Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»


Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы



бет21/29
Дата07.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#20701
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы
Сингапурдағыдай Жапондық заң шығарушы сайлау кампанияларының, партиялар мен өзге де саяси ұйымдарды қаржыландыруда қатаң шектеулер қояды, сайлауда кандидаттар, саяси қорлар пайдасына қайырымдылық көрсетудің қатаң реттеу тәртібін енгізеді. Оларға түсетін және олар жұмсайтын қаражаттар жөнінде есептеме тәртібін орнатады. Заңды бұзу қайырымдылық көрсетуші және саяси қайырымдылықты алушы, сондай-ақ екеуінің арасында делдал болушы жауапты тұлғаларға ықпалын тигізетін жазалау қолдануға мәжбүрлейді.2

Жапон заң шығарушы органы сыйақы үшін мүдделі тұлғаның ол үшін тиімді шешім қабылдау үшін мемлекеттік, муниципалдық тұлғаларға, сонымен қатар мемлекеттің немесе жергілікті өзін-өзі басқарушылықтың 50 пайыздық капиталымен заңды тұлғалар қызметшілерге ықпал ету жолымен әрекет ететін саясаткерлердің әрекетін қылмыстық іс деп анықтайды. Жапонияда да, көптеген басқа елдердегідей сияқты сыбайлас жемқорлықпен күресте басты бағыты кадр саясаты. Мемлекеттік әкімшілік мұнда шексіз және шын берілген қызметке бағытталған. Жапондық шенеуніктерге тұрақты еңбек ақы кепілденген, заң шығарушы саясаткерлер мен қызметкерлердің әдеп құлқына баса назар аударады. 2000 жылдан бастап елде «Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп тәртібі» Заңы, сонымен қатар Үкіметтің жарлығымен бекітілген мемлекет қызметкерлерінің әдеп ережелері және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза нормалары әрекет етеді.1

Жапонияда «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп туралы» Заң қиянат етушілікке амал табуды қалдыратынын мойындайды. Сонымен, осы заң үкіметтік орындарға тағайындалатын парламент депутаттарына – саясаткерлерге қатысты емес болып шығады. Осыған байланысты Жапон БАҚ-та 1978 жылы АҚШ-та қабылданған сондай заңның нысаны ретінде барлық үкіметтік лауазымды тұлғалар болатынын атап көрсетілген.

2001 жылы «Ақпараттарды ашу жөніндегі» Заң күшіне енді. Бұл акті азаматтарға үкіметтік мекемелердегі бар ресми ақпараттарға қолжеткізу құқығына кепілдік береді, егер үкімет нақты ақпаратты ашуға болмайды деп шешетін болса, ақпараттарды ашуды бақылау жөніндегі Кеңеске апелляцияға береді. Бұл жағдай қоғамдық топтарға сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге көмектеседі. 2 Осылайша Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін:

- саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы.

- мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі.

- азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.

Жапон мемлекетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі өте қызықты, өйткені бұл елде сыбайлас жемқорлықпен күрестің көптеген нысандары қолданылған. Жапондықтар бай демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттердің жемқорлықпен күрес тәжірибесінің жаңалықтары және тарихымен етене танысып отырады. Тіпті олардың өздерінің заңдарымен салыстырғанда басқа елдердің күресу тәжірибесі әлдеқайда пайдалы екендігін мойындап отырады. Соңғы кездегі Жапон мемлекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жеткен жетістігі қомақты. ТИ СЖҚИ-дың мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылы бұл көрсеткіш – 6,4% болса, 2002 бұл көрсеткіш – 7,1%, 2007-08 жылдары 13,5% болды.1 Бұл жетістіктер мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясаттың дұрыс бағытта екендігін айқындайды, осы күрес шараларының ауық – ауық өзгеріп, өмір талабына сәйкес қолданылып отыруында. Жапонияда жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай кешенді шаралары жүргізіліп отырмайды, бұл міндеттің алдын алу және күрес шараларының ретін реттейтін нормалар барлық заңдарда қарастырылады: олар «Қоғамдық лауазым иелерін сайлау жөнінде» (1950 ж.), «Парламент туралы» (1950 ж.), «Саяси қорларды реттеу туралы» (1948 ж.), «Мемлекеттік қызметшілер туралы» (1948 ж.) және т.б.2

Жапондық заң шығарушы орган саясаткерлерге, мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге қатысты тыйымдарға ерекше мән береді. Олар, негізінен, жапондық шенеунікті қызмет бабында және қызметтен кеткен уақытта жеке меншік бизнеске қатысты саяси ықпал жасау шараларына қатысты болады. Отставкаға кеткен соң да ол шенеуніктер бес жыл көлемінде өздері жетекшілік жасап отырған салаларда екі жылға дейін коммерциялық кәсіпорын ашып, одан пайда алып отыруына тыйым салынғын.

Заң бойынша барлық деңгейдегі сайлау барысында ақша қаражатының шығысы мен кірісіне қатаң есеп жүргізіледі. Үміткерлерге түрлі мемлекеттік органдармен контракт арқылы жұмыс істеуші, жергілікті өзін - өзі басқару органдарынын және үміткерге тікелей қатысы бар кәсіпорындардан қайырымдылық көмек алуға тыйым салынған. Жеке түрде, қоғамдық шоттан, радио, теледидар, газеттік жарнамалар, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін қоғамдық орындар қызметін тегін пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, сайлауға қатысты үгіт – насихат материалдарын таратуда, үміткерлердің негізгі жұмыс істейтін пунктерін ашуға берілетін лимитке де шектеулер қойған. Сайлау компанияларының ұзақтығын анықтайтын Ереже сайлау шығындарын тежеп ұстауға бағытталған.

«Саяси қорларды реттеу туралы» Заң партиялар мен басқа саяси ұйымдарды қаржыландыруын реттейді. Ол саяси партиялардың сайлау барысындағы қаржыландыру үрдісін, кіріс, шығысы бойынша есеп беріп отыруды қатаң бақылайды.1 Соңғы 3 жыл көлемінде кез – келген уақытта тексеруші органдар осы есеп құжаттарын тексеруге алып, таныса алады. Жеке, заңды тұлғалар мен кәсіподақтар және басқа ұйымдар үшін берілетін саяси құрбандық көмектерінің жылдық көлемдегі сомалық шектеулері де бекітілген.

1907 жылғы Қылмыстық Кодекс жемқорлыққа қатысты жеке бөлек 25 тарауды құрайды. Онда параны алушы мен беруші қатал жауапқа тартылатыны айтылған. 2000 жылдың қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық жауапкершілік туралы арнайы заң қабылданған болатын. Жаңа заң бойынша, жауапершіліктің бір түрі ретінде қамау немесе 2,5 млн.йен шамалары белгіленген.2 АҚШ елдері сияқты жаподықтарда да шенеуніктердің тәртіптерін қадағалайтын әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі бар. Олар қызметкерлер мен басқа мемлекеттік лауазымды тұлғалардың этикасын реттеуге көп көңіл бөлген.

Осылайша, Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін: 1) саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы; 2) мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі; 3) азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.1

Кореяда он жыл бойы экономиканың өсуі Сеулдың муниципалдық төрешілдігінің өсуіне әкеліп, жемқорлықтың көптеген жолдарын ашты.2 Осы мәселе кең түрге ие болғаны соншама, 1998 жылы жаңадан сайланған мэр Гох Кун ашық түрде жемқорлыққа қарсы соғысты батауға уәде берді. Мөлдірлікке қол жеткізуде, ақпараттарды көрсетуде, жұртшылыққа таратуда және мәліметтерді таратуда жаңа Интернет-технологияларды қолдану тәжірибеге берік енді. «Мөлдірлік мәдениетінің» ашық үлгісі ретінде 1999 жылы Сеулдегі жаңа «Open» бағдарламасы енгізілді.3 Бұл бағдарлама арнайы қағидалар негізінде құрылған:

1. Кіру мүмкіндігі. Осы идеяны 3 бағытта қарастыруға болады: 1) Азаматтар кез келген уақытта және әр түрлі жерден Интернет арқылы өздерінің берген өтініштерін көре алады, яғни, - ол территориялық - уақыт аспектісі; 2) «Open» бағдарламасы шығарған азаматтардың құқықтарын көздейтін мәліметтерді ала алады, яғни, - ол мәлімдеме аспектісі; 3) Осы бағдарлама жеңіл болғандықтан, билік құрылымдарының жұмыс сапасын бақылап, бұзуларды тез айқындауға жүзеге асырады – ол қауырт- қызмет аспектісі;

2. Ашықтылығы. Осы бойынша біріншіден, ашық бақылау жүйесі, екіншіден, әкімшілік қызметінің жарықтылығы: азаматтардың өтініштерін қрастыратын мәліметтерге кіру мүмкіндігі; құжаттарды қарау мүмкіндігі; қарастыру мерзімдерін таңду. Азаматтардың ұсыныстарын қадағалау жүйесінің негізгі мына жолдармен атқарылады: 1) әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметті азаматтарға ұсыну; 2) ашықтылықты орнату; 3) жеке шенеунік пен азаматтардың қарым-қатынасын шектеу.4 Азамат құрылысты рұқсат алу үшін жазғаннан кейін, осы әкімшілік бөлімінің қызметкерлері «Open» сайтына өтінішті еңгізеді. Интернетке қосылған әр компьютерді пайдаланып, азаматтар өздерінің өтініштерін тіркелді ме, осы мәселемен кім айналысатыны, рұқсатты қашан алуға болатыны туралы біле алады. 1 Әрбір іс бойынша толық мәлімет, сондай-ақ берген өтінішті тіркеу процедурасы, мәліметті іздеу бағдарламасы орналасқан. Осы жүйеде сонымен қатар, қала әкімшілігінің арнайы бөлімі, осы бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлері, олардың телефондары жазылған. Осы жүйе әкімшілік қызметкерлерінен әрбір өтінішпен қай күні, сағат нешеде істегенін көрсетуге талап етеді. Бірда бір шенеунік істі қарау мерзімін ығыстыра алмайды.

«Open» жүйесі әкімшілік секторда прогресивті құрал болып табылады. «Open» зерттеу жобасы ғана емес, тәжірибеде қолданылған жақсы нәтижелер береді. Осы жоба жемқорлық мәселелерін айқындайды және оны шешеді. 1999 жылы 10 мен 15 қазан аралығында Дурбанда өткен тоғызыншы халықаралық жемқорлыққа қарсы конференцияға «Транспаренси Интернешнелдың» шақыруымен Мэр Гох Кун қатысты. Осы конференцияда ол «Open» бағдарламасы туралы сөз сөйледі. Ол 135 мемлекетінің 1600 қатысушыларына және халықаралық қаржы Фонд, Дүниежүзілік Банк, ЭЫДҰ, Интерпол ұйымдарында қызығушылық тудырды.

Жалпы айтқанда халықаралық қауымдастық осы жобаның қызметін көрді. Оны Дубранда өткен конференцияда «Open» бағдарламасына берген бағасынан көруге болады: «Сеулдің мэрі көрсеткендей, біз жемқорлықпен күресу және оның алдын алу шаралары бойынша жаңа, тиімді, шығармашылық шараларды шығарамыз». Осы бағдарламаны Ресейде өте жақсы бағалады. Cанкт – Петербург шенуніктер арасындағы жемқорлықпен күресуі Сеул тәжірибесін пайдаланады. Олардың хабарлауы бойынша, осы бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде Оңтүстік Кореяның астанасында шенеуніктер арасындағы жемқорлық алты есеге кеміді. Осыған орай политкеңес «Оң күш одағы» фракциясына бірқатар заңдар жүйесін шығаруға бұйырды.1

«Open» жүйесі өздік мәні болғанмен жемқорлықпен күресудің кешенді Сеул басымдығының қосымша бөлігі ғана болып табылады. Жемқорлықпен күресу бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1. Превентивті шара барлық әкімшілік салада мемлекеттік реттеудің әлсіздігінде келісіледі. Өз орнында көп уақыт отырған шенеунік өз ведомствосында «сатушы - сатып алушы» жүйесін орната алады. Осылайша Сеулда, басқа мемлекеттердегідей кадр саясаты, жемқорлыққа қарсы саясаттың құрамдас бөлімшесі болып табылады.

2. Сеул қаласының шенеуніктері жасаған қылмыс үшін репрессивті шаралар енгізіледі. Жемқорлыққа нөлдік толеранттік қағиданы жүзеге асыру үшін мэрға тура өтіну жүйесі енгізілді. Бір айда бір рет жауап хаттар жіберіледі.

3. Сеул әкімшілігінің қызмет ашықтылығын «Open» бағдарламасы қамтамасыз етеді. Онымен бірге жемқорлыққа қарсы көрсеткіш индекстері енгізілген.

4. Мемлекеттік қызмет пен жеке азаматтар арасындағы байланыс жоғарыда айтылған бағыттар бойынша жүреді. Сонымен қатар, «Сатып алмаушылық келісімі» енгізілді, оның мақсаты – халыққа қызмет көрсету және тауар жеткізу саласында жемқорлықтың алдын алу. Тауарлардың келуін қадағалайтын шенеуніктер арасындағы пара алмау келісімі жасалған. Осындай келісімді қол қойғанда екі жақ келісімді бұзбауы туралы уәде береді.2 2002 жылы 1 қаңтарда күшіне енген Оңтүстік Кореяның «Жемқорлықпен күресу туралы» заңы бойынша жемқорлықты тергеу кәмелетке толған азаматқа беріледі: Аудит және инспекция бойынша комитет әрбір өтініш толық тергеуі тиіс. Осындай құқықты қиянат етуден азаматтарды заңның бір бабы ұстап тұр, яғни, жемқорлықты өтірік айыптау үшін – 10 жыл түрме немесе 40 мың доллар айыппұл салады.1

Жоғарыда айтылғандай, Сеул жоғары деңгейдегі шығармашылығымен, өнетартапқыштылығы көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет