14
Мысырлықтардың о дүниедегі өмірге сенгендіктерін табыттарда
салынған суреттерден көруге болады. О дүниелік өмір осы дүниедегі
өмірден
айырмасы болмаған. Алғашында патша Ра құдайының қолдауымен о дүниеде
өмір сүреді деп есептелді, кейіннен патшаның
өмірі Осирис құдайымен
баланыстырылды. Осирис өзінің қызғаншақ бауыры шөл құдайы Сеттің
қолынан өлген. Әйелі Исида мен ұлы Гордың арқасында о дүниелік
өмірдің
патшасы болып, өлімнен кейінгі өмірдің символына айналған.
Мысырлықтар үшін адам денесі осы өмірде қалады да жан (Ба) ұшып
кетеді, ал рух (Ка) дененің формасында болады.
Ежелгі Мысырдың негізгі құдайларының бірі Амон – құдайлардың
патшасы, фараондардың қорғаушысы, кейінен күн құдайы Рамен теңестірілген.
Анибус –
өлгендердің қорғаушысы, Гор – Құдай – сұңқар аспан мен
күнмен байланысты, патшалық биліктің қорғаушысы, Исида – су, жел құдайы,
жұбайлардың
сенімдігінің символы, Тот – ай құдайы,
ғылымдардың
қорғаушысы, жазуды ойлап табушы, Хатор – аспан, махаббат, және би құдайы,
жұлдыздардың ғашығы, Хнум – құдайларды, адамдарды және суды жасаушы.
Достарыңызбен бөлісу: