67
арқылы бекітілгеніне сенетін қауымға берілген есім болып табылады. Бұл
бағыттың қазіргі таңда ең көп таралған жері Иран Ислам Республикасы болып
табылады.
Бүкіл шииттер Алидің Мұхаммед Пайғамбар тарапынан халифа етіп
тағайындалғанын және оның ең ұлы сахаба екендігін бір ауыздан қабылдап,
мойындайды. Алидің шииттер тарапынан осыншалықты дәріптелуі сол кездегі
әлеуметтік-саяси ахуалға тікелей қатысты нәрсе. Өйткені Мұхаммед Пайғамбар
өзінен кейін орнына кімнің «имам» (басшы)
болатындығын айтпай кеткен
болатын. Бұл жерде «имамдық» немесе халифалық мәселесінде екі түрлі
көзқарас ортаға шықты:
- Халифаның кім болатындығы айтылмаған;
- Халифаның қай жанұядан болатындығы айтылған.
Бірінші көзқарас ансар (Меккеден Мединеге қоныс аударғандарға
көмектескендер) мен көптеген мухажирлерге (Меккеден Мединеге қоныс
аударғандар), ал екінші көзқарас кейбір хашимиттерге, кейіннен шииттерге тән
көзқарас болып табылады.
Мұхаммед Пайғамбар дүниеден өткен соң сахабалар мұсылман қауымын
басқаратын біреуді шұғыл түрде іздестіруге кіріседі.
Шииттік әдебиеттер
мемлекет басшылығының (имамат) құран және сүннет, сондай-ақ өсиет етумен
болатындығын алға тартып, Имамның тікелей Мұхаммед пайғамбар тарапынан
тағайындалғанын, жалпы халықтың еркіндегі мәселе еместігін баяндайды. Оған
өздерінің дәлелдерін ұсынады. Мысалы, алғашқы имамның Али екендігін
айтатын шииттер «Өсиетнама» немесе «Қалам-қағаз» оқиғаларын дәлел
келтіреді. Тіпті кейбір Құран аяттарын да көрсетеді.
Шииттіктің шығуына байланысты бұдан басқа көптеген себептер
көрсетіледі. Үшінші халиф Османның тұсындағы
ішкі саяси оқиғалар бұл
ағымның ерекше қалыптасып, таралуына себеп болды. Ислам әдебиеттерінде
Абдуллаh ибн Саба деп көрсетілетін адам Османның кейбір іс-әрекеттерінің
дінге
қайшы екендігін айтып, халықты оған қарсы көтеріліске шақырумен
болады. Ислам тарихынан белгілі болғандай нәтижесі қанды оқиғалармен
аяқталады.
Алидің халифалығы тұсында шииттердің мынадай бағыттары болғаны
айтылады:
- Муфаддила
(Парасат иелері): Алиді сахабалардың
ең жоғарысы және
халифа болуға бірден-бір лайықты адам екендігіне сенетіндер. Бұлар барлық
сахабаларды құрметтейді. Исламға қарсы ешбір әрекеттері жоқ. Муфаддилалар
уақыт өте келе сунниттермен қосылып кетеді. Түйе және Сыффин
соғыстарында Алиді қолдап жақтағандар осылар.
- Сабба (Абдуллаһ ибн Саба жақтастары)
: Алидің сахабалардың ең ұлысы,
әрі халифалыққа ең лайықты екендігіне сенбейтін бүкіл басқа сахабаларды
лағынеттеп, балағаттайтын шииттік топ. Бұлар алғашқы үш халифаны өздеріне
тиісті емес орынды әділетсіз түрде алған адамдар деп есептейді. Имамия және
Иснаашария осы Саббаның жалғасы болып табылады.
68
- Ғалия (Шектен шыққандар): Алидің Тәңір
екендігін алға тартатын
Абдуллаһ ибн Сабаның жақтастары. Ибн Саба алғашқы рет «өсиет» және
«рижъат» (қайта оралу) доктриналарын, яғни Мұхаммед Пайғамбар Алиді бір
өсиетпен халифа еткенін және Мұхаммедтің өлмегенін, халифалықты Алиге
беру үшін
қайта келетінін сенім түрінде насихаттайды. Бұлар Алиге «сен
құдайсың» деп сәжде еткен
уақытта бір бөлігін өртетіп, бір бөлігін жер
аудартып жібертеді. Али ислам сенім жүйесіне зиян келмесін деген мақсатпен
Ибн Сабаны дарға астырады.
Шииттік
Достарыңызбен бөлісу: