Диплом ж ұ мысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»



бет4/11
Дата16.05.2023
өлшемі391 Kb.
#93921
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектепте-қазақ-тілінен-кластан-тыс-жұмыстарды-ұйымдастыру-әдістемесі

Сұраулар мен тапсырмалар
1. Кластан тыс оқудың маңызы мен мақсаты жөнінде айтыңдар.
2. Кластан тыс оқуды үйымдастыру жөнінде не білесіңдер?
3. Кластағы оқу мен кластан тыс оқуды салыстырыңдар, олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын айтыңдар.
4. Кластан тыс оқуды үйымдастыру барысында қандай методикалық ұсыныстарды ескерер едіңдер?
5. Жоғарыдағы айтылғандарға сүйене отырып, А. Асқарбаеваның кластан тыс оқуға арналған кітабын және балаларға арналған көркем шығармаларды пайдаланып, «Туған халқымыздың ерлігі» тақырыбына кластан тыс оқу сабағының конспектісін жазыңдар.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса, онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарынық түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмүнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлуг қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мыса-лы «... туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары-на көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату қандай мақсат көз-дейді?
2. Балалардың өздігінен орындайтын жүмысынын, түрлері қандай?
3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушы-ларға ездігінен орындауға қандай жүмыстар беруге болатынын анықта.
Сабақтан тыс уақытта жан-жақты ойластырылып істелген кластан тыс жұмыстардың оқушылардың білімін толықтыруда, тілін дамытуда, пәндерге қызығушылғын арттыруда, тәрбиелеу жұмыстарының пәрменділігін арттыруда атқаратын қызметі өте күшті. Оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын дұрыс шешу , ұйымдастыру мәселесінің маңызы өте зор.
Оқушының бос уақытын пайдалы мәнді өткізуіне мұғалім, күшті әсер ете алады. Бүл әсер сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Кластан тыс жұмыстардың зор тәрбиелік мәнін ғалымдар өз еңбектерінде кең дәлелдеген.
Кластан тыс жұмыстар Ю.К. Бабанский мен Победаносцевтің еңбектерінде үлкен мән берілген. Олар бұлай деп ой тұжырымдайды:"Богатые воспитательные возможности внеурочной работы заключаются в том, что здесь в большой мере, чем на уроках, учитываются и удовлетворяются индивидуальные запросы, интересы, потребности ученика и создаются предпосылки для интенсивного развития его способностей ".
Сонымен бірге "соотношение между учебным временем школьников и их свободным временем следует рассматривать не как противопоставление, а как воспитание двух взаймодействующих, взаймодополняющих факторов, способствующих решению одной , общей задачи".
"Таким образом свободное время утверждает, закрепляет, развивает то, что ученик получил в школе, на уроке в процессе учебы".
Демек, сыныптан тыс жұмыстар тәрбие ісімен ғана шектелмейді. Оқушылардың бос уақыттарындағы іс әрекеттерін ойластырып ұйымдастырған кластан тыс жұмыстар олардың бойындағы танымдық күш және қабілеттерін арттыруға, білімін кеңейтуге, білімге деген ынтасын өсіруге зор ықпал етеді.
Осы түрғыдан келгенде, орыс тілді мектепте жүргізілетін кластан тыс жұмыстар қазақ тілі мұғалімімен бірлікте жоспарланса, оқушының қазақ тілін үйренуіне, тілін дамытуға үлкен мүмкіндік туғызады. Кластан тыс жұмыстардың негізінде, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға, олардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Білімді алу мен оны практикада қолданудың арасында үлкен бір жол жатыр. Бірақ осы жол әрқашан керекті деңгейде қарастырыла бермейді. Бүл жағдайлар тек мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде ғана емес, кейбір методистердің еңбектерінде де жиі кездеседі.
Класс сабағының мазмұны неғүрлым мәнді, анық болса, сонда ғана кластан тыс жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, оқу процесін жандандыруға, оқушының жеке басының танымдық күшін дамытуға тәрбиелеуге тәсілдендіреді. Бүл мәселелер эрбір зерттеу жұмысының мазмұнында есепке алынады. (А. Т. Сатылғанова, Т. И. Иванова, П. Л. Васильченко, А. К. Ахметова т. б. 728. 79).
Класс жэне кластан тыс жұмыстардың өзара байланысты екендігін неміс педагогы У. Древс жэне 3. Фурманда қарастырады. Олар былай дейді, "Для эффективной организаций деятельности ученика на уроке необходимо сознательный опыт учащихся, из них внекласные работы и стремление к тому, чтобы процесс обучения давал им импульсы для внекласной деятельности " (63,128)
Ағылшын педагогы Д. Хамблин өзінің "Формированый учебник навыков" жэне "Эффективная внеурочная работа - это дополнительный фактор усвоение учебной программы" деп аталатын еңбегінде, оқушылардың кластан тыс іс-әрекеттері, сабақтағы танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуы деп көрсетеді.
Сонымен бірге Д. Хамблин кластан тыс жұмыстардың мәнін істе ашып береді.Ол кластан тыс жасалған жұмыстар "оқушылардың оқудағы іс-әрекеттерін байыту" деп қарастырады және кластан тыс жұмыстар оқушылардың оқудағы білім сапасын көтеруге көмектесетін маңызды іс деп көрсетеді. (155,160)
Сондықан, кластан тыс жұмыстар педагогтың процестік құрамды, маңызды, қажетті бір бүтін бөлігі:
- кластан тыс жұмыстар оқу процестен бөлінбейтін байланыста
жатады;

  • олар жеке басты тәрбиелеуде, оқытуда бірін-бірі толықтырады,
    байытады.

Қазақ тілінің пэн ретінде мектепте оқыла бастауы оқулықтар жасаудағы тәжірибелермен бірге мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесін де туғызып қалыптасуына жол ашты. 1935-1940 жылдары ғылыми -методикалық "Ауыл мұғалімі","Халық мүғалімі","Қазақстан мектебі" журналында Ә. Үсеновтың, Ш. Кэрібаевтың, А. Көшімбаевтың, Ә. Мамбетовалардың қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелерін, жеке тақырыптарды өтудің әдіс-тәсілдерін сөз еткен мақалалары, сабақ үлгілері жариялана бастады. 1941 жылы Ш.Кәрібаевтың "Қазақ тілін оқу" атты әдістемесі /28/ жеке кітапша болып басылды. Бүл қазақ тілі әдістемесі бойынша алғашқы жүйелі зерттеу болумен бірге, бастауыш буындағы қазақ тілдік оқу методикасының ғылым ретіндегі дамуына негіз болды.
Қазақстан жағдайында оқыту мен тәрбие міндеттеріне сәйкес бірқатар педагогикалық мэселелерді көтерген ой-пікірлер «Әдебиет майданы» журналында жарияланып отырды. 1934 жылғы 11-12 санында Ш.Әлжановтың "Абайдың педагогика туралы көзқарасы" - деген мақаласы жарияланды. Ш. Әлжанов сонымен қатар , педагогикалық әдебиет пен халық ағарту ісі жайлы жетекші материалды қазақ тіліне аудару үшін қажетті терминология жасау мәселесін бірінші болып күн тэртібіне қойды.
К. Мұхамбетжанов еңбегінде сабақ процесі мен кластан тыс жұмыстардың тәрбиелік маңызы дәлелденіп, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерудің психологиялық , педагогиялық негіздері қарастырылған. Қазақ балалары арасына кең тараған ойын, өлең, жыр т.б. ұлттық тәлімге қатысты мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдау берді. Бастауыш класс оқушыларын кітап оқуға дағдыландыру мәселесі болған ғылыми -зерттеу институтының ғалымы С. Тілешованың 957 жылы "қазак тілі оқу сабақтарына байланысты кластан тыс оқу" атты шағын кітапша жарық көрді. (25 бет)
Мұнда оқушылардың өздігінен оқуын қадағалап, басшылық етіп отыру міндеті қазақ тілі пәні мұғалімінің үлесіне тиетіні айтылды. Сонымен бірге оқушылардың күнделік дәптері болуын, оқушының нені ұнататынын, неге қызықатындығын анықтауға себебін тигізеді-дей келе, дәлелдер келтірген. Қазақ тілінде аударылып басылып шыққан орыс эдебиеті өкілдерінің шығармаларын кластан тыс оқуға ұсынып, тізімін берген /151/.
Қазақ тілі эдістемесі пәні бойынша жазылған бұл оқулықтарда кластан және мектептен тыс жұмыстар бастауыш класс оқушыларының қазақ тілі сабағында алған білім қорын молайтып, ой-өрісін дамытып, дүние тану қабілетін арттыруына көмектеседі - деп , авторларымыз үлкен мән береді. Бүл жұмыстардың түрлеріне кластан тыс оқу, түрлі үйірмелер, көрмелер, кино, театрға бару т.б. мектеп тәжірибесінде көптен бері қолданылып келе жатқан түрлері сөз болып, 4-5 беттік жалпылама шолу беруімен шектелген.
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикалық ісіне пайдасын тигізген еңбектердің бірі К.Бозжанованың "Қазақ бастауыш мектептерінде І-ІІІ класс оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру" /1974/ атты жұмысы. Оқыту проблемасын арнайы қарастырған диссертацияның үшінші тарауында оқушыда кластан тыс оқудың дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетіліп, оны ұйымдастыру мәселелері сөз болған. Сондай - ақ Т.Сабировтың 1978 жылы "Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары" атты кітапшасы басылды . Бүл еңбекте негізінен оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру түрлері көрсетіліп, оқушыларды кластан тыс жұмыстар арқылы білім алуға баулудың түрлерін бере отырып, арнайы тапсырмалар, жаттығулар үлгісі ұсынылған. Кітаппен жұмыс істеудің кейбір әдіс-амалдары жайында ой-пікір білдірген.
Ашық тәрбие сағаттарының үлгісі ретінде мысалы: "Мәншүк Мәметованың ерлігі, соғыс ардагерлерімен кездесулер, әдеби кештерді өткізуді ұсынады. Бауыржан Момышұлына арналған әдеби кештің өтілу жүйесін көрсетеді. Автор мектеп бағдарламасына енген Ұлы Отан соғысына байланысты материалдар кластан тыс тәрбие жұмыстарыменұштастырылып жүргізілген жағдайда жас ұрпақтарды патриотизм, коллектевизм, интернационализм" рухында тәрбиелеуге болады - деп санайды. Алайда бүл жұмыста елін, жерін сүюге арналған төл әдебиетіміздегі шығармалар іріктеліп көрсетілмеген, ауыз әдебиетінің үлгілері, тіпті қазақ әдебиетінің бағдарламасындағы батырлар жырының үздік үлгілері мүлде сөз болмағанын байқаймыз.
1984 жылы "Мектеп" баспасынан М. И. Баймурзиннің "Внеклассная воспитательная работа в многонациональной сельской школе" деген еңбегі орыс тілінде басылып шықты. Бүл еңбекте автор қазақ кітап оқу ынтасы төмендеп тұрған заманда бүл мэселені зерттеудің қажеттігі күннен-күнге артып отыр. Осы қажеттілікке байланысты әдебиеттен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың мәселесін арнайы зерттеуді автор өзіне мақсат етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет