Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері


Диплом жұмысының зерттеу нысанасы



бет4/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Диплом жұмысының зерттеу пәні.
Қазақ тіл пәнінің оқыту үрдісі.
Диплом жұмысының мақсаты:
9-сынып оқушыларына стилистикадан білім, білік, дағдысын қалыптастыру әдістемесі.
Диплом жұмысының міндеті:
-Стилистика және стиль ұғымын анықтау;
-Стилистика бойынша ғылыми еңбектерді талдау;
-Әдеби тіл стильдерінің ғылыми негіздерін сипаттау;
-9 сыныпта стилистиканы оқытудың әдістемесін ұсыну.
Диплом жұмысының ғылыми – теориялық маңыздылығы:
Диплом жұмысы лингвистиканың бір бөлігі стилистикаға арналған. Тіліміздегі әдеби тіл стильдерінің тілдік ерекшеліктерін көрсеткен. 9-сыныпта стилистикадан білім, білік дағды беру әдістемесін сипаттаған.
Диплом жұмысының практикалық және теориялық негіздері:
Тіл туралы заңдар, сөйлеу әрекетінің қағидары, қатысымдық іс-әрекет, жалпы орта білім беру стандарты.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
Диплом жұмысына мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды. Ғылыми әдебиеттерді, еңбектерді талдау, оқушылардың жазба жұмыстарын бақылау, озат мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау т.б.
Зерттеудің практикалық мәні:
Диплом жұмысының зерттеу мәндедері 9-сынып мұғалімдерінің әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар жасауға болады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден және екі тараудан тұрады. Жұмыстың соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер көрсетілді.
БІРІНШІ ТАРАУ
СТИЛИСТИКА - ТІЛ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР САЛАСЫ
1.1. Стилистика және оның анықтамасы
Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті.
Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.
Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады.
Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.
1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы - құрылымдық стилистика.
2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім — функционалды немесе қолданымдық стилистика.
3. Көркем әдебиет стилистикасы.
4. Нормативті, практикалық стилистика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет