Қазақстанда бөдене өсірудің өркендеуі.
2005 жылдары Қазақстанда бөдене өсірумен айналысатын бар болғаны бес-алты шаруашылық болған. Қазір елімізде бөдене өсіріп, оның еті мен жұмыртқасын саудалап отырған 82 шаруашылық бар. Олардың 25-і Алматы облысының аумағында орналасқан. Ал Түркістан қаласы аумағында 1 шарауашылық бар.
Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқасын ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған.
Бөденені заманауи инкубатордың көмегімен көбейтуге болады. Бұл құстың жаратылысын зерттегенде, инкувацияға 9-12 грамм болатын жұмыртқаларын пайдаланғанда, 80 пайызға дейін балапан алуға болады. Инкубатордан шыққан балапандардың алды 35 күнде жұмыртқалай бастайды. Тоқсан күнде олар жұмыртқалағыштықтың жоғарғы деңгейге жетеді. Жалпы, бөдене бір жарым жылға дейін сапалы жұмыртқа береді. Егер оны сапалы жеммен азықтандырса, біраз уақытқа дейін сапалы өнім алуға болады. Негізінен, бөденені құрама жеммен азықтандырған жөн. Сол кезде жақсы өнім алуға болады.
Жалпы, бөдене жұмыртқасы бір аптаға дейін өзінің құнарын 100 пайызға дейін жоғалтпайды. Ал 30 күннен кейін жұмыртқасының құнары 70 пайызға кемиді.
Бөдене көптеген үй құстары сияқты құнды диеталық ет пен жұмыртқаның қайнар көзі болып табылады. Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша космостық зерттеу жүргізуге қатыстырылды. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Бір жұмыртқаның қара базардағы құны 25-30 теңгеден. Айтпақшы, бұдан бөлек етінде іске асырасыз.
В)Бөдене туралы ел жұрттың пікірі
Әлия Бекбанова, Қызылорда қаласындағы №2 емхананың дәрігері:
– Сыр өңірінде демікпе,туберкулез, жүрек, өкпе, қаназдық, асқазанның зат алмасуының бұзылуы аурулары жиі кездеседі. Ал бөдене жұмыртқасының мұндай аурулармен ауырғандарға тигізер пайдасы мол.
Сапар Таңатаров, тарихшы:
– Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор. Жапондар екінші дүниежүзілік соғыста атом бомбасы жарылған қала тұрғындарына бөдене жұмыртқасын берген.
Мұхтар Байбатшанов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, бөдене зерттеушісі:– Бөдене көптеген үй құстары сияқты құнды диеталық ет пен жұмыртқаның қайнар көзі болып табылады. Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша, космостық зерттеу жүргізуге қатыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |