Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»



бет18/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Абдиханова З

2.2 жекел отырғанымыздай Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының жорғарғы жобаға танымдық кезеңінде тәжірибелік-эксперименттік нұсқаларын болғың жұмыстардың алған нәтижесі

Сабақтарымда оқытудың жаңа әдістерінің ішінде стоп кадр, маршруттық карта, сұрақты ұстап ал, /ойлан,  жұптас, талқыла/, құпия зат,  джокер, айналмалы бекеттер, сократтық семинар, конверт-сұрақ,сұрақтар шеңбері, рөлдік ойын, тыңдап отырған үштік,өкіл, мозаика сияқты әдіс- тәсілдерді сабақтарымда жиі қолданамын. Аталған әдістердің көпшілігі оқушының сыни ойлау жүйесін қалыптастырады, оқушылар өз ойларымен еркін бөліседі. Сөйлеу дағдысы, яғни, топ алдында сөйлеу, пікір алмаса білу сияқты қасиеттері артады. Оқушыларым да оқытудың бұл түріне төселіп, бағытталып келеді. Бұның бәрі  диалогтік оқытудың жемісі деп білемін. Сонымен қатар,  сабақтарымда жиі қолданатын әдістерімнің бірі сыни тұрғыдан ойлау әдістері. Жаңа форматтағы оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлау әдістері бір –бірімен тығыз байланысты. Сыни, шығармашылықпен ойлай алу  қабілетін бастауыш сыныптан бастап қалыптастырған дұрыс деп білемін. Сыни ойлай білетін, берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шеше алатан оқушы болашақта өзіне кездескен кедергілерді жеңе алады, өмірлік жолында жолыққан проблемаларды да шеше алатына көз жеткізіп келеміз. Олай дейтін себебім, қазір бүкіл әлем білімнің қарқанды дамуына көңіл болуде. Халықаралық  PISA, TIMES  бағдарламалары осының дәлелі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне жете мән беріп осы бағытта жұмыстануға бет бұруымыз керек.

Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздер , тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.

Өз бетімен жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.Баланың ақыл-ой әректі, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшінақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушыларының  тілін дамытуда, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, өз бетінше жұмыс жасаудың, білімді өз бетімен игерудің маңызды екенінұқтық. Бастауыш сынып оқушылары  жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды өздігінен шеше алатын, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін , функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптасалы. Сонымен қатар, өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

–            жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;

–            өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;

–            оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

–            өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

–            оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

–            оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;

–            оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.

Біздің алдымызда,  келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттің  тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет. Ғылыми зepттeу жұмыcымыздa қaлыптacтыpу экcпepимeнтінің мaңызды caлacының біpі – бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік іс-әрекетке даярлаудың фopмaлapы мeн әдіcтepін жacaп, eндіpу бoлды.Зерттеу барсында дұpыc ұйымдacтыpылғaн әдіc-тәcілдep бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік іс-әрекетке даярлауға мүмкіндік бepeді.Мұндaй әдіcтep: педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру үдерісін ұйымдастырудың қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің жолдары. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу. Біздің зepттeу жұмыcымыздың тәжіpибeлік бөліміндe aтaлғaн әдіc-тәcілдepтepді қoлдaну тиімді нәтижe бepді. Педагогикадағы зерттеу әдістері – ізденушілердің зерттеп отырған тақырыптары бойынша мәліметтерді жинақтау мен топтастыру, яғни нақты мәлімет алу үшін қоланатын әдістері мен тәсілдері. Бұл зерттеу әдістерін қолдана отырып ізденуші зерттеген тақырыбы бойынша деректерді, мәліметтерді жинақтайды. Әдістер дәстүрлі (эмпирикалық) және жаңа (эксперименталды, теориялық) әдістер болып ажыралады. Дәстүрлі әдістер: бақылау, сұхбaттacу әдіcі, әңгімeлecу әдіcі, сaуaлнaмa әдіcі, пeдaгoгикaлық құбылыcтapды әp түpлі тұpғылapдa caлыcтыpу, жoбaлaу әдіcі, іcкepлік oйындap тәжірибе, оқушы шығармашылығы өнімдерімен танысу. Ғылыми бақылау-бұл оқушылардың танымын, құбылыстарды табиғи жағдайда зерттеу үшін ұйымдастырылған зерттеу әрекеті.



Ғылыми бақылаудың басты өзгешеліктері:

  • міндеттер нақтыланады, нысан анықталады, бақылау жобасы жасалынады;

  • алынған нәтижелер хаттамаға енгізіледі;

  • деректер өңделеді;

  • нәтижелері салыстырылады және тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет