Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет8/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Дипломдық жұмыс, Лаура (копия)

onlinetestpad – зейіндік, психологиялық, білімдік сауаттылығын дамытуға арналған сандық ресурс. Бұл платформада мұғалімнің тест, сөзжұмбақтар, диалог құрастыруына мүмкіндігі зор. Тиімдісі мұнда арнайы дизайнда әзірленген дайын шаблондар бар. Оқытушы сайттың дайын ресурстарын қолданып-ақ оқушыға эффективті сабақ беруіне болады.

  • Халықаралық ағылшын деңгейін анықтау тестін тапсыруда бірнеше сайттар бар. Солардың ішінде мектеп оқушыларына лайықталғандары: ieltsonlinetests.com, ielts-net.com, mini-ielts.com.

    Презентация. Оларды жаңа материалды түсіндіру кезінде, білімді бекіту кезінде, шығармашылық тапсырмалар мен физикалық минуттарды орындау кезінде пайдалануға болады. Сабаққа презентация құру үшін арнайы бағдарламалардың қажеттілігі шамалы, PowerPoint сияқты стандартты құралдар жеткілікті. Презентация құру процесін айтарлықтай жеңілдететін және мұғалімнің уақытын үнемдейтін онлайн-қызметтер бар. Танымал Canva веб-сайты кез-келген презентацияны компьютерге ешқандай бағдарламалық жасақтама орнатпай-ақ, шолғышта жасауға мүмкіндік береді. Сервис бірнеше адамның бір жоба бойынша бірлескен жұмысын, слайдтарды жобалау кезінде өздерінің медиа материалдарын пайдалануды қарастырады. Бұл дегеніміз бірнеше студенттер бір уақытта бір презентация жасай алады. Онлайн режимінде басқатырғыштар жасауға болады. Жұмбақтар жасау үшін Rebus Generator қызметін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда мәтінмен жұмыс істеуге қолдануға болады. Мысалы, жұмысты зерттемес бұрын бұл қызметті есіммен шифрлайды (жұмбақтардан викторина құруға, басты кейіпкердің, шығарманың авторының атын шифрлауға болады). Оны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады, бірақ көбінесе білімді өзектендіру үшін пайдаланған жөн. Жұмбақтар шешу ойлаудың дамуына ықпал етеді, тапқырлыққа баулиды, табандылықты, логикалық ойлау, талдау және салыстыру қабілеттерін дамытады. Ребусты жүктеуге, басып шығаруға болады.
    Қашықтықтан оқыту барысында білім платформаларының маңызы үдей түсті. Өйткені оқушы алдында оқытушы жетіспегендіктен, балаға толыққанды білім беретін, сұрақтарына қарай оны бағыттайтын қандай да бір жетекші құралдың қажеттігі қоғамда аса сұранысқа ие болды. Осының негізінде білім беру ісінің қызметкерлері IT мамандарымен бірлесе отырып, жалпыға ортақ ыңғайлы платформаны оқу үдерісінде іске қосты. Қазіргі таңда республика көлемінде оқушылар Bilimland негізінде оқуды жалғастыруда. Платформаның тиімділігі – сабақты түсіндіретін бейнебаяндар; сабақты бекітетін тапсырмалар; бағалау, кері байланыс құрылғылары жан-жақты ойластырылған. Білім беруде оқытушыға қалған жүктеме – оқушыны тақырыпқа сай бағыттау. Одан өзге дарынды балаларға арналған кейбір гимназия-лицейлердің, инновациялық, халықаралық, ақылы мектептердің өздеріне арнайы жасақталған білім платформалары болады. Олар бір-бірінен күрделілігі, функционалдығы, жағынан ерекшеленгенімен, білім министрлігінің ақпараттық білім платформаларына қойылатын талаптары ортақ:

    • білімді тасымалдау;

    • білімді бекіту;

    • білімді қорыту;

    • бағалау [11, 65].

    Қоғамның тәрбие үдерісі «мұғалім-ата-ана-бала» үштігі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Білім берудің үлкен екі бағыты бар. Бірінші – тәрбие, екіншісі – оқу құралы. Осы бағыттың дұрыс жүзеге асуында үштіктің байланысы үзілмеуі маңызды. Қазіргі таңда білім беру ісіне қатысты коммуникацияны цифрландыру қарқынды дамуда. Цифрландыру ата-аналардың және оқушылардың мектеппен қатынасындағы транспорттық мәселелерін жеңілдетті. Мәселен, ата-ана баласының күнделікті сабаққа дайындығын, пән мұғалімдерінің кері байланысын, ескертпелерін, мектеп әкімшілігінің хабарландыруын, барлығын дерлік электронды журналдан бақылай алады. Бала да дәл сондай өзінің дайындығын, деңгейін, бағаларын, үй тапсырмаларын, сынақ мерзімдерін, ұстазбен байланысын электронды журналдан басқара алады. Мұғалім үшін тиімділігі – қағазбастылықты азайтып, қол күшін жеңілдетті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет