1.3 Екі белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеулер.
Екі белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеуді қарастырайық:
ax + by + c = 0 (1)
Мұндағы а, b нөлден өзгеше бүтін сандар, ал с – кез – келген бүтін сан. Ал а, b коэффициенттерінің бірден басқа ортақ бөлгіші жоқ деп ұйғарайық. Шындығында, бұл коэффицентердің ең үлкен ортақ бөлгіш бірден өзгеше d = (a, b) десек, a = a1d , b = b1d теңдеулері орынды болады. Сонда (1) теңдеу мына түрге келеді: (a1x + b1y) d = 0. (2)
с саны d санына бөлінсе ғана, бұл теңдеудің бүтін шешімдері болады. Бұл жағдайда d = (a, b) ≠ 1; (2) теңдеуді d санына бөлсек, мына теңдеуді аламыз: a1x + b1y + c1 = 0 c1 = ,
мұндағы a1 және b1 өзара жай сандар. Ең алдымен с = 0 болғандағы жағдайды қарастырайық. Сонда (1) теңдеу мына түрге келеді:
ax + by = 0 (1/ )
Бұл теңдеуден х белгісізін табайық: х = , х бүтін мән қабылдайды, сонда тек сонда ғана, егер у а санына қалдықсыз бөлінсе. Ал ондай у белгісізінің бүтін мәнін былай жазуға болады:
у = аt,
мұндағы t – кез – келген бүтін сан (t = 0, , , … ) у мәнін (1/ ) теңдеуіне қойсақ, онда
х = ,
біз (1/ ) теңдеуінің барлық бүтін шешімдерін қамтитын формулалар аламыз:
х = - bt, y = at (t = 0, , , … )
Енді с ≠ 0 болған жадайды қарастырамыз.
(1) теңдеудің барлық бүтін шешімдерін табу үшін, оның тек қана бір бүтін шешімін табу жеткілікті, сондай – ақ
a0x + b0y + c = 0
теңдеуі үшін х0, у0 бүтін сандарын табу керек.
Теорема 1 a және b өзара жай сандар және [x0, y0] ax + by + c = 0 теңдеуінің кез – келген бүтін шешімі болсын, сонда мына формулалар:
x = x0 – bt, y = y0 + at (3)
t = 0, , , … болғандағы теңдеудің барлық шешімдерін берін береді.
Дәлелдеу: [x, y] - (1) теңдеудің кез – келген шешімі болсын. Сонда ax + by + c = 0 және ax0 + by0 + c = 0 теңдіктерінен мынау шығады:
ax - ax0 + by - b0 = 0, y – y0 = ,
мұндағы у – у0 бүтін сан және a, b өзара жай сандар болғандықтан, х0 –х
b санына бүтіндей бөлінуі керек. Сонда х0 –х мына түрге келеді:
х – х0 = bt,
мұндағы t бүтін сан, х0 –х мәнін алдыңғы теңдікке алып барып қойсақ:
y – y0 = .
сонда x = x0 – bt, y = y0 + at формулаларын аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |