Диплом жұмысы «Арысқұм мұнай кенінің бұрғылау, қондырғысының жаңартылған қосалқы элементтерін электр энергиясымен қамтамасыз ету»



бет4/16
Дата07.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#17706
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Документ Microsoft Word

МӘСЕЛЕНІ ҚОЮ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ



    1. ҚҰМКӨЛ (АРЫСҚҰМ) КЕН ОРНЫНЫҢ БҰРҒЫЛАУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРІ

Арысқұм кен орны Құмкөл кен орнына кіреді. Арысқұм 1997 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Алғашында Құмкөл территориясында оналдасқан бұрғылау қондырғыларын және олардың құрған арнайы бригадаларын пайдаланды.

Кен орны Жосалы елді мекеніне таяу Торғай географиялық нүктесінде орналасқан. Ал оңтүстік-шығысында Құмкөл кен орны жатыр. Географиялық жағынан алып қарағанда жер жазық болып кледі, биіктігі +50 м-ден 100метрге дейін өзгеріп отырады. Ауа-райы континентальды, тәулігіне бірнеше рет құбылып отырады, жазда температура +30-35°С-қа жетеді, ал қыста -38-40°С аязды болады. Жылына 150 мм жауын-шашын жауады, көбінесе жауын-шашын оңтүстік-шығыс бөлігінде болады. Су жолдары жоқ. Сондықтан да техникалық мұқтаждықтар үшін альтикалық және сеноманикалық су көздерін пайдаланды[5].

Торғайдың оңтүстігіндегі барлық бұрғылау қондырғылары Арысқұмның оңтүстік бөлігіне кіреді. Бұл бөліктің шеттері штрихтық сызықтармен бөлініп көрсетілген.

Арысқұм кен орындарында жеті бұрғылау қондырғылары жұмыс істейді. Ең соңғы бұрғылау жабдықтары 2001 жылы орнатылған. Арысқұм кен орны тәулігіне 4500 тонна мұнайды өңдейді. Кен орны алғашында арнайы 250, 450 кВ дизельді генератормен жабдықталған. Соңынан 2004 жылы 110 кВ желілер тартылды және бұрғылау қондырғылары бірінен соң бірі электр желісіне қосылды. Осыған сәйкес жоспарға барлык бұрғылау жобалануы басталды. Және де осы жобада Арысқұм кен орнын электрмен қамтамасыз ету жоспарланды[5-6].


    1. АРЫСҚҰМ КЕН ОРЫНЫН КЕҢЕЙТУДІҢ НЕГІГІ ЖОСПАРЫ

Бұл жоспарда Арысқұм кен орнының бұрғылау қондырғыларын орталық электрмен жабдықтауға қосу қарастырылған. Бұрын орнатылған дизель-генератор тұрақты жұмыс істемегендіктен және көтеріңкі жүктеме әсерінен тиімсіз болды. Дәл осы сәтте жүктеме 2001 жылғы жүктемеге қарағанда 75%-ке артты. Қосымша қуаттылықпен екі бұрғылау қондырғылары қосылып, пайдалану жоспарланды.

Тұрмыстық жабдықтарды қосуға өсіп отырған талаптар негізінде орталық электрмен қамтамасыз етуге қосылу қажет болды. Ақшабұлақ газының компрессорлық станциясының және Құмкөл газ құбырларының қосылуына байланысты, бұл жерге қосымша 110 кВ желі тартылды.

Бұл бағытта және басқа да кен орындарын электрмен жабдықтау басталды. Қазіргі кезде 7 бұрғылау қондырғылары үшін 10 кВ желі тартыла басталды. Осыған байланысты 10/04 кв станциясын жоспарлау басталды[6].




    1. АРЫСҚҰМ КЕН ОРЫН ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ ЖОБАЛАУ

Жоба бойынша Арысқұм кен орнының орталығында 110/6 кВ станциясын орнату жоспарланды. Бұл станцияның жұмысы барлық бұрғылау қондырғыларын 6 кВ желімен қамтамасыз ету болды.

Дизель-генератордың кернеу 6 кВ-ға тең болуы тиіс. Және осыменен түрлі қашықтықта орналасқан бұрғылау қондырғыларын 7 желіге тарту жоспарланған. Жобаның ерекшелігіне 1 категориялы тұтынушы мен электрсхемаға деген талап жатады. Осыны ескере отырып, бірінші желі тұрақты, ал екіншісі дизель-генератор болуы тиіс болды. Сыртқы электрмен жабдықтау схемасы

Электр жабдықтарын жоспарлау мен қондыру кезінде объектінің орналасуы мен оның жанынан электр беру желілерінің орналасуы ескерілді. Осыған байланысты 1 категориялы тұтынушы объектінің электросхемасы өте сенімді болуы тиіс. Бұрын айтылған объектіні жабдықтаудың электросхемасының мәселелерін зерттей келе , ескі схема бойынша жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл үшін дизель-генератор схемасына қорғайтын реле мен автоматик қосылды. Бұл жоспардың басты ерекшелігі - экономикалық пайдалы екендігінде. КТПН бөлу қондырғыларын пайдалану схемасының көрсеткішінің жоғары сенімділігін көрсетеді қондыру, пайдалану және жөндеу жұмыстарының тәсілдері де ыңғайлы болып келеді.

2 көзден арқылы бұрғылау қондырғысына келеді және сонан соң трансформатор арқылы 0,4 кВ-ға түседі, осыдан 0,4 кв беру желісі шығады. Осы шарттардың барлығын орындау біздің секциямыздың қоректенуіне алып келеді.

Ішкі электрмен қамтамасыз ету схемасы

Ішкі қорек желісінің схемасын орындау кезінде ішкі тұтынушылар объектілері ескеріледі және қоректі бөлу қарастырылады. Кен орнының бас насосы 0,4 кВ мұнай насостарының секциясынан қоректенеді. Резервтегі жабдықтар үшін 2 бөліп таратқыш құрастырманы орнатамыз. Олардың сенімді болуы үшін оны 2 секцияға жинаймыз.

Насостардың үлкен қуаттылығынан олар 0,4 кВ секцияға қосылған, ал резервтегі жабдықтар үшін 2 бөліп таратқыш құрастырма орнатылған .Өрт сөндіргіш насостары 0,4 кв бөліп таратқыш құрастырмадан қоректенеді , ал резервтік жабдықтар 2 бөліп таратқыш қондырғыдан қоректенеді. Қалған тұтынушылар үшін басқа бөліп таратқыш құрастырмалар орнатылған[7].

Бұл құрастырмалардың тиімділігі :

4.1. экономикалық тиімділік және бас басқару ыңғайлығы.

4.2. жөндеу жұмыстарының тиімділігі және пайдаланылатын аппараттардың қарапайымдылығы.

Жарық беруші қондырғылар арнайы қалқаннан өтеді. Жарық бөліп таратқыш құрасырма арқылы келеді. Сонымен бірге автоматика желісі мен қорған жекелеген бөліп таратқыш құрастырма арқылы өтуі тиіс. Бұл желілерге КИП және А, РЗ және А жатады[8].





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет