Диплом ж ұ мысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»



бет1/11
Дата16.05.2023
өлшемі391 Kb.
#93921
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектепте-қазақ-тілінен-кластан-тыс-жұмыстарды-ұйымдастыру-әдістемесі


Ф.4.7-007-03. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі » кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құдайбергенова М.Б.
Орындаған: ЗПО - 04 – 4кс тобының
студенті Тенелова Г.


Мазмұны
Кіріспе
І Тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
2.1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар ------------------------

  1. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі сипаты -----------------------------------

ІІ Тарау БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі пәні бойынша негізгі әдістері мен түрлері ------------------------------------
2.2. Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибие барысында ұйымдастыру -----------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------

ҚОСЫМША------------------------------------------------------------------
Кіріспе
Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып , жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру .
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - негіздің негізгі түп қазығы.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген жөн.
Мектеп өз түлектерін тек ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкес терең де тиянақты біліммен қаруландырылған жағдайда ғана өзінің әлеуметтік қызметін орындап шығатындығы баршаға аян. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты және оны мектеп тәжірибесіне ендіруде шешуші орынды мұғалімдер қауымы алатыны анық.
Басталып отырған осы үлкен іс дұрыс бағыт алып , тиянақты қалыптасу үшін, оның ғылыми негізі салыну керек.Қазіргі қолданып жүрген бағдарламалар, оқулықтар , көмекші құралдар болмаса, бастауыш қазақ тілін оқытудың ғылыми әдістемесі жоқ. Көпшілік авторлар бағдарлама, оқулықтар жазуда жалпы қазақ тіл методикасына сүйінген, не орыс, шет тілдерін оқыту методикасын басшылыққа алған . Ал, бастауыш мектептерінде жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың бағдарламасы әлі жасалмаған, мүлдем негізі салынбаған деуге болады. Мұндай жағдайлар бағдарламалар мен оқулықтардың сапасына әсер етпеуі мүмкін емес.
Мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан , қазақ тілін, халықтық педагогиканы үйрету қажеттілігі барған сайын арта түсетіндігі анық. Сондықтан бастауыш мектепте кластан тыс жұмыстарда халық
педагогикасын пайдалануға үйрету мәселелері, оның әдістемесін ғылыми негізде құру проблемалары, оны зерттеу қазіргі заман талабына қажет болып отыр.
Қазіргі таңда қоғамның даму бағыты оқу тәрбие жұмысының алдында жас ұрпақтың ақыл - ойын, тілін , салт- санасын жетілдіру, жалпы білім деңгейін дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Бастауыш кластарда қазақ тілін оқытумен қатар, кластан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы жас үрпақ үшін қолайлы жұмыстың маңыздысы деп білеміз.
Бірақ бастауыш мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйретуде аудиториядан , кластан тыс жұмыстың маңызы қандай , қандай кластан тыс жұмыстар жүргізу керек, оны жүргізу әдістемесі қалай болу керек деген мәселе күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан алғанда назардан тыс қалып келді. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызды бастауыш мектептерінде кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға , олардың тіл үйрету мен тіл дамытуда атқаратын қызметіне арнадық. Бұл айтылғандар біздің зертеуміздің проблемалық актуалдылығын көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет