2. Базалық білім мазмұны
Мектептің бастауыш сатысы (1-4-сыныптар). Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
1) Өзін-өзі тану бақыты;
2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
3) Адам болам десеңіз...;
4) Әсемдік әлемінде 2сурет.
№
|
Барлығы
|
Апталық сағат саны
|
Тараулар
|
1 Сынып
|
34 сағат
|
1 сағат
|
І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты
ІІ-тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік
ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
ІV-тарау. Әсемдік әлемінде
|
2-сынып
|
34 сағат,
|
1 сағат
|
3-сынып
|
34 сағат,
|
1 сағат
|
4-сынып
|
34 сағат,
|
1 сағат
|
2сурет- Өзін-өзі тану бойынша базалық білім мазмұны
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушыларды бағалау барысында шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, зерттеушілік, сонымен қатар өзінің жеке ізденімпаздық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары “Интеллектуалдық даму” жағдаятын жасау – зерттеушілік мақсаттағы оқу сабақтарының тиімділігінің маңызды факторы. Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын жетістік жағдаятынан кейін туындайтын “интеллектуалдық даму” оларды жұмыстың дәстүрлі тәсілін қайта құруға, оқу проблемасын шешудің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге ынталандырады. Мұғалімнің міндеті оқушының әрекет тәсілінің немесе пәндік білімнің жеткіліксіздігін көрсетіп, проблеманы шешудің өзге тәсілдерін іздеуге қызықтыратын арнайы өз бетінше жұмыс жасау бағыттағы шығармашылық тапсырмаларды таңдай білуі болып табылады.
Сөйтіп, оқушының өзінің оқу әрекеттері процесінде жаңа шығармашылық міндеті туындайды, оның шешімін табуға әзірлік те байқалады, өйткені бұған дейін оқушыға сенім ұялататын және күрделірек міндеттерді шешуге ынталандыратын жетістік жағдаяты көрсетілген.
Соның бірі жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптағы тұлғаға бағдарлы оқытумен байланысты «жетекші әдістердің бірі – жобалау әрекеті. Жобалау әрекеті бастауыш мектептегі білім беруді ұйымдастырудың құралы, әдісі ретінде жаңа бағыты болып саналады. Аталған әдіс өзін-өзі тану пәнінде мәліметтерді кіріктіру арқылы бір мәселені шешуге және оны практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептегі бастауыш сынып оқушылары әртүрлі іс-әрекетті меңгереді және оның құрамды элементі ретінде оқушылардың өмір сүру тәжірибесіне қажет білімі алынады, ол өз кезегінде оқушылардың тұлғалық маңызды өмір тәжірибесіне айналады. Жобалау әрекетінде оқушылардың дара ерекшелігін ескеру өздігімен әрекеттенуге түрткі болып, педагогикалық үдерістегі субъектілі позициясын, зерттеушілік іс-әрекет субъектісі ретінде өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Жобалау әрекеті зерттеушілік үдерісінің сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз етіп, саналы қойылған мақсатқа мотивациялық жетудегі оқушылардың танымдық белсенділігінің формасы ретінде қарастырылады, ал бұл жағынан өзін-өзі тану пәнінің алатын ролі мол.
С.А.Пилюгина [82, 39-49б] бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын жобалау әрекетін ұйымдастыруда әрбір оқушылардың қайталанбайтындығы мен өзіндік «Менін» танытуға ерекше мән беріледі. Жобалау әрекетін қолдануда «ес мектебінен» «ойлау мектебіне» өту жүзеге асырылады. Мұнда негізгі назар қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлауды жетілдіруге аударылады .
И.Чечельдің пікірі бойынша, жобалау әрекеті барысында оқушылар мынандай бірқатар қиындықтарға кездеседі: жетекші және ағымдағы (аралық) мақсаттар мен міндеттерді қою; оларды шешудің жолдарын іздеу; баламалы қолайлы шешімдерді таңдау және оны жүзеге асыру; таңдаудың нәтижелерін болжау; өзіндік әрекет ету; талап етілгенді алынған нәтижемен салыстыру; әрекетті аралық нәтижелерді ескеріп түзету; үдеріс (әрекеттің өзі) пен жобалаудың нәтижесін объективті бағалау. Автор жобаны жүзеге асырудағы қиындықтарды оқушылармен тұрақты, ізденушілік бағыттағы жүйелі жұмыс істеу арқылы болатынын атап көрсетті .
Н.Д.Хмель ойынша, жобалау әрекеті нәтиже сапасына қойылатын талаптарды, белгілі жүйені мақсатты өзгерту. Қазақстанда қосымша білім беру аясында дарынды оқушыларды оқытудың инновациялық формасы – өз бетінше жұмыс жасау және шығармашылық жоба түрлері қолданылып келді. «Дарын» мектебінде жоба әдісін пайдалану мақсатында оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеттерін, өздігімен және үздіксіз білім алу дағдыларын жетілдіріп, шығармашыл тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Ү.Б.Жексенбаева, Ж.Сармұратованың ғылыми мақалаларында 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге байланысты жалпы бастауыш мектеп оқушыларының жобамен айналысуы интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына толық мүмкіндік ашатынын айтылады. Ғалымдар жобалау әдісін қолдануда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру керектігін айта келе, бастауыш сыныпта оқушыларға жағдаят тудыру арқылы әрекетті таңдауға және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге жауаптылығын арттырады. Осы жаста жобалау әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды әлеуметтендіру аспектісіне орай әлеуметтік мінез-құлық нормасын және өзара қарым-қатынасты меңгертуде топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Жобаның тақырыбы пән мазмұнымен байланысты болуы қажет. Сондықтан оқу мерзімінің қайталауға және бекітуге арналған материалдары бойынша жобалау әрекетін ұйымдастыруға болады, – дейді .
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын үйретуде олар зерттеу жүргізудің техникасымен таныстырылады. Ол үшін оқушыларға келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады: ойлану, басқа адамнан сұрау, бақылау және эксперимент жүргізу, кітаптардан суреттер көру, теледидардан немесе бейнетаспадан қарау. Өткен тараудағы зерттеушілердің жұмысын талдау барысында бастауыш сынып оқушыларының жобаны орындауының негізгі кезеңдері:ретінде мәселені қою, мәселені шешуге байланысты ақпарат жинау, оның кезеңдерін анықтау, жұмысты орындау және педагогтың жұмысты қорытындылау немесе жобаны қорғау алынды. Сонымен қатар, қарастырылған кезеңдерде оқушылардың өз мүмкіндіктерін диагностикалау, олар орындаған жұмыстың рефлексиясы және жұмысқа қажетті түзетулер енгізу енгізілді.
Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының құрылымын бес зерттеушілік басқышы түрінде қарастырамыз:
-не істеу қажет;
-таңдалатын материалды анықтау;
-жұмысқа қажетті құрал-сайманды таңдау;
- әрекет ретін ойластыру;
-алынған нәтижені көрсету. Бастауыш сыныптағы оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыруда тұлғаға-бағдарлы әрекеттің екі субъектісін – бала мен педагогтың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыда қарастыру қажет. Ол үшін:
1) кез келген жобалау әрекетінде бірлескен ізденісті қажет ететін мәселе болады, онда тепе-тең қарым-қатынасқа құрылған оқушылар мен ересектердің бірлескен шығармашылығын ескеру қажет. Педагог бастауыш сынып оқушыларын бірлескен шығармашылыққа бірте-бірте алып келеді: оның әрекетіне бақылау жасау Þ оған эпизодтық қатысу Þ жобалау әрекетіндегі бірлескен әрекет.
2) жобалау әрекетінің нәтижелері осы әрекеттің екі субъектісі үшін маңызды;
3) оқушыларды өздігімен әрекет етуге үйретіп, олардың бастамасын тежемеу, тікелей нұсқауларды қолданбау керек;
4) бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін жүзеге асыруда өзекті және жақын маңдағы даму аумақтары ескеріледі. Сонымен, оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, біз жобалау әрекетін ұйымдастыруды «Енді жобалау әрекет кезеңінің негізінде оқушылардың жобалау әрекеті элементтерін және әдістемесін қарастырайық. 1 кезең – мақсатты болжау. Педагогика ғылымы «мақсат» ұғымына қызықты анықтама береді. И.С.Сивованың ойынша, мақсат – адам әрекетінің қалауы бойынша болашақ нәтиженің идеалды, субъективті бейнесі, психикада бейнеленген, көп жағдайда болашақ жобалау әдісінің ойша үлгісі түріндегі, әлі жүзеге асырылмаған әрекеттің үлгіленген нәтижесі, кей жағдайда ол ұғымдар мен белгілер жүйесімен, сандық және сапалық сипаттамалармен беріледі. Осылайша, мақсат деп әрекеттің идеалды, ойша асыра бағаланған нәтижесін айтады. Мақсат болжау – әрекеттегі (мақсаттың) болашақ нәтиженің ойша бейнесін құру үдерісін қамтамасыз ететін тұлға қызметі, осы бейнені саналау және субъективті қабылдау, сонымен қатар осы мақсатқа жетуге бағытталған субъектінің өзіндік әрекетін реттеу. Бастауыш сынып оқушыларының тақырыпты таңдағаннан кейін не жасау керектігін, нәтижесі болжауға мүмкіндік беріліп, олардың алдына мәселе қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |