Теория мен практиканы шебер үйлестіру институт бітірушілерге төмендегідей мүмкіндіктер береді: - жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек процесіне бірден араласуға;
- орынсыз және өкінішті қателіктерге жол бермеуге;
- жауапты шешімдерді дайындауға және қабылдауға керекті уақытты қысқартып, негізсіз ұзаққа созушылықты болғызбауға;
- маңызды сұрақтарды шешудің жеделдігін арттыруға;
- үйреншікті емес жағдайларды шешуде дербестік және табандылық көрсетуге;
- күнделікті жұмыста ішкі резервтерін тиімді пайдалануға.
Практиканың түрлері және оларды ұйымдастыру Оқу бағдарламасына сәйкес практиканың үш түрі болады:
оқу-танысу практикасынан күндізгі бөлімнің екінші курс студенттері жазғы емтихандар сессиясы аяқталғаннан кейін өтеді;
өндірістік практикадан институттың соңғы курсының студенттері өтеді;
диплом алды практикадан дипломдық жұмысты (жобаны) орындаушы студенттер өтеді.
Екі практиканың да базасы болып Қазақстан Республикасының облыстарының, қалаларының өкілетті, атқарушы және құқыққорғау органдары бекітіледі. Практиканың өту орнын институт кафедрасы оқу бөлімімен келісіп анықтайды. Онда практиканың түрі, мақсаты мен міндеттерін, келісім-шарттың болуын, мамандану мен болашақтағы түлектерді бөлуді ескереді.
Кәсіби пратиканы дайындауға және өткізуге институттың оқу бөлімі, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы, практика жетекшілері мен базалық мекемедегі тәлімгерлер қатысады.
Институттың оқу бөлімі: - кәсіби практиканың бағдарламасын, күнделігін дайындауға және басып шығаруға басшылық жасайды;
- базалық мекемелер мен кәсіпорындармен келісім шарттарға отырады;
- практикадан өтудің мерзімін анықтайды;
- студенттерді практикадан өту үшін базалық мекемелерге бөледі және практика жетекшілерін бекітеді;
- кәсіби практиканы ұйымдастыру және қорытындылау конференцияларына қатысады.
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы: - практика бағдарламасын дайындайды;
- профессорлар, доценттер, аға оқытушылар арасынан практика жетекшілерін белгілейді және олардың жұмысын қадағалайды;
- базалық мекемелермен байланыста болады;
- студенттерді кәсіби практикадан өтетін мекемелерге бөлуге ұсыныс жасайды;
- ұйымдастыру және қорытындылау конференция-ларын өткізуге басшылық жасайды.