның басына әдетте 
гегемон тайпаның құдайы орнықты. Осылайша политеизмнiң бiр түрi – 
генотеизм - адамдардың ана немесе мына қауымы көп кұдайлардың бар екенiн 
мойындай отырып, өзiнiң тiкелей қамқоршысы ретiнде көп құдайдың iшiнен 
тек бiреуiн санап, соған табынуы пайда болады. Бұл жерден монотеизмге дейiн 
бiр ғана қадам қалады. 
Ру-тайпалық құрылыстан таптық қоғамға көшу кезеңiнде айтарлықтай 
өзгерiстер дiни практика саласында да болды. Құдайларға деген қатынас өлген 
адамдардың аруақтарына деген және адамның рухани табиғатының үлгiсi 
бойынша пiшiмделген кескiнi жоқ табиғат рухтарына деген қатынастардан 
ерекшелене бастады. Егер адамзат қоғамының дамуының ерте сатыларында 
өлген адамдардың жанымен, рухтармен қарым-қатынас жасау әрекетi 
адамдардың күнделiктi бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауының ары қарай 
дамуы деп қарастырылса, кейiнiрек бұл қатынастар өз мәртебелерi бойынша 
салыстыруға келмейтiн жаратылыстардың қатынасы сипатына ие болады. 
Құрбан шалу сипаты да өзгередi. Сансыз көп құрбандықтар, соның iшiнде 
адам құрбандықтары әлеуметтiк иерархияда жоғары тұратын адамдардың 
жандарына ғана емес, сондай-ақ бiрiншi кезекте құдайларға шалынады және 


12 
бұл құрбандық шалулар қатаң белгiленедi. Құрбандық шалулардың астарлары 
мен бүге-шiгесi бiртiндеп қатардағы дiншiл бұқарадан бөлектенген және 
әлеуметтiк иерархияда ең жоғары орындардың бiрiн алатын ерекше жiктi 
құраған абыздарға мәлiм болды. Көбiнесе абыздық мұрагерлiк мамандық 
болды, бұл ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн абыздық бiлiмнiң тылсымдық 
сипатымен байланысты болды. Дiни өмiрдiң ордасына айналған тұрақты 
ғибадатханалар мен храмдар пайда болады. Құрбандық шалулар, храмдық 
жерлерден алынатын кiрiс, сондай-ақ зайырлы билiктiң материалдық қолдауы 
абыздықтың экономикалық және саяси әсерiн нығайтады. 
Осылайша, қарастырылып жатқан кезеңде дiн қоғамдық өмiрдiң 
салыстырмалы түрде дербес саласына айналады, дiн тарихында жаңа бет - 
мемлекет болып құрылған халықтардың дiни жүйелерiнiң дамуы мен қызмет 
етуi жайында баяндайтын бет ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет