Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім
атындағы университеті» Ке АҚ
Жаратылыстану – математика факультетінің
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту кафедрасы
5В011200 – «Химия» мамандығының 4 курс,
Х1 – 701 топ студенті Ержанова Әзизаның
Диплом алды іс – тәжірибеден өткен
ЕСЕБІ Мен, Ержанова Ә.Е. 2021 жылдың 29.03 – 02.05 аралығында диплом алды іс – тәжірибеден өттім. Іс – тәжірибе барысында, дипломдық жұмыс бойынша берілген тапсырмаларға қорытынды жасадық.
Педагогикалық іс – тәжірибе барысында жүргізілген зерттеу жұмыстарына сараптама жасап, қорытынды шығардық. Зерттеу жүргізу кезінде, сабақ тақырыбына байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.
Зерттеу барысында барлығы 10 сабақ жүргізілді. Соның ішінде 5 жеке жұмыс формасын, 5 ұжымдық жұмыс формаларын қолданып өткізілді. Өткізілген сабақ бойынша, сыныптың оқу көрсеткіші, абсолюттік үлгерімі және орташа баллдарын есептеп шығардық.
Және келесідей қорытындыға келдік, ұжымдық жұмыс формаларын қолдана отырып өткізілген сабақтарда «Блум таксономиясын» қолдана отырып, өткізілген сабақ ең жоғары оқу көрсеткішін және орта баллдарын көрсетті.
Ал, жеке жұмыс формаларын жүргізу барысында, «Әңгіме құрау» тапсырмасын пайдалана отырып, өткізілген сабақ тиімді болғанына көз жеткіздік. Оған дәлел, оқу көрсеткіші болып келеді.
Дипломдық жұмыс барлығы 37 әдебиет пайдалана отырып жазылды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.Кестелермен, диаграммалармен және суреттермен жабдықталған.
Іс – тәжірибе жетекшісі:____________ Сапакова А.К. б.ғ.к., доцент м.а.