Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері


Пікір білдіруші: ф.ғ.к. доцент, Б. Бекетов



бет2/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Пікір білдіруші: ф.ғ.к. доцент, Б. Бекетов
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
филология институты
ХҚДУ-нің «Отырар» институтының
12-41 тобының студенті Сауырбаева Мөлдірдің «9-сынып оқушыларының
стилистикадан білім, білім және дағдысын қалыптастыру»
тақырыбындағы дипломдық жұмысы
ПІКІР
Әдістеме ғылымында тіл мен сөйлеуді бөліп қарастырады. Атап айтқанда, тілдік жүйемен функциясын ажыратып, оқушылардың тілін дамыту функционалды – стилистикалық сипатта қарастырылады.
А.А. Леонтивтің айтуы бойынша, сөйлеу үрдісі- «тілдің ойға», яғни ішкі сөйлеудің үрдісі, ол жазбаша және ауызша орындалады деп анықтайды. Сондықтан, дипломат оқушылардың стилистикалық білім, білік дағдысын қалыптасу әдістемесін қарастырған. Диплом жұмысының тақырыбы өзекті деп білемін. Диплом жұмысының бірінші тарауы стилистика тіл білімінің бір бөлімінің саласы, онда стилистика ғылымының ғылыми теориялық сипатталған. Мәселен, стилистика және оның анықтамасы, стилистика пәні, оның негізгі мәселелері мен зертеу әдістері, стилистиканың негізгі ұғым, категориялары, стилистикадағы «Стиль» ұғымы функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы берліген.
Функционалды стильдердің тілдік құралдардың ерекшеліктері ашық көрсетілген.
Екінші тарауда 9-сыныпта стилистика материалдардың оқыту әдістемесі қарастырылған. Олар 9-сыныптың бағдарламалық жүйесі бойынша жасалған. Мәселен, 9-сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері мен әдеби тіл стильдерін ерекшеліктерін игерту әдістемесі келтірілген. Ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, ресми іс-қағаздары сияқты стильдерде қарастырылған.
Тұжырымдағанда, диплом жұмысы толық аяқталған, диплом жұмысының талаптарына сай жазылған, қоғауға ұсынуға болады.
Ғылыми жетекші: А. Жапбаров п.ғ.д. профессор.
КІРІСПЕ
Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, тәжірибелікте маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Тіл жөніндегі жаңа саясат елімізде қазақ тілін оқып үйренуді іс-жүзінде жүзеге асыруды жетілдіре түсуге толық мүмкіндік жасап отыр. Осымен байланысты мектептер қазақ тілінін оқытып үйретудің заман талаптарына сай әдістемесін жасау міндеттері шешімін күтуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет