Қала-Қарбалас
2
// «Жамбыл - Тараз» // №41 (1329), 12 қазан 2016 Жыл //
«Нұр отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында «қазақстан – 2050» демократиялық
күштердің Жамбыл облыстық коалициясының кезекті отырысы өтті.
ашық пікір тоғысқан алаң
«Нұр отан» партиясы
облыстық филиалында
Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық
басқармасы және
бәсекелестікті
қорғау және табиғи
монополияларды реттеу
департаменті өкілдерінің
қатысуымен тарифтерді
белгілеу бойынша
тұрғындарға және ПИк
жетекшілеріне түсіндіру
шарасы жүргізілді.
баға саясаты
бақылауда
ерман ӘБдИев
Аталмыш басқосуды жүргізген «Нұр
Отан» партиясы облыстық филиалы
төрағасының орынбасары Шәбден
Тілеумұрат алдағы қысқы маусым
қарсаңында тұрғындардың жылу энер-
гия көздеріне бағаның қаншалықты
көтеріліп, қызмет түрлерінің сапасын
арттыруда қандай жұмыстар жүргізіліп
жатқандығын түсіндіру – мемлекеттің
осы бағытта жүргізіп отырған
жұмыстарын түсіндіру екендігін баса
айтты. Ал ҚР Табиғи монополиялар-
ды реттеу және бәсекелестікті қорғау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаменті басшысының орынба-
сары Ерболат Дүйсембиев бүгінгі
жағдайды баяндап өтті.
- Бүгінгі күні өңірде 44 нысан
тұрғындарға 58 қызмет түрін ұсынады.
Осы мекемелерден қазіргі күнге дейін
департаментке тарифтерді бекіту
және қайта қарау бойынша 36 өтінім
келіп түсті. Қаралған өтінімдердің
ішінде 17-сі бекітілді. Сондай-ақ өткен
жыл мен есепті мерзім аралығында
тұрғындардан энергияны артық
есептеу бойынша 49 миллион теңге
қайтарылды. Ендігі бір мәселе – энерги-
яны үнемдеуде есептегіш құралдарды
орнату жайы. Есепті мерзімде суық
су есептегіш құралдары 96,1 пай-
ыз, ыстық су есептегіш құралдары
89,2 пайыз және жылуды есептегіш
құралдарын орнату 21,4 пайызды
құрайды. Жалпы облыста тұрғындар
28,8 пайыз есептегіш құралдарын
орнатып отыр. Бұл жұмыстар өз
жалғасын табуда, - деді Ерболат
Еспайұлы. Сонымен қатар, бүгінгі
күні облыс орталығында «Нұрлы жол»
мемлекеттік бағдарламасы аясында
коммуналдық шаруашылық бойынша
үш жоба жүзеге асып жатқандығын ай-
тып өткен облыс әкімдігінің тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық басқармасы
басшысының орынбасары Нұрбай
Тілегенов жұмыстардың барлығы
қазан айының соңына дейін толық
аяқталатындығын жеткізді. Қысқа
дайындық қазір жоғары деңгейде.
Аймақта 1574 көп қабатты үй болса,
ондағы жұмыстар 99 пайызға дайын
екен. Басқосуға қатысып отырған ПИК
өкілдері бүгінде көп қабатты тұрғын
үйлерге қойылып жатқан есептегіш
құралдардың бағасы көтерілгендігіне
қынжылыс танытты. Расында, бұл
жеке тұрғындардың қалтасына түседі.
Өйткені ақтау мерзімі тым қысқа. Қалай
дегенде де, жиынды қорытындылаған
Шәбден Тоқтасынұлы жауапты меке-
ме өкілдері тұрғындардың ортасына
барып, жылуға дайындық жайын
және қазір жөндеу жұмыстары жүріп
жатқан нысандардың қай мерзімде
аяқталатындығын түсіндіру артық
болмайтындығын айтты.
Индира БаЙҚоНЫС
Аталмыш кітапхананың оқырмандары
Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің алдына
көптеп жиналды. Әуелі көпшілік қауым ал-
дында сөз алған кітапхана қызметкері Анар
Оңғарбаева бұл іс-шараның маңыздылығына
жан-жақты тоқталды.
- Бүгін біз егемен ел атануымыз үшін
қасықтай қаны қалғанша күре скен
ұлтымыздың біртуар азаматы Қайрат
Рысқұлбековтің ескерткіші алдында бас
қосып, тәуелсіздік жолында құрбан болған
қаһармандарымызды еске алып отырмыз.
Ата-бабаларымыздан бізге мирас болып
қалған азаттықтың қадірін біліп, Қазақ елінің
дамуына өз үлесімізді қосу - перзенттік пары-
зымыз, - деді Анар Оңғарбаева.
Мұнан кейін мектеп оқушылары «Елімнің
бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітаптар
көрмесін тамашалап, оқырмандар арасын-
да Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік
мерекесіне байланысты қызықты ойындар да
ұйымдастырылды.
Сондай-ақ мерекелік іс-шараның көркін
№10 мектеп оқушысы Іргебай Әшім, №38
мектептің оқушылары Ислам Есіркепов
пен Луиза Есіркепова және №43 мектептің
оқушысы Нұрлыбек Шәкіш отты жырларды
арсен БаЙЗаҚ
Жиынды ашып, жүргізген «Нұр Отан» пар-
тиясы облыстық филиалы төрағасының орын-
басары Шәбден Тілеумұрат:«Қазақстан – 2050»
Демократиялық күштердің жалпыұлттық коа-
лициясы – 6,5 миллионнан астам Қазақстан
азаматтарын қамтитын еліміздегі диалог
жүргізетін ең ірі алаң. Коалиция құрамына
5 жетекші саяси партия, аса ірі 17 қоғамдық
бірлестік, 500-ден астам аймақтық үкіметтік
емес ұйымдар, қоғам қайраткерлері кіреді.
Коалицияның мақсаты – диалог алаңына
қатысушылардың пікірлерін ескере отырып,
келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында
халық арасында резонанс тудырған
мәселелерді, соның ішінде келеңсіз мәселелерді
талқылауға шығару. Бүгінгі басқосуымызда
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Ин-
дустрияландыру және экономикалық өсім»
3-бағытының облыста жүзеге асырылу бары-
сы туралы болмақ. Елбасы, партия Төрағасы
Н.Ә.Назарбаев ұсынған кәсіби мемлекеттік ап-
парат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету,
индустрияландыру және экономикалық
өсім бағыты, біртектілік және бірлік, есеп
беретін мемлекетті қалыптастыру сынды
бес институционалдық реформаны жүйелі
жүзеге асыру тұрғысында жарияланған «100
нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның
мемлекеттілігін нығайтуға әрі күрделі
кезеңнен өтуіне жол ашуға арналғаны белгілі.
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын
жүзеге асыру мақсатында 49 нақты қадам
белгіленген. Ондағы негізгі мәселелер индус-
трияландыру, инфрақұрылымдарды дамыту,
әлеуметтік жаңғырту, мүлікті және қаржыны
заңдастыру, жер қатынастары мен құрылыс
салаларына қатысты. Реформалардың үшінші–
«Индустрияландыру және экономикалық
өсім» бағытының бірінші кезеңі ең алдымен
оның нормативтік-құқықтық қамтамасыз
етілуін құруға, сәйкес ақпараттық және
ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарын
өткізуге саяды. 2015 жылы осы бағыт бойынша
Мемлекет басшысы тарапынан қол қойылған
30 заң жобасын ҚР Парламенті қабылдады.
Бұл заңдарды 2015 жылы іске асыруда 290
нормативтік-құқықтық актілер (Президент
Жарлықтары, Үкімет қаулылары, орталық
мемлекеттік органдардың бұйрықтары, облыс
әкімшіліктерінің қаулылары мен мәслихат
шешімдері) әзірленуде, келісілуде және
қабылданды. 2016-2018 жылдары 7 заң жобасын
әзірлеу және ҚР Парламентінің қарауына беру
жоспарлануда. Бүгінде ақпараттық-түсіндіру
жұмысында жаңа заңдар мен заңға бағынышты
актілердің ерекшеліктеріне халықтың наза-
рын аудару ғана емес, сонымен бірге рефор-
маны жүзеге асыру бойынша жұмыстардың
жүргізілуі туралы тұтастай айтып беру
де маңызды. Ағымдағы жылы Қазақстан
халқы міндеттері Мемлекет б+асшысының
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жол-
дауында айқындалған, белгіленген реформа-
ларды іске асыруға кіріседі.Осы реформалар
елдің болашағын анықтайды. Ел Президенті
өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға
бас-тайтын жол» мақаласында: «Қазақстанның
дамудың жоғары әлемдік стандарттарына қол
жеткізуіне ықпал ететін жаңа қазақстандық
заңнамалар қазірдің өзінде жұмыс істей
бастады. Сондықтан қазір қазақстандықтардың
олар туралы тек біліп қана қоймай, сондай-ақ
олардың практикалық өмірде, экономикалық
қызметте немесе қоғамдық қатынастарда
беретін жаңа мүмкіндіктерін қолданулары
маңызды» деп атап өтті. Осындай алаңдарда
жалпыреспубликалық тақырыптардан басқа
ғаламтор кеңістігінде, баспасөз беттерінде жа-
рияланып жүрген, азаматтардың өтініштерінде
және қоғамдық қабылдау бөлмелерінде
қабылдаулар барысында айтылатын аймақтық
проблемалы мәселелер талқылануы мүмкін»-
деді. Бұдан кейін «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарының «Индустрияландыру және
экономикалық өсім» бағытының аймақта
жүзеге асырылу барысы туралы облыс
әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-
инновациялық дамыту басқармасының басшы-
сы Болат Есімбеков пен облыс әкімдігінің эко-
номика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
басшысының орынбасары Нұрипа Нұржігітова
хабарлама жасап, қатысушы азаматтардың
сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ басқосуда
бірнеше ұсыныстар айтылды.
- Елбасы төңірегіне топтасып, Мәңгілік
Ел болуды мақсат тұтқан халқымыз үшін
жүргізіліп келе жатқан кешенді реформа-
ларды жалғастырып, батыл бастамаларды
жүйелі іске асыру - аса маңызды, кезек
күттірмейтін іс. Сондықтан осындай келелі
шараларды азаматтық қоғамның атсалысуын-
сыз жүзеге асыру мүмкін емес екені белгілі.
Елбасы «демократиялық қоғамның ажырамас
бөлшегі» деп атаған азаматтық қоғам инсти-
туттарына осынау ауқымды реформаларды
іске асыруда аса үлкен жауапкершілік артыла-
ды, - деді жиынды қорытындылаған Шәбден
Тоқтасынұлы.
айбыНды елдің
ұрПағымыз
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына да аз уақыт қалды.
ұлық мерекеге орай, қала көлемінде түрлі патриоттық іс-шаралар лек-легімен
өткізілуде. Соның бірі облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының
ұйымдастыруымен өткен «асқақтай бер, айбынды қазақстан!» атты мерекелік
тартуын айтуға болады.
тебірене оқыса, №7 мектептің оқушысы
Аруна Өмірбаева мен №43 мектептің
оқушысы Жасұлан Әуезов әсем әннен шашу
шашты. Патриоттық іс-шарадан ұлттық
рухы асқақтай түскен өскелең ұрпақ бабалар
аманатына адалдық танытады деп сенеміз.
Кітап - алтын қазына. Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.
// «Жамбыл - Тараз» // №41 (1329), 12 қазан 2016 Жыл //
Қала-Қарбалас
3
Тазалыққа бәріміз ЖауаПТымыз
Өзіміз өмір сүріп отырған ортаның таза болуы тікелей сол қаланың тұрғындарына
байланысты. Саф ауа, кіршіксіз табиғат - адам денсаулығының нық кепілі. міне, осындай
маңызды міндетті жіті түсінетін тараздықтар екі айлық барысында сенбіліктерге
белсенді қатысып келеді.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат.
Дағдарыс салдарынан сұраныс жоқ.
Жастар еңбек жасақтары облыстық штабының мәліметінше, былтыр және алдыңғы жылдары өңірден
300-400-ге тарта студент ақылы еңбекке тартылса, биыл бұл көрсеткіш небәрі 93-ақ адамды құрап отыр.
Жастардың құрылысқа белсенділігі төмен
Нұржан СерІКХаНҰлЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде еңбек жастары облыстық штабының
жетекшісі Қайрат Меклисов жергілікті БАҚ өкілдерімен бас қосып, биылғы
жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.
-«Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының
штабы» жастар қоғамдық бірлестігі үстіміздегі жылдың шілде айында өз
жұмысын бастаған болатын. Биыл жұмысқа тартылған жалпы адам саны - 93.
Тараз қаласы бойынша 40 адам 4 құрылыс нысанында жұмыс істеді. «Арай»
алқабында жаңадан соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үйде 9 адам, «Кірпіш
зауыты» аймағындағы соғылып жатқан мектепте 10 адам, Құмшағалдағы
Индира БаЙҚоНЫС
Қала аумағын абаттандыру және санитарлық
тазалықты сақтау мақсатында күзгі екі айлық ая-
сында сенбілік кестесі бекітіліп, онда саябақтар
мен қоғамдық орындарды тазалау мәселесі қолға
алынған-ды.
Бұл жолы жоғары және арнаулы оқу
орындарының 500-ге жуық студенті шырайлы
шаһарымыздың ең көрікті жерлерінің бірі
Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта сенбілік
өткізіп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысты.
Жалынды жастар әп-сәтте көпшілік демалатын
орынның күл-қоқысын жинап, мұнтаздай таза
қалыпқа келтірді.
Дәстүрлі сенбілік мұнымен түгесілген
жоқ. Облыстық онкологиялық аурухананың
қызметкерлері аурухана аумағын күл-қоқыстан
тазаласа, Тараз гуманитарлық-инновациялық
университеті мен Жамбыл қазақ-түрік есеп-
экономикалық колледжінің ұжымы да тазалық
жұмыстарын жүргізді.
Ал қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің
қызметкерлері өздеріне бекітілген Төле би
даңғылы бойын тап-тұйнақтай етіп тазалап,
қала көркіне көрік қоса білді.
Сенбілікке белсенді қатысқан азаматтар
сүйікті қаламызды еліміздегі ең көрікті әрі
таза шаһарға айналдыру үшін қолдарынан
келгендерін жасайтындықтарын алға тартып,
барша тараздықтарды мұндай игі іс-шарадан
тыс қалмауға шақырды.
- Осы аптада шаһар тұрғындары Қала күнін
кең көлемде атап өтеді. Бұл айтулы күнге
орай, қаламызға тағзым етіп, сүйікті Тара-
зымызды әрі қарай да гүлдендіру жолында
әрбіріміз сүбелі үлесімізді қосуға тиіспіз. Қала
тазалығы - мәдениеттіліктің өлшемі. Сондықтан
тараздықтар қала тазалығына айрықша көңіл
бөлсе екен, - дейді жастар көпшілік қауымға
үндеу тастап.
мектепте 11 және 4-ші мөлтек аудандағы балабақшада 10 студент жұмыс
жасады. Оларды «Ornau construction» ЖШС, «Сапар консалтинг» ЖШС,
«Агроспецстрой» ЖШС, «НИК-Тараз» ЖШС, «Арайстроймаркет»
ЖШС және «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС 2 құрылыс нысаны бойын-
ша жұмыспен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта облыс орталығында 2
сенбілік ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, 15 минуттық фильм түсіру
және қысқаша бейнеролик әзірлеп, жергілікті телеарналардан көрсетуді
жоспарлап отырмыз. Ал осы қазан айында дәстүрлі түрде еңбек
маусымының жабылуын салтанатты түрде өткізіп, үздіктерді марапат-
таймыз, - деді ол. Және штаб жетекшісі 93 студенттің Тараз қаласынан
бөлек, аудандар бойынша да атқарған жұмыстарын жіпке тізіп айтты.
Бұдан әрі тілшілер қауымының сұрақтарына жауап айтылды. Мәселен,
«Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Н.С. не себепті жастардың еңбекке
белсенділігі төмендеп отырғандығын, олардың жалақы мәселесін сұрады.
Штаб жетекшісінің айтуынша, еңбек жасағындағы студенттердің аза-
юына дағдарыс себеп болып отыр екен. Яғни жаһандық дағдарыстың
салдарынан құрылыс та сейілген. Сондықтан мердігерлер тарапынан
жастарға сұраныс жоқ. Кейбіреулерінің жастардың еңбегіне көңілдері
толмайтын көрінеді. Ал оларға төленетін жалақының мөлшері кем деген-
де 40 мың теңге. Бірақ нақты соманы жұмыстың ауқымына, техникалық
ерекшелігіне, қиындығына қарай әр мердігердің өзі тағайындайды екен.
Бұл орайда, тілші Н.С. дағдарыстың салдарына сүрінген құрылыс са-
ласына ғана қарап қалмай, студенттерді не себепті өндірістік, туризм
секілді қоғамның басқа да қажетті бағыттарына жұмысқа тартпасқа
деген сауалын алға тартты. Дегенмен штаб жетекшісінің мәліметінше,
жастарды еңбектің басқа түрлерімен қамтамасыз ету бірлестіктің алдағы
жоспарында да жоқ екен. Яғни құрылыс тоқтаса, еңбек жасақтары да
жайбарақат отыра бермек деген сөз. Және бір айта кетерлігі, аталған
93 адамның 20-сы 2-рет қайтадан жұмысқа тартылғандар. Бұған қоса,
студенттердің көбі өз еркімен жұмыстан бас тартқан көрінеді. Бұл
ретте жастар еңбекақыны азырқанды ма, әлде жұмыстың ауырлығынан
жалтарып отыр ма? Мұның себебі беймәлім. Аталған 93 адамның дені -
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ мен ТарМПИ-дің студенттері. Бұл тізімде
колледж студенттерінің қарасы да көрінбейді.
құрметті
тараздықтар!
құрметті Тараз
қаласының тұрғындары!
Құрметті қала қонақтары!
2000 жылдық тарихы бар
Тараз қаласының туған күні жыл
сайын дәстүрлі түрде аталып
өтеді. Осы жылдарда Тараз үлкен
және әсем қалаға айналды.
Бүгінгі таңда Тараз
Қазақстанның химия өнеркәсібі
дамыған, ғылыми және мәдени
орталығы болып табылады.
Мұнда тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамудың
«Қазақстан-2050» Стратегиялық
жоспары нәтижелі түрде іске
асырылып, мемлекетіміздің
Елбасы жобалаған басқа да
маңызды жобалары жүзеге асты.
Осының арқасында, Жамбыл
облысының әкімшілік орталығы
жылдан-жылға Отанымыздың
маңызды қаласына айналып,
қиыр және таяу шет елдермен
экономикалық және мәдени бай-
ланыстарын нығайтуда.
Тараз қаласының сыртқы
келбетінде көптеген жағымды
өзгерістер болды. Жаңа көп
қабатты үйлердің қатары
көбейіп, саябақтары мен
бақтары көркеюде, жолдар
мен қалалық аулалар қалпына
келтірілуде. Жергілікті биліктің
жігері, депутаттардың,
мекемелердің, өнеркәсіптер мен
ұйымдардың, білім ұйымдарының
әрекеттері арқасында біздің
сүйікті қаламыз Тәуелсіздігіміздің
25 жылдығы қарсаңында
жаңарып, ажарын аша түсті.
Қала тұрғындары да қаламыздың
жағымды өзгеруіне белсенді ат-
салысып отыр.
Жерлестерімізді, қаланың
Құрметті азаматтарын,
ардагерлерін, ақсақалдарын
шын жүректен Қала күнімен
құттықтаймын!
Зор денсаулық пен мол бақыт
тілеймін!