Диплом жұмыс Тақырыбы: Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу. Орындаған: Нысанова Эльмира



бет33/34
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#13377
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Қап-қап бидай

Егіні бітік болып, қырманы қызылға толған диқан барлық бидайын есік алдындағы тақырға түсіріп алады да, оның біразын екі ұраға тең бөліп көмуді ойлайды.

Диқан бірінен бірі үш пұт артық сыятын үш қап дайындайды да, оның ең кішісін қызыны, орташа қапты ұлына береді. Өзі үлкен қапты алады. Сөйтіп үшеуі есік алдындағы тақырда жатқан таза да құрғақ бидайды ұраға құюға кіріседі. Әке екі ұраның біреуін иемденеді де, ұлы мен қызын тап осындай екінші ұраға жібереді.

Өзара бәсекеге түскен үшеуі бірінен-бірі қалыспай өз ұрасына қапшығымен он реттен астық тасығанда екі ұра да толады. Бұдан кейін әкесі ұраға сабан шаншып, бетін топырақпен жұқалап көмеді. Мұнысы астық қызып кетпеу үшін істеген қамы еді.



Бұлардың әрқайсысының қабы неше пұттық? Қай ұраға қанша пұт астық құйылған және әркім қанша пұт астық тасып төккен?

Шешуі: Ең кіші қапқа пұт сыяды деп алайық. Сонда бір белгісізі бар теңдеу шығады:



Бұдан екенін көріп тұрмыз. Қаптар бір пұттық, ек іпұттық, үш пұттық екенін таптық. Әр ұраға отыз пұт астық тасылған.

Жауабы: Әкесі отыз пұт, ұлы жиырма пұт, қызы он пұт тасыған.


Ат пен қашыр

Ескілікті есептердің бірі мынандай болып келеді.

Ауыр жүк артылған ат пен қашыр қара жол үстінде қатар келе жатады. Үстіне артылған жүгінің шамадан тыс ауыр екенін айтып, ат қатты налиды

- Сен несіне ренжіп келесің? –дейді оған қашыр.

- Егер сенің үстіңдегі бір қапты менің арқама артса, онда менің жүгім сенікінен екі есе ауыр болып кетер еді.

- Ал егер мен сенің үстіңдегі бір қапты алсам ше?- деп сұрайды ат.

- Онда екеуміздікі тепе-тең шығар еді,-дейді қашыр.

Айтыңдаршы, данышпандар, ат үстінде және қашыр үстінде қанша қаптан жүк болды?



Шешуі: Ат үстіндегі қап санын , қашыр үстіндегі қап санын арқылы белгілейік те, теңдеулер жүйесін құрастырайық:



Жүйені шешсек , шығады.

Жауабы: Ат үстінде бес қап, қашырда жеті қап.


Қорытынды.

Жалпы айтқанда оқу үрдісінде бүтін сандар жиынында теңдеулерді шығарудың әдіс – тәсілдерін пайдалану, оларды терең зерттеу сабақтың сапасын арттырады. Сондай – ақ оқушылардың белсенділігі мен ой - өрісін дамытуға септігін тигізеді және олардың пәнге, техникалық ғылымға деген қызығушылығын арттырады. Ең негізі оқушылар бағдарламадан тыс мағлұматтар алып, білім сапасын арттырады.

Қазіргі таңда жоғары білім беру үздіксіз білім алуға дайын, өзінің сана сезімін жан – жақты жетілдіріп, кәсіби қорын толықтыруға қабілетті, қоғам дамуындағы нарықтық қатынастың құбылмалы саясатына тез бейімделетін шығармашыл, еңбекқор жастарды тәрбиелеп, білімді де білікті мамандар дайындауды мақсат тұтады. Сол себепті, жастардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған және дүниежүзілік олимпиадаларға шығуға жол ашық. Соңғы кезде математикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларды қорғауға көп көңіл бөлінуде. Жыл бойы әр – түрлі халықаралық дәрежедегі математикалық сайыстар өткізіледі, атап айтсақ, “Жібек – жолы”, “Кенгуру”, “Ақбота” және т.б. Бұл сайыстарға қатысу үшін оқушылардың дайындық дәрежелері өте жоғары деңгейде болуы шарт.

Сонымен қатар қазіргі мектеп математикасындағы оқыту үрдісінің нәтижесін жоғарылату бағытында оқушылардың алған білімдерін практикада өздігімен орындауға үйрету керек.



Ал мектеп бағдарламасында олимпиадалық есептерді шығару тәсілдері өте аз. Бұл сайыстарда көп кездесетін есептердің бір тобы – бүтін сандар жиынында шешілетін теңдеулер. Жұмыстың негізгі бөлімінде осындай теңдеулерді шешудің жалпы теориясын, әдіс – тәсілдерін ашып көрсеттік. Дипломдық жұмыстың оқушылардың білім сапасын арттыру үшін, олимпидаға дайындық курстары үшін пайдасы болатынына сенімдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет