Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі



Дата28.06.2023
өлшемі20,52 Kb.
#103663
Байланысты:
7, Солтанбекова Ботагөз 3 курс


Инклюзивті ортада оқу орнын бейімдеу мәселесі

“Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі”


Қазіргі уақытта мемлекеттің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бағдарламалар жасалып жұмыстар жүргізілуде. Мүгедектікті жасөспірім кезінен анықтап, оларға ерте бастан ортаға қосылуына жағдай жасауымыз керек. Қазір мемлекетімізде 150мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жандар өмір сүруде. Бұл әрине біз үшін өте өкінішті мәселе.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға бейімдеу аса маңызды. Мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына және тәрбиесіне ерекше мән берілуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты яғни мүмкіндігі шектеулі жан өзін қоғамнан адам өмірінен алшақ ұстап қалмас үшін оларды еңбекке үйрету және де өмірде өз орнын табуға, өмірге икемді жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Қазақ халқымыз «Еңбек еткен, мұратына жеткен» -деп бекер айтпаған. Осы бір керемет мақалдың ішіне бәрі сыйып тұрғандай. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ете отырып өздерінің мұраттарына да жете білген. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамайтын, тек қана ата-ана қамқорлығындағы жандар деп елестетеміз. Еңбек бұл адамдардың өмірлік қажеттіліктері. Еңбек ету арқылы олар бір –бірін түсінеді, қоғамға бейімделеді, өмірге деген құштарлықтары арта түседі. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ата-ана мен педагогтардың орны ерекше.
Ата –ана баласының қалаған ісі мен еркін айналысып, қоршаған ортаны тануына, балалардың өзін толыққанды сезінуіне көмектесіп, оларға жол аша білуі тиіс.Осыған орай педагогтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке даму бағдарламасын пайдаланып отырып жұмыс жасайды.
Әр ата-ана бауыр етінің баласының дені сау болып туылғанын қалайды. Ал балаларының мүгедек болып туылуы әрбір ата-ана үшін өте ауыр соққы. Осы өте ауыр тауқымет үшін көптеген отбасылардың шаңырағы шайқалуда. Көбіне осындай жағдайда әкелер бойларын ала қашып, аналар бар қиыншылықты өздері арқалайды. 70-тен астам жалғыз басты әйелдер «Сәби» қоғамдық қорында тіркелген. Ол жердегі балаларға қойылған диагнозда жан-дүниеңді ауыртады. Аутизм, даун синдромы, церебралды сал ауруы, психикалық дамудың тежелуі,басқада неврологиялық сырқат түрлері бар. Ауруға шалдыққан балалардың басым көпшілігі арбаға таңылған және сөйлеу, есту қабілеті нашар балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары көптеген әлеуметтік мәселелерге тап болып жатады. Солардың ішінде ең үлкен мәселе балаларды оқытатын білім мекемелерінің тапшылығы. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қазіргі заманғы білім берудің өзекті және даулы мәселелерінің бірі болып табылады. Балаларға сапалы білім алуға кедергі- әлеуметтік теңсіздікке байланысты көптеген шектеулер. Жалпы білім беру мен арнайы мектептер арасындағы айырмашылықты жоюға бағытталған жұмыстар жүргізілу үстінде. Осыған байланысты инклюзивті білім берудің рөлі артып келеді. Бұл дегеніміз –мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қол жетімділіктің кеңеюіне ықпал етеді. Осылайша, мұндай балаларға олардың әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасалады. Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті білім беруді дамыту тенденциясы оқушылардың психикалық, сөйлеу және жалпы психикалық дамуы тұрғысынан біртектіліктің жоғарылауымен қатар жүреді.Бұл шартты түрде сау балалардың да, мүмкіндігі шектеулі балалардың да ортаға бейімделуін едәуір қиындатады; қосымша, көбінесе шешілмейтін қиындықтар мұғалімдердің оқушыларға білім беру , тәрбиелеу дамыту үдерісінде оларға жеке көзқарасын жүзеге асыруда туындайды, бұл толық іске асыруға мүмкіндік бермейді. Осы қиындықтарды шешу үшін жалпы білім беретін мектеп қазіргі таңнан бастап:

  • Жалпы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үдерісінің құқықтық базасын қамтамасыз ету;

  • Білім беру процесін жалпы білім беретін кәсіби дайындалған мұғалімдермен қамтамасыз ету және инклюзивті тәсілді жүзеге асыруға қабілетті мамандарға қолдау көрсету.

  • Инклюзивті білім беру үшін қабылдау және өзара көмек принциптеріне бағытталған «кедергісіз» білім беру және әлеуметтік ортаны құру.

  • Мүмкіндігі шектеулі баланы инклюзивті білім беру жағдайында ілесіп жүру процесін қамтамасыз ететін әр түрлі профильді мамандар қызметінің кешенді моделін құру;

  • Инклюзивті білім беруді ғылыми, бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру(оқу жоспарлары, олардың нұсқалары, оқушының өзі үшін арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптері, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;

  • Білім берудегі құзіреттілік тәсілін жүзеге асырудың тиімді құралы ретінде қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға психо-педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсететін ұйымдар, мекемелер, бөлімдер арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды және әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету;

  • Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған мекеме мен отбасының өзара әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда осыған байланысты жалпы білім беру ұйымдарында ұйымдастырушылық –әдістемелік сипатын өзгертуге тырысулар жасалуда. Мысалы, кейбір мектептерде білім беру процесін әр түрлі қолдау құралдарымен (психологиялық, логопедиялық, түзету-педагогикалық) толықтыратын бағдарламалар санының өсуі байқалады. Алайда мұндай бағдарламалар әдетте біржақты ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделген. Көбіне мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау бағдарламаларын арнайы білімі жоқ мамандар жасайды. Қазіргі жағдайда балаларға қолдау мен көмектің жеткіліксіздігі айқындала түсуде. Мұндай қызметте мұғалімдердің психологиялық құзырттілігі төмен. Олар даму ауытқуларының психопрофилактикасы әдістерін нашап біледі, психологиялық-педагогикалық түзету әдістерін қолдану қиынға соғады. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері әлі күнге дейін әртүрлі санаттағы балалармен қалай жұмыс жасауды, топтық жұмысты ұйымдастыруды және белсенділік парадигмасында сабақ өткізуді білмейді. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға және оларға мектептегі оқу үдерісінде жан-жақты көмекке көңіл бөлуді айтарлықтай күшейту қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көресту субъектілері (мектептегі психологиялық қызмет, түзету- педагогикалық қызмет, әлеуметтік қызмет) қызметінің мазмұны мен ұйымдастырушылық принциптерін дамыту тек біртұтас түсінік негізінде мүмкін болады. Әр түрлі бағыттағы мамандар қызметінің күрделі моделі: психиатрлар, невропатологтар, физиологтар, психологтар, логопедтер, педагог-дефектологтар олар қазір біртұтас, олардың қызметтері үйлестірілмеген және балалардың қажеттіліктеріне бағытталмаған.Олардың шашыраңқы әрекеттері тәрбие, білім беру, психокоррекциялық, профилактикалық жұмыстарда қажетті нәтежие бермейді. Қазігі уақытта балаларға жан-жақты көмек көрсетуді ұйымдастырудың алдында тұрған «инклюзивті білім берудің» өзекті проблемасы «кедергісіз» білім беру ортасын құру болып табылады. Осындай білім беру ортасының жалпы ережелерінің бірі мүмкіндігі шектеулі балаға қол жетімділік критерийі. Осындай балаларға қолдау көрсететін ұйымдарда құрал-жабдықтарда қойылатын жалпы педагогикалық талаптар осы санаттағы балаларды әлеуметтендірудің проблемалары мен қиындықтарын ескеру керек. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік орта қоғамның қазіргі өмірінің деңгейін ескеріп, оның талаптарына жақын болуы керек. Бұл әсіресе баланың өмірінің барлық салаларының техникалық жабдықталуына қатысты: күнделікті қажеттіліктерді жүзеге асыру, әлеуметтік құзыреттілікті, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру және баланың төзімділігі. Оқу үрдісінде жаң ақпараттық технологияларды қолдануда келесі факторлар туындайтын күрделі мәселелер де бар:

  • Білім берудің мақсаттары мен міндеттерін, оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған технологияларды пайдалану негізінде оңтайландырылған ақпараттық білім беру инфрақұрылымының, бағдарламалық-техникалық құралдардың болмауы;

  • Инклюзивті білім беруге бағытталған технологиялық инфрақұрылымды құру принциптеріне негізделген жағдайлардың болмауы;

Мүмкіндігі шектеулі балаларда қоршаған ортамен байланыс проблемалары, физикалық әрекетсіздік, психоэмоционалды саланың бұзылуы және көбіне ересектерге тәуелділіктің болуы әр түрлі іс-әрекеттерді орындау кезінде балалардың өзін-өзі танытуына жүйелі жаттығулар жасау үшін жағдайларды талап етеді. Бұл ретте көмекші технологиялар ерекше рөл атқарады, яғни функционалдық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күнделікті өмірге белсене қатысуға,білім алуға, жұмыс істеуге немесе ойнауға мүмкіндік беретін құрылғылар немесе қызметтер. Осы саладағы мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, барлық санаттағы балалар үшін білім беру процесінде қолданылатын шетелдік және отындық қосалық құрылғыларда мәліметтер банкін құру қажет. Ғылым мен қоғамдық өмірдегі қарқынды өзгерістер жағдайында;

  • Ата –аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) елде кешенді диагностика, кешенді оңалту және білім беру саласында қол жетімді қызметтер туралы ақпарат ұсыну құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсететін мекемелердің жұмысына отбасына белсенді тарту;

  • Балалардың даму мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру;

  • Ата-аналарға, балаларға отбасылық жағдайда көмектесу үшін оларға қол жетімді әдістер мен тәсілдерді үйрету;

  • Ата-ананаң мекемемен кері байланысын ұйымдастыру және т.б.

Жалпы білім беру ұйымдарының жағдайында туындайтын осы және басқада бірқатар мәселелерді шешу білім беру, кәсіптік және тұрмыстық салалардағы, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және балаларды өзін-өзі тану кезіндегі кедергілерді жоюға әкеледі.
Қазақстанда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда оқытылады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі бала сыныпқа келген кезде қандай әдістемелік құралдарды және қандай оқулықтарды пайдалануды білмей жатады. Бұдан туындайтын мәселе еліміздегі кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге бейім болмайды. Мәселенің бұлай болуына бүгінгі күні қоғамның да кінәсі бар. Себебі біз мүмкіндігі шектеулі жандарды мүсіркей қарауды қоя алмай келеміз. Олардың білім алуына жалпы білім беретін орта мектептерде жағдай жасау енді қолға алынып келеді.
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез-келген кемсітушілікті жоққа шығаратын барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларда ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.
Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушылары тобы біртекті емес. Бұл ең алдымен оның дамуында түрлі ауытқулары бар: есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, интеллект бұзылыстары бар . Эмоционалды ерікті сфераның айқын бұзылулары бар дамудың кешігуі мен күрделі бұзылыстары бар балаларды қамтитындығын анықталады. Сонымен, мұндай балалармен жұмыс жасаудағы ең маңызды мәселе әр баланың денсаулығы мен психикасына көңіл бөлу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу үрдісінде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішіндегі ең қолайлы әдістер:
-сөйлесу
-ертегі терапия
-арт-терапия
-ойын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет