Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»



бет17/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
Абдиханова З

4 кезең – жұмыстың рефлексиясы. Рефлекция дегеніміз тұлғаның өзіндік әрекетін саналау мақсатында рефлексивті позицияны ұстануды қамтамасыз ету қажеттігі. Рефлексия субъектінің әрекеттің алғашқы кезеңіне оралу қабілетімен болып табылады. Біріншіден, зерттеушіліктің барлық кезеңдерін мақсаттан соңғы нәтижеге дейін бақылау, оған өзіндік тексеру мен өзіндік бағалау механизмдерін белсенді енгізу қажет, екінші жағынан, аралық кезеңнің нәтижесінен немесе дайын бұйымнан мақсатқа дейін зерттеушілікті түзету жолдары мен жетілдіру жолдарын анықтау қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының әрекетті орындау тәсілдері емес, оның нәтижелері қызықтырады. Өзіндік бағалау, өзара бағалау арқылы жетістікпен дами отырып, бала зерттеушілік іс-әрекетінің нәтижесін бағалауға және саналауға ұмтылады, ол эмоционалды күйзелістерде, ересектің тарапынан баға алуға ұмтылыста көрінеді. Оқушылар құрбысының еңбегінен гөрі, өз еңбегін объективті бағалауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді.



Рефлексия кезеңін ұйымдастыруға зерттеушілік іс-әрекетінің бастапқы мақсаты мен соңғы нәтижесін салыстыру, өзіндік бағалау мен өзара бағалау енеді. Р.И.Зайченконың пікірінше, бұл кезеңде оқушылар өздері орындаған жұмысты талдайды, өз мақсаттарына жеткендерін, зерттеушіліктің нәтижесінің қандай болғанын ұғады. Э.А.Дударева бастауыш мектеп оқушыларының рефлекциясы нәтижесінде құзыреттілікке ие болады деген. Бұл үшін мұғалім оқушылармен бірге барлық орындалған жұмысты талдайды, бастапқы қойылған мақсатпен өз әрекетінің соңғы нәтижесін салыстырып үйретеді. Біз бір «нәтиже» емес, кем дегенде екі нәтижемен жұмыс жасайтынымызды ұмытпауымыз қажет.

Бірінші нәтиже деп оқушылардың шығармашылықпен орындаған жобасын атауға болады, яғни оның зерттеушілік іс-әрекетінің нәтижелері – мысалы, арнайы тақырыпқа иллюстрация жасау материалды, визуалды нәтижені атауға болады. Екінші нәтиже, яғни педагогикалық нәтиже, біздің пікірімізше, ең маңызды. Педагог үшін бұл жұмыстың басты нәтижесі оқушылардың әдемі, барлық талапқа сай дайындаған кітабы емес, ең алдымен, тәрбиелеу тұрғысында құнды болып саналатын өздігімен шығармашылық зерттеушілік іс-әрекетіндегі тәжірибесі, психикалық жаңа құрылымдары, субъекті ретінде өзін көрсете алуы, жаңа білімдер мен біліктер, дағдысы, құзыреттілігі және пәндегі білім алу құзыреті болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін талдау және өзіндік талдауды жүзеге асыруда осыларды ескеру қажет. Бастауыш сынып оқушылары өздері орындаған жұмысты талдайды, мақсатқа жеткендері туралы ой-пікірлерін түзеді, өз әрекетінің нәтижесі (не жоспарлағанын, қандай нәтиже алғанын) талдайды. Өз әрекетінің кезеңдері туралы әңгімелейді, өз жұмыстарына талдау және бағалау жасайды, жұмыс туралы педагог пен қатарластарының пікірлерін тыңдайды.

Өз жұмысын бағалай отырып, оқушы басқа адамның көзімен әлемді көруді үйренеді, өзін және өз мүмкіндіктерін салыстыру білігін меңгереді. Мұнда жоспарлау кезеңіндегі оқушылардың педагогпен бірлесіп анықтайтын нәтижені бағалау өлшемдері қолданылады: жобаны орындаудың ұқыптылығы, қолданудағы қолайлылық, жобаның өзгешелігі, құрал-жабдықтармен жұмыс тәсілдерін орындаудың дұрыстығы; көркемдік құралдарды қолдану (түс, сызық, өлшем, композициялық аяқтау және т.б.); қажет құрал-жабдық мен материалдарды таңдау шеберлігі, олармен жұмыс істеу тәсілдері; материалды қолданудың үйлесімділігі; өздігімен және бірлесіп зерттеушілік етуі.

Кезеңнің негізгі сұрағы: Ойластырылған нәрсе орындалды ма? Рефлексияны жүзеге асыру оқушылар ұжымының даму деңгейіне байланысты. Бірінші деңгейде оқушылардың өзіндік рефлексиясын (өзіндік талдау) жүзеге асырудың алгоритмі келесі сұрақтарға берілген жауаптардан тұрады: «Мен нені жасағым келді? Нәтижесінде не пайда болды? Нені жақсы істедім? Нені үйрену қажет?» Бұл үдеріс ойша жүзеге асады, тек педагогқа сенім білдірген уақытта бала оның құлағына сыбырлай алады. Жобалау әрекетінің оқушылар меңгерген екінші деңгейде алгоритмін өзіндік және топтық рефлексияның қажеттілігін саналауда, олар өздерінің ойларын дауыстап айта алады. Үшінші деңгейде ұжымдық рефлексия жүзеге асады, бұл үдерісте келесі сұрақтар бойынша бірлескен талдау жүреді: Үдерісті бірлесіп қалай құрдық? Жоспарлағандай үдеріс жүргізілді ме немесе өзгерді ме? Қандай жағдайда жоспарлы немесе өзгерген үдеріс үздік болып саналады? Барлығында қандай нәтиже алынды? Қандай нәтиже алынбады? Неге? Оны қалай түзетуге болады? Кешегіден кім жақсы істеді? Бірлесіп барлығымыз нені үйренуіміз керек? Бүгін кім ерекше көзге түсті?

5 кезең – жұмысты түзету кезеңнің басты мақсаты – орындалған зерттеушілік туралы тұжырым жасау және келесі жұмыстарда қателерді қайталамауды еске сақтау (яғни, «болашақ үшін сабақ алу»). оқушылар алғашында педагогтың көмегімен, содан кейін өздігімен нені түзету қажет екендігін анықтайды, әрекетті орындаудың сапасы мен бірізділігін түзету тәсілдерін таңдайды. Осы кезеңде жаңа әрекет ойластырылуы, жаңа идея пайда болуы мүмкін, сондықтан құралдарды, тәсілдерді, материалдарды және т.б. таңдау арқылы зерттеушілікті жетілдіру қажет. Барлық оқушылардың тілектері тыңдалады.

Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларын жобалау әрекетіне табысты дайындаудың қажетті шарты ретінде өзін-өзі тану пәнінде проблемалық оқытудың элементтері – проблемалық жағдаяттарды, сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану алынады. Мысалы, мұғалім проблемалық жағдаяттарды алдын ала бастауыш сынып оқушыларының материалдық заттарға деген қажеттіліктерімен, байланыстыра отырып, мектеп, отбасы және бос уақытында ұйымдастырылатын әрекеттерімен ұштастырады: «мектеп» –оқу іс-әрекетінде, «Отбасы» – ата-анамен бірге. Бастауыш сынып оқушылары оларды өздері және басқа адамдар үшін көкейтестілік тұрғысынан талдауға үйренеді, сонымен бірге осы проблемалық жағдаяттарды шешудің мүмкін болатын жолдары мен құралдары туралы болжам жасауға үйренеді.

Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары үшін қажетті жобалау-технологиялық ақпаратты меңгеру және қолдану, өзіндік идеяларын құру және оларды белгілік-символдық құралдар арқылы тіркеу, материялдарды дайындауда өз тұғырларын басқалармен салыстыру біліктері қалыптасады.



Олар зерттеуге қойылатын талаптар туралы біледі, дайындалатын материялдың сапасын бағалау және оны тексеру тәсілдерінің негізгі өлшемдерімен танысады. Заттық жобалау-технологиялық тапсырмаларды шешу мұғалімнің оқушыларға ұсынған алгоритмдері негізінде жүргізіледі. Осы кезеңде бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары аса маңызды арнайы тәсілдері мен әдістерін меңгереді және бастауыш сынып оқушылары талдау әдісін қолдануды үйренеді. Оның мәні технологиялық жүйеде өзіне тән бірнеше белгілердің анықталуында. Әрбір белгі бойынша, оның мүмкін боларлық нұсқаларының тізімі құрастырылады. Мұғалім оқушылармен бірге ізденіс өрісін анықтайтын кестені толтырады. Мәселені шешудің құралын және балама нұсқаларды таңдауда Бастауыш сынып оқушыларына «Ой-тұжырымдардың тірек сызбасы», «Ойластыру жұлдызшасы» көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының әдісі ретінде, біздің пікірімізше, дизайн-жаттығулар әдісі қолданылады. Ол бастауыш сынып оқушыларының үш негізгі бағыт бойынша мұғалім ұсынған өз бетінше жұмысты жетілдіруде шешімдерді іздеуден тұрады. Шығармашылық деңгейдегі жобалаушы идеяларды таңдауда және жобалау-технологиялық тапсырмаларды шешудегі өзекті әдіс ретінде ойға шабуыл әдісінің маңызы зор. Оның мәні – сыныпта «идея туғызушы» және «сарапшылар» топтары құрылатындығында. Бірінші топ бұйымның композициясын құруға байланысты орындауға болатын идеяларды ұсынады, ал екінші топ оларды бағалайды, ең қызықты және өзектілерін таңдайды. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ізденісін жандандыру үшін мұғалімнің алдын ала құрған және ұсынған сұрақтарын қолдануға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының құрастырған идеяларын тіркеуге үйрету слайд жасау әдісі арқылы жүргізіледі. Шағын маркетингтік зерттеу әдісінің тәсілдері бастауыш сынып оқушылары өздерінің идеяларын бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бағалауды, сонымен бірге ақыл-ой, дене және материалдық күш-қуат жұмсауды бағалауға үйренуге мүмкіндік береді. Ол үшін бастауыш сынып оқушылары келесі проблемалық сұрақтарға жауап іздейді: «Осыған ұқсас зерттеу жұмыстары бар ма? Олар қанша тұрады? Оны дайындау қымбатқа немесе арзанға түсе ме?». Бұдан басқа, аталған әдіс жалпы бастауыш сынып оқушыларының заттық рефлексия қабілетінің қалыптасу негізінде зерттеушілік іс-әрекетінің субъектілері ретінде жағымды тәжірибесін қалыптастырады. Бұл белгілі алгоритмдер бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары технологиясын саналы түсінуге ықпал етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет