«Болжам» әдісі. Асинхронды қашықтықтан оқытуда оқытушы мен оқушының арақатынасы символдық қатынасқа құрылады. Бұл дегеніміз ақпарат алмасу әріптік, сандық символдар немесе суреттер арқылы алмасады. Бағалаудың дәстүрлі әдісінде бейне және аудио ескерілмейді. Шартты белгілер арқылы оқушының білім алуы көзделеді. Оқытушы оқушыға аталмыш шартты белгілер арқылы тапсырма жіберіледі, оқушы жауаптарды белгілеп, жазып оқушыға чат немесе электронды пошта арқылы тексертуге жібереді. Мұндай жағдайда оқытушының кері байланыс беруі міндеттеледі. Мәселен, басқа ақын-жазушыларда қайталанбайтын шартты белгілер мен суреттер арқылы Абай шығармашылығын тануға болады. Оны 8-кестедегідей бағалай аламыз.
Кесте 8
Бағалау критерийінің үлгісі
Бағалау критерийі
|
Оқушы шарты белгілер арқылы жасырынған шығарманы анықтады;
|
2 балл
|
Шығарма авторын біледі;
|
1 балл
|
Бұл суреттер Абайдың бес дұшпан мен бес асыл істі бізге айқындап беретін атақты өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін таңбалайды. Әдіс оқушылардың таным шеңберін кеңейтіп, сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді. Мұндай әдістермен сабақ үстінде тақырыпқа қатысты бірнеше ойындар құрастыруға болады. Расында, оқушыларға дайын білімнен гөрі ойланатын, ми қызметін үдететін тапсырмалар ұнайды және олардың орындалу барысы өте қызықты, көңілді өтеді.
«Барлық факторларды ескеру (БФЕ)» әдісі. Әдіс шарты педагог білім алушыға бір факт/сұрақ/пікір тастайды. Оқушы өз пікірін жазбаша ұсынады. Жай ғана пікір білдіріп қоймайды, дәлелдемелерге, авторлардың негіздемесіне сүйене отырып, шындыққа жанасатын факт айтады. Ойлануға уақыт беріледі, оқушы фактілердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне анализ жасайды, қызықты тұжырымдарды ескере отырып қорытынды түйін шығарады. Мысалы, «Шерхан Мұртазаның пайымдауынша, «Бесеудің хаты» алғаш Сталинге арналған. Кейін хат Сталинге жетпей, Алаш зиялыларының ащы шындықты талап ететін көкейдегі сұрағы жауапсыз қалды. Неліктен хат Сталинге жетпеді?».
Білім беру жүйесі қарапайымнан күрделіге қарай бағытталатынын алдыңғы бөлімдерде ескерттік. Тапсырмаларды дайындауда оқушының жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, оқу жетістігінің деңгейі ескерілуі қажет. Біздің жоғарыда келтірілген тапсырмамыз 8, 9-сынып оқушыларына арналады. Тапсырма оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытып, тілдің әлеуметтік қызметін түсінуге үлесін қосады. БФЕ-нің оқушыларға арналған арнайы жауап қағазы төмендегі 9-кестедегідей болады.
Соның негізінде, оқушылардың жауап парағын мұғалімнің әділ түрде және оқушының жауабын жан-жақты қарастыра отыра бағалайтын критерийлері мысал ретінде 10-кестеде көрсетілді. Бағалау баллдық шкалада жүргізіледі.
Кесте 9
Оқушылардың жауап парағы
Достарыңызбен бөлісу: |