азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (3-тен кем емес);
соттың үкіміне аппеляциялық арыз;
соттың азаматтық істер бойынша шешіміне аппеляциялық арыз;
өтініш, арыз, заңға түсініктеме т.б. құжаттар.
5. Практикадан әділет органдарында өткен студенттер:
студенттің өзі дайындауға қатысқан АХАТ, нотариат, атқарушылық іс жүргізу, сот сараптамасы департаментінің нормативтік-құқықтық сипаттағы құжаттары т.б. (5-тен кем емес).
6. Практикадан тергеу және анықтау органдарында өткен студенттер:
3. Өндірістік практиканың мазмұны Өндірістік практикадан студенттер оқудың соңғы курсында өтеді. Практиканың базалық органдары болып облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер және олардың құрамдық бөлімдері табылады. Сонымен қатар соттар, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, әділет, ішкі істер, кедендік органдар, адвокатура, нотариалдық конторлар, АХАТ органдары және құрамында әділет қызметі бөлімдері бар мекемелер жатады.
Өндірістік практиканың орнын таңдауда болашақ мамандарды дайындау шарттарына сәйкес мекемелерге бөлуді, құқыққорғау органдарының және басқа мекемелердің, жеке тапсырыс берушілердің практикалық базамен жасалған шарттары негізінде және еркін орналасуын ескеріп жүргізеді.
Практикадан өту орнын анықтауда институттың оқу бөлімі студенттердің өзінің қалауы бойынша өтуі туралы өтініштерін де ескереді. Сырттай және қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын студенттер, егер заңгерлік қызмет бөлімі болса, практиканы өздерінің негізгі жұмыс атқаратын мекемелерінде өтуі мүмкін.
Өндірістік практикадан өтетін студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін оқу-танысу практикасындағыдан тереңдете талдайды.
Құқыққорғау органдары жүйесінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге, заңдылықты, құқық тәртібін нығайту және қылмыстың басқа түрлерімен, құқықбұзушылықпен күреске, құқыққа құрмет сезімімен қарауға баулуға баса көңіл бөлінеді.